Мұнай-газ саласындағы дизруптивтік технологиялар.

Мұнай бағасының құбылмалылығы бүгінгі таңда тек геосаяси ахуалға ғана емес, сол сияқты жаңа технологиялардың пайда болуы мен енгізілуіне және процестерді фасилитациялауға да байланысты. Осы уақытқа дейін цифрландыру дегеніміздің не екендігі туралы – жұмыстар ма (Artificial Intelligence), қызметтерме (Clouds computing) немесе тауарлар ма (IIOT) -айқын анықтама жоқ. Дегенмен де бұл сөзқор жасауды табысты түрде тартуда – компаниялар бұрынғыдан да көп пайда әкелетін жаңа шешімнің туындауын күтіп, қаржы салуға әзір. «Цифрландыру» сөзісіз өтетін қандай болмасын конференция, форум не болмаса бизнес кездесулер аз. Күрделі таңдау жасаған кезде жаңылыспас үшін және венчурлық қаржыландырудың тұтқынына айналмас үшін, бүгінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы цифрландыру облысында қандай трендтердің қалыптасуда екендігін  айқын түсіну қажет.

Дүниежүзілік экономикалық форумның талдамалық есептерінің деректеріне сәйкес, цифрлық трансформация мұнай-газ саласының кірістілігін $1 трлн-ға ұлғайта алады. Бұл ретте, мұнай-газ саласы ең цифрландырылмаған салалардың бірі болып табылады.

Мұнай-газ секторы Қазақстан экономикасында маңызды роль атқарады, мемлекеттік бюджет кірістеріндегі мұнай-газ секторының үлесі 2015-2017 жылдары 31-41% құрады. Ағымдағы сын-тегеуріндер жағдайларында мұнай-газ саласын цифрландыру  ел экономикасына бұдан да көбірек пайда әкеле алады. «Атамекен» ҰКП мен «Қазэнерджи» қауымдастығы жанынан құрылған Petrocouncil.kz кеңесінің есептеулері бойынша, Қазақстанда 2018 жылы республиканың мұнай-газ саласындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер  (ТЖҚ) сатып алудың жалпы көлемі 6 трлн. теңге ($16 млрд) құраған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Бұл ретте ақпараттық технологиялар нарығы $180 млн. құрайды және де оның негізгі бөлігі үш аса ірі оператордың  сатып алуларына тиесілі. Алайда, осы бюджеттің 90 %-дан асасын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуші шетелдік  компаниялар алады. Шетелдік жеткізушіні жергілікті жеткізушімен қалай алмастыратындығын әр компания өзі шешеді.

Цифрландыру сын-тегеуріндері

Цифрландыру ғасырының сын-тегеуріндері тек мұнай-газ саласына ғана тән мәселелерді ашып көрсетті. Мәселен, технологияларды енгізуге технологиялық және ұйымдастырушылық әзірлікмұнда басқа салалармен салыстырғанда төмен екендігі түсінікті болды. Технологияларды енгізу үшін үлкен қаражат жұмсалымдары қажет, бұл ретте цифрландыруға бөлінген бюджеттер шектеулі. Киберқауіпсіздік мәселелері мұнай-газ секторының барлығы үшін тағы бір челленджге айналды. Бірақ, цифраландырудың Қазақстандағы бүгінгі таңдағы басты «жанды жері» үлкен деректер болып табылады.Есептілік және мониторингтеу жүйесін талдау қолданыстағы жүйенің проблемаларын көрсетті: есептіліктің екі арнасының бар  болуы жәнеБМБЖжәнеМГ АТО арасындағы деректердің айырмашылықтары; деректерді қолмен енгізу; шикі (тауарлық емес) мұнай бойынша есептіліктің жоқ болуы; саланың әрбір субъектісі бойынша тауарлық және шикі мұнай бойынша материалдық баланстарды жедел кешенді айқас талдаудың мүмкінсіздігі. Бұл себептердің барлығы  МЕАЖ – Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесін құру үшін себеп болды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай және газ конденсаты өндірісі және айналымы облысында қызметін жүзеге асыратын, өз кәсіпорындарын бақылау есепке алу аспаптарымен (БЕА) жарақтандырмаған субъектілердің барлығы Қазақстанда өз қызметтерін жүзеге асыра алмайтын болады. Бұл жөнінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» Заңның 144-бабы айғақтайды. Құжатқа сәйкес, өндіруші, тасымалдаушы және өңдеуші компаниялар өз инфрақұрылымын мұнайды бақылау және есепке алу аспаптарымен жарақтандыруы және бұл деректерді Энергетика министрлігінің ақпараттық жүйесіне онлайн режимде автоматты түрде табыстап отыруы тиіс (24 сағатта 1 рет). МЕАЖ міндеті айналымдағы шикі мұнайдың және тұтынушыға жеткізу үшін дайындалған газ конденсатының саны туралы деректерді күн сайынғы жинау, өңдеу және пайдалануды автоматтандыру болып табылады.

Бұдан басқа, қазақстандық мұнай-газ және мұнай сервисі компанияларынЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексінің 75-бабы 6-тармағы бойынша бұлттық технологияларды және тиісінше машинамен оқытуды және жасанды интеллектіні тек Қазақстанның аумағында ғана пайдаланумүмкін екендігі алаңдатуда. Бұл бас кеңселері шетелде орналасқан осы компаниялар талдауларын Қазақстанда жүргізуі тиіс дегенді білдіреді.

Бұл ретте, шетелдік мұнай-газ компаниялары да, мұнай сервисі компаниялары да Қазақстандағы жобаларда белгілі бір уақыт жұмыс істейтіндіктерін, яғни мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен және цифрландыруға ұзақмерзімді инвестициялармен айналысуды жоспарламайтындықтарын мойындайды. Компаниялар «біз нарықтан дайын шешімдерді сатып аламыз» стратегиясын пайдаланады, ал мұндай шешімдерді SAP, Microsoft, OsiSoft секілді және т.б. белгілі трансконтиненталды брендтер ұсынады.

