Нұр-Сұлтанда өндірісті оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту бойынша форум өтеді

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Kazakhstan Energy Week 2019 шеңберінде Өндірісті оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктері туралы форум өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнай-газ кен орындарының оператор компанияларының, «Kazenergy» қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының (ҰКП), «PSA» ЖШС, тауар өндіруші кәсіпорындардың өкілдері қатысады.

Форумның негізгі мақсаты – мұнай-газ өнеркәсібі үшін өнім өндірушілердің отандық нарығын дамытуды ынталандыру, шетелдік өндірушілермен бірлескен кәсіпорындар құру жолымен тауар өндірісін оқшаулау болып табылады.

Мұнай-газ операторларының өкілдері – ТШО, NCOC және ҚПО жергілікті қамтуды дамыту бойынша өз қызметі туралы айтып береді.

Форумға қатысу үшін өндірісті оқшаулауға және қазақстандық қамтуды дамытуға мүдделі бизнестің 125 өкілі тіркелді.

Форумның ұйымдастырушысы «Атамекен» ҰКП мен «Kazenergy» қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейтін – Petrocouncil.kz – мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес болып табылады.