Рус Қаз

NCOC және жергілікті қоғамдастық COVID-19-ға қарсы күресте күш біріктірді

Қуанышбек Мұқанов, NCOC Денсаулық, еңбек, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі директоры
Жылдам таралатын COVID-19 вирусы біздің планетамыздың әр бұрышына жетті. Әлемдегі көптеген компаниялар пандемияны жеңу үшін көп күш жұмсауда. Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ өндіруші компаниялардың бірі - NCOC елімізде алғашқылардың бірі болып COVID-19 вирусының таралуын болдырмау бойынша нақты шараларды енгізе отырып, өзінің ескертпелі тәсілін әзірледі.
Денсаулықты қорғау, адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету NCOC компаниясының негізгі құндылығы болып табылады. Бұл компания қызметкерлеріне де, мердігерлердің қызметкерлеріне де бірдей қолданылады. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, компания 90 күн бойы жұмыс істейтін шектеулері бар өзінің өндірістік учаскелері үшін тұжырымдама жасады. Осы іс-қимыл жоспарына сәйкес:
1) Компания объектілерінде жұмыс басталғанға дейін өндірістік персонал үшін міндетті карантин енгізілді. NCOC алғашқылардың бірі болып Атырау қаласында COVID-19-ға экспресс-тест енгізді. 14 күндік карантиннен кейін объектінің барлық негізгі персоналы өндірістік учаскелерге кіру үшін ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді.
2) NCOC нақты іс-қимыл жоспарын әзірледі, онда COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайы туындаған жағдайда негізгі іс-әрекеттер, рөлдер мен міндеттер нақты айқындалған. Осылайша, компания өз қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету шаралары аясында коронавирустың алғашқы айларында бір реттік маскалар беруді қамтамасыз етті, бұл уақытта дәріханалар медициналық бетперделердің жетіспеушілігіне тап болған еді.

Medical вектор создан(а) freepik - ru.freepik.com
1) Компания объектілерінде жұмыс басталғанға дейін өндірістік персонал үшін міндетті карантин енгізілді. NCOC алғашқылардың бірі болып Атырау қаласында COVID-19-ға экспресс-тест енгізді. 14 күндік карантиннен кейін объектінің барлық негізгі персоналы өндірістік учаскелерге кіру үшін ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді. 2) NCOC нақты іс-қимыл жоспарын әзірледі, онда COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайы туындаған жағдайда негізгі іс-әрекеттер, рөлдер мен міндеттер нақты айқындалған. Осылайша, компания өз қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету шаралары аясында коронавирустың алғашқы айларында бір реттік маскалар беруді қамтамасыз етті, бұл уақытта дәріханалар медициналық бетперделердің жетіспеушілігіне тап болған еді.
Наурыз айынан бастап NCOC медициналық жабдықтар мен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізе бастады. Атап айтқанда, Компания COVID-19 бар пациенттер ем қабылдап жатқан Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтарды жеткізді. Бұл балалар мен ересектерге арналған өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ), ЭКГ функциясы және сыртқы кардиостимуляциясы бар дефибрилляторлар, қарқынды терапияға арналған көп функциялы төсектер, портативті ультрадыбыстық диагностикалық аппарат, түрлі анализаторлар, мониторлар және тағы басқалар. Айта кететіні, жұқпалы аурулар ауруханасы 2016 жылы Атырау қаласында NCOC инфрақұрылым және әлеуметтік мақсаттағы жобалары аясында салынған. Бүгінде бұл облыстағы шұғыл медициналық көмек көрсететін негізгі мекеме.
Сондай-ақ, бірқатар облыстық медициналық мекемелерге мыңнан астам түрлі шығын материалдары (соның ішінде эндотрахеальды түтіктер, орофарингеальды ауа өткізгіштер, дефибрилляторларға арналған электродтар және тағы басқалар) және санитарлық-гигиеналық құрал-жабдықтар (салфеткаларға арналған таратқыштар, шынтақ дозаторлары, сыққышы бар шелектер және т.б.) берілді. Сондай-ақ, NCOC британдық қарқынды терапия дәрігерін арнайы шақырды, ол COVID-19 пациенттерін қарқынды емдеу бойынша жергілікті дәрігерлерге тұрақты оқыту курстарын, семинарлар мен кеңестер өткізеді. Маңғыстау облысының медициналық мекемелері үшін NCOC жедел медициналық жәрдемнің үш автокөлігін және көптеген өмірлік қажетті жабдықтар, оның ішінде өкпені жасанды желдетудің заманауи жабдықтарын, көпфункционалды төсектерді, дефибрилляторларды, медициналық қызметкерлер үшін дезинфекциялық құралдар мен жеке қорғаныс құралдарын және тағы басқаларды ұсынды. Медициналық құралдар мен жабдықтардың тағы бір жеткізілімі жолда.
Сатып алынған және сыйға берілген жабдықтар мен қызметтердің жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайды.
Денсаулық сақтау жүйесіне көмектесуден басқа, NCOC жергілікті мектептерге де көмектесу туралы шешім қабылдады. Компания балаларды онлайн режимде оқытуға арналған компьютерлер берді. Компьютерлер Атырау білім беру департаментіне мұқтаж отбасылардан шыққан оқушылар арасында тарату үшін жеткізілді. Барлығы NCOC компаниясы Windows 10 бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған 1 200-ден астам компьютер берді.


NCOC қызметкерлері, оның ішінде мердігерлер мен қосалқы мердігерлер де шетте қалмай, #bizbirgemiz ("Біз біргеміз") науқаны аясында іске асырылған аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін қаражат жинау бойынша өз бастамасымен шықты. 4 апта ішінде шамамен 2,5 миллион теңге жиналды. Әлеуметтік алшақтыққа қарамастан, адамдар қоғамның ең осал мүшелеріне көмек қолын соза отырып, бір-біріне қолдау көрсету үшін тапқырлық танытады.
COVID-19 пандемиясымен күрес әлі аяқталмағандықтан, Компания Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына қолдау көрсетуді жалғастыруда. NCOC жұмыс істеген жылдар ішінде жергілікті қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне айналды және компания үшін осы қиын уақытта қолдан келгенше қолдау көрсету өте маңызды болып табылады.