NCOC шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру үшін не істеуде

Қазақстандықтарды шетелдік кәсіпорындарға жұмысқа тұруға тарту,сонымен қатар шетелдік персоналды жергілікті кадрлармен ауыстыру мәселелері республиканың мұнай-газ секторында өзекті болып қалып отыр. Ірі мұнай-газ операторлары қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қандай жұмыстар жүргізеді? North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясында осы жөніндегі ақпаратпен petrocouncil.kz -пен бөлісті.

NCOC компаниясында шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру бойынша өздерінің ортамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттарына қол жеткізуге арналған құралдар ретінде оператордың кейіннен оқыту және компаниядағы ұзақмерзімді мансабын қамтамасыз етумен қазақстандық персоналды анықтауға және іріктеуге арналған арнайы мақсаттық бағдарлама әзірлегендігін атап өтті.

«1998 жылдан бастап Қазақстанның 16 мыңнан астам азаматы NCOC қызметкерлері немесе NCOC көмек көрсететін жергілікті компаниялардың жұмыскерлері ретінде оқытудан өтті. Жиырма жылдан аса кезең ішінде оператор Солтүстік Каспий жобасын жергілікті кадрларменіске асыру үшін жергілікті әлеуетті қалыптастыру мақсатында біліктілікті жоғарылатуға және кәсіби оқытуға $263 млн жұмсады», – деп хабарлады компанияда.

Тек 2018 жылдың өзінде ғана 115 студент NCOC компаниясында жазғы тәжірибеден өтті. Бағдарлама жергілікті студенттердің халықаралық мұнай-газ компаниясында нақты жағдайларда жұмыс істеп, саладағы ең заманауи жабдықтарда практикалық машықтануына мүмкіндік береді.

Бұл ретте өткен жылы консорциум акционер-компаниялармен бірлесіп Халықаралық тәлімдеме бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама NCOC қызметкерлеріне, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ұлттық  компаниясынан іссапарға жіберілген қызметкерлердің өзкәсіби біліктіліктерін жоғарылату, білімдерін кеңейту және компаниядағы келешектегі лауазымдарына дайындалу мақсаттарында шетелде, Солтүстік Каспий жобасының акционер-компанияларында екі жылға дейін жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.

 Бұдан басқа, оператор 3 мыңнан аса Қазақстан студенттерін республикадағы және шетелдегі 80 оқу орнында оқытуда демеушілік көмек көрсетті. Бұл мақсаттарға жұмсалған демеушілік шығын ақшалай түрде$7,5 млн құрады.  NCOC қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал «Kazenergy» Қауымдастығы NCOC қызметкерлері болып табылмайтын Қазақстан азаматтарын университеттерде, колледждерде немесе басқа оқу орындарында оқытуды қоса, мұнай-газ саласымен байланысты мамандықтарға академиялық оқытуға арналған арнайы қорды басқарады. Қордың ақшалай қаражаты конкурстық негізде бөлінеді.

2018-2019 оқу жылында NCOC 42 оқу орнында білім алып жатқан 388 студентке демеушілік қолдау көрсетті, олардың жүзге тартасы Атырау облысының тұрғындары болып табылады.

Компания жуырда құрылған Қазақстан теңіз академиясына қолдау көрсетеді. 2018 жыл Алматыдағы Қазақстан-Британия техникалық университетімен (ҚБТУ) қол қойылған меморандумға сәйкес Қазақстан теңіз академиясын (ҚТА) қолдау бағдарламасының бірінші жылы болды. ҚТА осы оқу орнының аясында құрылған. Қаржылық көмек үш жылға $900 мың құрайды. Ол ҚБТУ-да теңіз жаттығу қондырғыларын ұстап тұрауға және 26 кадетті теңізде өмір сүруге бейімделуге оқытуда көмек көрсетуге және Қазақстанның Омандағы Халықаралық Теңіз Ұйымының (ХТҰ) «ақ тізіміне» енгізілуі үшін негізгі алдын ала шарт болып табылатынХТҰ сертификаттау бағдарламасына қатысуға бағытталған.

Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру.

NCOC компаниясында «Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің» (СКӨБК) 27-бабында мұнай операцияларын орындауда жұмыс атқаратын қазақстандық персонал санының жалпы мақсаттық көрсеткіштері көрсетілгендігін атап өттті. Бүгінгі таңдаҚашаған кен орнын игеру жобасының 1 кезеңі шеңберінде бұл мақсаттық мәндерасыра орындалды. Атап айтқанда, қазіргі мезетте компанияның басшы лауазымдарының 80%-ын жергілікті персонал атқарады. Сонымен қатар жергілікті кадрлар инженерлік-техникалық лауазымдардың, әкімшілік персонал лауазымдарының және білікті мамандардың  95%-ын алып отыр. 100% жұмысшы және көмекші лауазымдарды жергілікті персонал атқарады.

2018 жылы басқарушы персонал арасындағы қазақстандық азаматтардың үлесі алдыңғы жылғы 75%-бен салыстырғанда 80%-ға дейін ұлғайды, бұл 2017 жылы кеңселік және көмекші функциялардың қайта құрылымдалуымен байланысты.

«Бұл келешек кеңейту жобаларына жататынжоба бойынша қысқа мерзімге техникалық сарапшыларды тартуды қажет еткен қосымша жұмыстарға байланысты орын алды», – деп атап көрсетті NCOC компаниясында.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың аяғына NCOC операциялық компаниясының 3 мыңға тарта қызметкерлерінің 90%-ы Қазақстан азаматтары болып табылады.  Солтүстік Каспий жобасына қатыстырылған 10 мыңнан аса жұмыскерлердің 92%-ы – қазақстандықтар.

Еске сала кетейік, North Caspian Operating Company N.V. 1997 жылы қол қойылған және Қазақстандағы Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған сияқты теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеруді жүзеге асырып жатқан  Солтүстік Каспий Жобасының операторы болып табылады.

Консорциум мүшелерінің жобадағы үлестері: ҚМГ Қашаған Б.В – 16,88%, Аджип Каспиан Си Б.В. – 16,81%, ЭксонМобил Қазақстан Инк. – 16,81%, Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.- 16,81%, Тоталь ЭиП Қазақстан – 16,81%, CNPC Қазақстан Б.В. – 8,33% және Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд – 7,56%.

Фото: ncoc.kz