NCOC жергілікті жұртшылыққа COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресуге қол ұшын созуда

Осы аптада NCOC №2 Атырау облыстық ауруханасының қарқынды терапия бөліміне қосымша медициналық құрал – жабдық, оның ішінде өкпені жасанды желдету заманауи аппараттарын, жеке сақтану құралдарын, сонымен қатар Атырау өңірінің өзге де медицина мекемелеріне антибиотиктерді, инфузиялық ерітінділерді, зарарсыздандыру құралдарын табыстады.

Осыдан бұрын NCOC компаниясының Басқарушы директоры Ричард Хоув атап айтқандай, «біз осындай шараларды алдағы уақытта да жалғастырмақпыз. Жақын арада Атырау және Маңғыстау облыстарының медицина қызметкерлері үшін медициналық құрал -жабдық пен жеке сақтану құралдарының тағы бір партиясының жеткізілуін күтудеміз».

Сонымен қатар NCOC арнайы тапсырысымен қарқынды терапия бойынша маманданған ұлыбританиялық дәрігер COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырып алған науқастарды қарқынды терапиямен емдеу бойынша жергілікті дәрігерлерге тұрақты түрде оқыту курстары мен семинарлар өткізіп, кеңес беруде.

Бұған дейін NCOC жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық сомаға өкпені жасанды желдету аппараттарымен, шығын материалдарымен және басқа да қарқынды терапия жабдығымен қамтамасыз еткен.

Денсаулық сақтау жүйесінен бөлек, NCOC мемлекеттік органдармен келісе отырып, балалар онлайн режимінде білім алуы үшін артық компьютерлерді табыстау арқылы білім беру мекемелеріне қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

10 сәуірде NCOC өңірдегі мектептердің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен алғашқы 100 компьютерді табыстады. Компьютерлер Атырау облысы Білім беру басқармасына мектептерге тарату үшін жеткізілді, кейін олар жағдайы төмен отбасылардың балаларына жіберіледі.

Жалпы алғанда, NCOC компаниясы шамамен 1200 компьютерді сыйға тартпақ.

Уақыт өте келе қалыптасқан NCOC компаниясының жергілікті жұртшылықпен байланысы нығайып келеді. Компания үшін осындай қысылтаяң кезде жұртшылыққа мүмкіндігінше қол ұшын созу өте маңызды.