Нұр-Сұлтанда жаңғыртылатын энергия көздері бойынша саммит өтеді

2019 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан астанасында халықаралық индустриалдық алаң – Kazakhstan Energy Week 2019 шеңберінде жаңғыртылатын энергия көздері бойынша саммит өтеді, оның жұмысына  әлемнің әртүрлі елдерінен 300-ден аса делегат пен спикер қатысады.

Ұйымдастырушылар атап көрсетіп отырғандай, Саммиттің басты міндеті – жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланудың «қосталуын» және оған «қарсылықты» талдау, сонымен қатар елімізде және бүкіл әлемде «жасыл» келешек құруға үлес қосуды көздейтін озық идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру.

Жоба, сол сияқты, бүкіл әлемнен жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы халықаралық әзірлеушілерді, инвесторларды және жеткізушілерді, сонымен қатар жетекші мамандарды Қазақстанға тарту стратегиялық міндетін де шешеді.

Жаңғыртылатын энергия көздері бойынша саммиттің (Renewable Energy Summit 2019) ұйымдастырушылары – Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика қауымдастығы. Бұл «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес  ұйым. Іс-шараның қоса ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры болып табылады.

Іс-шара «Kazenergy» қауымдастығы Қазақстан үкіметінің қолдауымен жүзеге асыратын KazakhstanEnergyWeek 2019 (KEW-2019) шеңберінде өтеді.

Саммит спикерлерінің қатарында: Рае Квон Чунг, бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты; «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі халықаралық комитеттің мүшесі, Аркадий Дворкович, РФ «Сколково» Қорының төрағасы, Болат Ақшолақов, «Kazenergy» қауымдастығының басдиректоры, Руслана Лыжичко, Украинаның халық әртісі, Владимир Школьник, ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі, Альберт Рау, ҚР Мәжілісінің депутаты, ДәрменСәдуақасов, «DascoConsultingGroup» басқарушы әріптесі және басқалар.

Форум қатысушылары Қазақстанда және әлемде жаңғыртылатын энергияны дамытудың бірқатар стратегиялық маңызды және өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Жаңғыртылатын энергияның келешегі қандай: жаһандық үрдістер және қазақстандық тәжірибе. ЖЭК дамытудың Қазақстанда қандай қаржылық құралдары мен  инвестициялық мүмкіндіктері бар? ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық: нәтижелері мен келешегі. Қазақстандағы ЖЭК облысындағы анағұрлым табысты жобалар рейтингі.

Сонымен қатар Саммитте ықтимал  инвесторлар үшін  ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы таныстырылымы өтеді.