Нұр-Сұлтанда мұнай-газ саласының ірі жобаларында жергілікті қамтуды дамыту форумы өтті

27 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Kazenergy week 2019 шеңберінде Конгресс-орталықта Petrocouncil.kz  Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен «Мұнай-газ саласының ірі жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктері және оқшаулауды дамыту» форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты өндірісті оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту мәселелерін талқылау болды. Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігі, «Қазэнерджи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП, бірегей құрал-жабдықтарды өндірушілер, мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар мен түрлі Жабдықтаушылар, соның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (ҚПО) сияқты компаниялар қатысты.

Мәселен, ТШО өкілдері кәсіпорынның жергілікті өндірушілерді дамыту және тарту есебінен жергілікті қамту үлесін арттыруға ұмтылатынын – қазіргі таңда тауарлар мен материалдардың 45-тен астам түрі компанияның дамуында екенін айтты. Ол өз жеткізушілерін өндірісті оқшаулауға, білім беруге, мемлекет меншігіне алуға бағыттайды. Тұрақты жеткізушілерде және OEM-өндірушілерде Қазақстандық қамту бойынша шамамен 100 жоспардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

НКОК өкілдері жергілікті кәсіпорындарда халықаралық стандарттарды енгізу жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған Жеткізушілерді жетілдіру бағдарламасы аясында NCOC қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

2006 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде американдық инженер-механиктер қоғамының (ASME) және америкалық мұнай институтының (API) – 10 жергілікті өндіруші стандарттарына сәйкес сәтті сертификатталған.

ҚПО Қазақстанда жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын құру мәселелері бойынша жергілікті өндірушілердің халықаралық өндірушілермен өзара іс-қимылы арқылы немесе Ұлыбританияның халықаралық сауда департаменті (UK DIT), Италия-Қазақ сауда палатасы (CCIK), инвестицияларды тарту, технологиялар трансфертін қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ саласындағы голландтық өнім берушілер қауымдастығы (IRO) сияқты халықаралық қауымдастықтармен ынтымақтастық арқылы жергілікті компаниялардың қатысуымен әріптестік мәселелері бойынша қолдау көрсетеді.

Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің хатшысы Асылбек Жәкиев форумға қатысушылар тәжірибемен белсенді түрде бөлісіп, өндірісті оқшаулау, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі алдағы жоспарларды талқылағанын атап өтті. Қазақстандық кәсіпкерлердің ірі мұнай-газ операторлары өкілдерімен келіссөздер жүргізу және қызықтыратын сұрақтар қою мүмкіндігі болды.