Атырауда Petrocouncil кеңесі ұйымдастырған «Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрландыру» конференциясында НКОК компаниясының АТ және ақпаратты басқару жөніндегі Бас менеджері Иво Алберс–операторлардың жаңа технологиялар, бизнес-тиімділік және өндірістік процестер түйісінде білімі бар кадрлар іздейтіндіктерін мәлімдеді. НКОК отандық компанияларды көргісі келетін стратегиялық бағыттар – үлкен деректерді басқару, сақтау және тасымалдау процестерін фасилитациялау.

Аса ірі қазақстандық операторлардың АТ қызметтерін қажетсінулері ұқсас: компанияларды цифрлық егіздер, лазерлік сканерлеу технологиялары, жасанды интеллект және деректерді басқару қызықтырады. «Теңізшевройл» ЖШС ақпараттық технологиялар бөлімінің жоспарлау тобының менеджері Радомир Дороциакаталған конференцияда: «ТШО-ның Теңізде екі энергия ағыны бар – ол құбырмен жүретін көмірсутек және деректер ағыны. Деректер – бұл компанияның активтері, олардың құндылығы үлкенірек бірдеңе туралы түсінік беру қабілеттерінде. Неғұрлым көп деректер пайдаланған сайын, олар соғұрлым құндырақ болады. Радомир Дороциактың пікірінше, жобалардың бірін – көлік құралдарының қауіпсіздігін – отандық мамандар жүзеге асыра алар еді. Бүгінгі таңда ТШО-ның 9000 көлік құралы (жүк автомобильдері, автобустар, жеңіл автомобильдер); 20 000 жүргізушісі бар; 2018 жылы 176 000 000 км-ден аса жол жүріліп өтті. Технологиялар Атырау облысындағы логистиканы анағұрлым қауіпсіздірек етуге мүмкіндік берер еді».

Отандық цифровизаторлар әзір ме?

Таңданарлық, алайда Қазақстанның әртүрлі қалаларында құрылған хабтар, акселераторлар мен инкубаторлар өндірісті трансформациялауды көздемейді. Бұл ретте, дәл өндірістік процестерді фасилитациялау ең үлкен қаржылық және экологиялық пайда әкеледі.  Дәл осы себепті де Қазақстаның Батысында Atyrau HUB, мұнай-газ саласындағы  зерттеулерді, мұнай және газ өндіру, тасымалдау және өңдеу процестерін цифрландыруды жаңа технологиялық шешімдерді дамыту арқылы ынталандыратын алаң құру шешімі қабылданды. Atyrau HUB бүкіл батыс өңірі үшін мұнай-газ саласының мамандарын дайындайтын APEC PetroTechnic Жоғарғы колледжінде орналасады.

Atyrau HUB алаңында құрылған экожүйе барлық мүдделі тараптардың өздеріне қажеттерін табу үшін мүмкіндік береді: жер қойнауын пайдаланушыларға – процестерді оңтайландыру, шығыстарды үнемдеу және қазақстандық қамтуды дамыту; стартаптарға – менторлық, дамуға және масштабталуға инвестициялар; инвесторларға – масштабталатын, маржиналдық жобалар арқылы пайданы ұлғайту; мемлекетке –инновациялардың экожүйесін дамыту, бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындары мен басқа өңірлерге «милардың жылыстауын» тоқтату.

Технологиялардың көмегімен шешімін табуға болатын маңызды міндеттердің бірі – транспарентті, электрондық сатып алулар сол қалпында қиял болып қалып отыр. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің  және үш ірі мұнай-газ операторлары ҚПО, НКОК пен ТШО бастамасы бойынша Ақтау декларациясының шеңберінде жеткізушілер мен операторлардың автоматты өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету үшін құрылған АЛАШ Бірыңғай деректер базасы нарықты тек жартыай ғана жапты. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы үшін сатып алудың электрондық жүйесін құру мәселесі бұрынғышаөзекті болып отыр.

Қазақстанның мұнай-газды цифрландыру нарығында қалыптасқан тағы бір тренд – қолда бар шешімдерді операторлардың талаптарына келтіріп бейімдеуге қабілетті жүйелік интеграторларды жобаларға тарту. 2007 жылы-ақ жоғары технологиялық науашаға иелік ете алған алғашқы қазақстандық компания – жүйелік интеграциядағы бүгінгі көшбасшы Norsec Delta Projects компаниясы болып табылады. Жүйелік интегратор беретін артықшылық компаниялардың велосипедті ойлап таппай, дайын шешімді сатып алу стратегияларымен үндес.

Жаңа технологиялар нарығында қалыптасқан екінші үрдіс – ол басқа салалардағы табысты жобаларды мұнай-газ саласына көшіру. Мысалға, Қазақстанда белгілі болып табылатын, университетте стартап құрған Flywor алдымен ауыл шаруашылығында фермерлерге ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйе) қызметтерін көрсеткен, ал кейін, алдын-ала NASA-мен шарт жасасып, қызметтерді мұнай-газ саласының қажеттіліктеріне бейімдеген.

Сонымен,  Қазақстанда мұнай-газ саласын цифрландыру жолдың басында ғана  тұрғанымен,әлемдегі әртүрлі елдерден кәсіби шебер мамандарды және технологияларды белсенді түрде тартуда, ал бұл таяудағы жылдары Қазақстандық АТ нарығын алға қарай қозғалыс күтіп тұр дегенді білдіреді.

Раушан Найзабаева. Petrocouncil менеджері

Фото: freestockimages.ru