Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Италия мұнай-газ саласы жеткізушілерінің форумы өтеді

Қазақстан-Италия мұнай-газ саласы жеткізушілерінің бірінші форумы ағымдағы  жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанның астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, италиялық Eni компаниясының, «Kazenergy» қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП), Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесінің (Petrocouncil), Италия Сауда палатасының, мұнай-газ саласындағы қазақстандық және италиялық шағын және орта кәсіпорындардың өкілдері қатысатын болады.

Форумға қатысушылар алдында ҚР энергетика вице-министрі Махамбет Досмухамбетов, Италия үкіметінің өкілі Луиджи Ди Майо, «Казэнерджи»қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов,  Eni компаниясының Орталық Азия бойынша атқарушы вице-президенті Лука Виньятиқұттықтау сөз сөйлейді.

 «Атамекен» ҰКП мұнай-газ саласының аса ірі операторларымен ынтымақтасу және мұнай сервисі қызметтерін дамыту жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жакиевpetrocouncil.kz үшін айтып бергендей, форум барысында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (ҚПО) және ҚазМұнайГаз (ҚМГ) сияқты ірі мұнай-газ операторларының өкілдері таныстырылыммен сөз сөйлейді. Олар компания қызметінің өзекті  бағыттары, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушілермен ынтымақтастық мүмкіндіктері  туралы айтып береді. Форумға қатысушылар мұнай-газ операторларының өкілдеріне өздерін қызықтыратын сұрақтар қоя алады, В2В кездесулерін өткізе алады.

«Атамекен» ҰКП Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларындағы түрлі шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасында халықаралық сауда  ынтымақтастығына жәрдемдесуге ұмтылады. Мұнымен қоса «Атамекен» «Казэнерджи» қауымдастығымен бірлестікте қазақстандық қамтуды дамыту үшін барлық күшті жұмылдыру мақсатында Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесін (Petrocouncil) құрды. Қазіргі уақытта Кеңес қазақстандық негізгі мұнай-газ операторларымен тығыз ынтымақтастықта және жергілікті контентті дамытуды, өндірісті жергіліктендіруді және бірлескен кәсіпорындар құруды ілгерілетуде», – деп атап өтті Асылбек Жакиев.

Мұнай-газ саласы жеткізушілерінің бірінші Қазақстан-Италия бизнес-форумы KAZAKHSTAN ENERGY WEEK энергетикалық форумының және  республика астанасында 2019 жылғы 23-29 қыркүйекте өтетін ХII KAZENERGYЕуразия Форумының шеңберінде ұйымдастырылған.

    Форумға тіркелу