Мұнай-газ саласындағы қаржылық мәселені қалай шешуге болады?

Алматыда «Қазақстанның мұнай сервис секторын қаржыландырудың мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел жұмысын аяқтады. Оның барысында үкімет, Ұлттық банк, даму институттары, банктер, халықаралық инвестициялық компаниялар, мұнай-газ операторлары мен мұнай сервистік компаниялар сарапшылары саланы қаржыландыру мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Қазақстанның Kazservice мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, North Caspian Operating Company N. V., Теңізшевройл және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. сияқты операторлардан тапсырыстар үлесі көбінесе шетелдік компанияларға кетеді.

«Сонымен қатар, айналым қаражаты бойынша топ 30 компанияның 5-7-і ғана жергілікті болып табылады. Қалған үлесті шетелдік акционерлік капиталы бар компаниялар алады. Бұл жергілікті компаниялар бәсекеге қабілетті емес немесе талаптар мен стандарттарға сәйкес келмейді деген сөз емес. Өз шешімін талап ететін бірқатар проблемалар бар және олардың ішінде әрине, қаржылық қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті бизнеске кредит беру кезінде ЕДБ тарапынан жоғары талаптар мен кепілдіктер, банктердің өтімділігінің жетіспеуі және өтініштерді ұзақ қарау мәселелері бар. Сондай-ақ, бүгінде ірі операторлар ЕДБ-ны кепілгер ретінде мойындамайтынын атап өту қажет. Тағы бір мәселе, бұл реттеушімен шектеулердің орнатылуы, оған сәйкес ЕДБ қазақстандық бизнесті тұрақты келісім – шарттарға қаржыландыра алмайды», – деді Жақсылықов.

CSI-дің аға әріптесі Олжас Худайбергеновтің пікірінше, мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту ел экономикасының өсуінің негізгі драйвері болады. Бұл ретте, қазақстандық қамту проблемасы реттеу және мониторинг тұжырымдамасын өзгертуді талап етеді, олар оң шешімін тапқан кезде, жылдам нәтиже береді.

Бірақ ҚР Ұлттық банкінің өкілі, Қаржы ұйымдарын реттеу және методология департаментінің басқарма бастығы Данияр Нұрманов

реттеушінің Екінші деңгейдегі банктерді банк кепілдігімен жобаларды қаржыландыруда шектемейтінін айтты.

Оның айтуынша, елде кепілдің қатты емес түрлерін мойындауға шектеу бар – бұл болашақта түсетін ақша немесе сақтандыру шарттары. Талаптар жеткізушіге (мұнай сервистік компанияға) емес, тапсырыс берушіге (операторға) қойылатын Off-take (оффтейк) шарттары, бұл жағдайда тапсырыс беруші акцияларының 50% мемлекетке не ұлттық холдингке не ВВ+ төмен емес рейтингі бар жергілікті атқарушы органға не табысының кемінде 70%-ы заңды тұлғаға тиесілі болуы тиіс заңды тұлға болуы тиіс. Екінші шарт – тапсырыс беруші келісім-шартта оның келісім-шарт бойынша өз талаптарын орындаатынын көрсетуі тиіс.

Биржа, ЕДБ, инвестициялық компаниялар өкілдері мұнай сервистік секторға кредит беру, қаржылық кепілдіктер алу бойынша қолданыстағы құралдарды ұсынды.

АХҚО («Астана» халықаралық қаржы орталығы) бизнесті дамыту жөніндегі директоры Нұрлан Есмағамбетов компанияларға қаржы хабының көмегімен инвестиция тартуды ұсынды. Онда банктерді қоса алғанда, ірі халықаралық компаниялар тіркелген.

KazakhExport компаниясының сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мұқажанов бизнеске шетелдегі қазақстандық компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды.

KazakhExport компанияларға банктік төлем кепілдігін сақтандырумен, қарыздарды сақтандырумен, экспорт алдындағы қаржыландырумен, экспорттық сауда қаржыландырумен, тапсырыс берушінің тікелей қаржыландырылуын сақтандырумен көмектесетінін атап өтті.

Бұл ретте «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ компаниясының меншікті капиталы 79 млрд теңгеден астам.

KASE бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов мұнай сервисіне Қазақстан қор биржасында ақша тартуды ұсынды.

Қаржы қызметкерінің айтуы бойынша, IPO (акционерлік қоғамның акцияларын алғашқы жария сату) және SPO (қазіргі акционерлерге тиесілі акцияларды жария орналастыру) капиталды тартудың тиімді стратегиясы жеткілікті.

Осылайша, IPO барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-на 27,9 млрд теңге тартылды, бұл ретте акциялардың 79%-ын жеке тұлғалар сатып алды.

KASE ресми тізімінде мұнай-газ саласының 31 компаниясы ұсынылған, олардың жалпы капитализациясы (2019 жылдың 15 шілдесіне) 8 трлн 794 млрд теңгені құрады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар ірі операторлармен және мұнай сервистік компаниялармен қосымша кездесулер ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Бұдан басқа, Мұнай сервистік компаниялар одағы мүдделі тараптармен бірлесіп мұнай-газ секторындағы қазақстандық компанияларды қаржыландыру мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлеуге ниетті