Неге қазақстандық компаниялар ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға қатыспайды? Сарапшының пікірі

Таяуда республика президенті үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға мұнай-газ компанияларына отандық тауарлар мен қызметтерді жеткізуді арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Алайда қазақстандық мұнай сервистік компаниялардың өздері осындай қызмет көлемін орындауға қаншалықты дайын? Бұл және басқа да сауалдарға petrocouncil.kz сұхбатында Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының Бас директоры Нұрлан Жұмағұлов жауап берді.

– Президент Тоқаев жақында мұнай-газ компанияларын жобаларға жергілікті компаниялар мен жергілікті мамандарды белсенді тартуға шақырды. Нұрлан, айтасызба, отандық өнім берушілер операторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаншалықты дайын? Ірі жобалардың қатысушылары болу үшін оларға не жетіспейді?

– Бірінші кезекте біздің қазақстандық компанияларға ірі жобаларды іске асыру үшін ақша жетіспейді. Мысалы, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Болашақ кеңейту жобасын алайық. Құрылыс жұмыстарының бюджеті мұнда үлкен. Кез келген тапсырыс беруші ірі мердігерлікті бірнеше лоттарға бөлгенше,  тәуекелдерді азайтып, ірі мердігерді таңдап, оған барлық жауапкершілікті жүктеуге тырысады. Алайда мұндай мердігерліктерді қазір осындай қымбат жобаларды іске асыру тәжірибесі бар ірі шетелдік компаниялар ғана басқара алады.

– Әңгіме қандай көлемдер туралы?

– $300 млн-нан асатын мердігерліктер туралы. Біз Isker, Нефтестройсервис, Ариадна және Монтажспецстрой сияқты қазақстандық жетекші мұнай сервистік компаниялардың өкілдерімен сөйлестік. Олар $200 млн-ға дейін бағаланған жобаларды жүзеге асыра алатынын айтады.  Ал одан жоғары сома бойынша оларға банктік кепілдікті қамтамасыз ету қиын. Біздің қазақстандық банктер келісім-шарт бойынша қаржыландыруға дайын емес. Өйткені Ұлттық банк тұрақты кепілзат талап етеді. Ал мұнай сервисі – бұл бірінші кезекте жұмысшылардың инженерлік құрамы. Мұнай сервистік компанияларда көптеген кепіл мүлкі жоқ.

Бұл бүгінгі күні еліміздің мұнай сервистік компанияларының ең басты мәселесі. Яғни, ірі лоттарды қазақстандық кәсіпорындар да жобаларға қатыса алуы үшін шағын лоттарға бөлу қажет және қазақстандық банктер келісім-шартпен несие бере бастауы қажет.

– Егер қателеспесем, қазақстандық жеткізушілер тапсырыс бюджетін $20 млн-нан $10 млн-ға дейін төмендетуді сұрап отыр.

– Иә, әңгіме операторлармен күрделі жобалардан тыс жүзеге асырылатын жобалар бюджеті туралы болып отыр. ТШО-да, мысалы, $25 млн-нан астам жұмыстарды оператор Қазмұнайгазбен келіседі. Ал одан төменнің бәрін кәсіпорын өзі шешеді: мердігерлерге кімді таңдауды.

Осыған ұқсас шектеулер Қашаған және Қарашығанақ жобаларында бар. Мұнда қазақстандық тараппен, яғни ҚР Энергетика министрлігінің атынан өкілдік ететін өкілетті орган «PSA» ЖШС-мен келісілетін сома $20 млн. тең.

Міне енді PSA бұл деңгейді $10 млн дейін төмендетуді ұсынады. Бұл норма 10 жылдан астам уақыт бұрын бекітілген болатын. Содан бері бірнеше девальвация болды. Тиісінше, доллар аздап қымбаттады. Алайда, әзірге бұл мәселелер бойынша келісімге әлі күнге дейін қол жеткізілген жоқ.

Мұнай сервис саласында жалпы саны 180 мың адамнан асатын кемінде 1000 компания жұмыс істейді. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай сервистік қызметтер айналымы жылына орташа есеппен 8 млрд. $ құрайды. Мұнай өндіретін компаниялардың барлық сатып алуларының 55-60%-ы мұнай сервисіне тиесілі. KazService мәліметтері бойынша.

– Бүгінгі таңда мұнай сервистік тапсырыстарды игеру бойынша бөлу қандай?

– Егер өткен жылдың қорытындысы бойынша есептесе, нарықтың жартысын жергілікті, ал қалған жартысын шетелдік компаниялар игеруде.

Бірақ күрделі және өндірістік жобаларға бөлу керек. Егер өндірістік жобалар  ағымдағы жұмыстар болса, күрделі жобалар – бұл көп капитал салымын талап ететін қысқа мерзімді жобалар. Әдетте, тапсырыс берушілер мерзімдерден аспауға тырысады. Осыған байланысты шетелдік мердігерлерді тартады. Тез жасап, игеріп және кетіп қалуы үшін. Күрделі жобаларды іске асыру кезінде қазақстандық бизнестің үлесі күрт азаяды. Әдетте, біздікілер қосалқы мердігерлік жұмыстарға тартылады. Бірақ маржа мүлдем басқа. Сонымен қатар, оларды ең төмен бағамен таңдайды. Көбінесе қосалқы мердігерлер тек персоналды қамтамасыз етеді.

– Яғни, жергілікті компаниялар қосалқы мердігерлер болып, техникаға да, технологияға да салмай, негізінен жұмыс күшімен кіреді ме?

– Иә, және біз бұл мәселені бірнеше рет көтердік. Қазір тым болмағанда, БКЖ-да үлкен өзгерістер орын алды.

– Қазақстандық компаниялар қандай жұмыс түрлерін атқара алады?

– Күрделі жобаларды операторлар емес, шетелдік акционерлер бекітеді. Сондықтан олар тексерілген батыстық инжинирингтік компанияларды таңдайды. БКЖ жаман мысал болды. Себебі негізгі инжиниринг шетелде, Фарнборода (Ұлыбритания) өткізілді. Егжей-тегжейлі жобалау шетелде өткізілсе, халықаралық стандарттар, талаптар қойылады, түрлі жабдықтардың әлеуетті жеткізушілерімен кездесулер өткізіледі. Ал барлық батыс компанияларының өз өкілдіктері бар және Еуропада орналасқан. Біздің компанияларға олармен бәсекелесу қиын.

Егер инжиниринг Қазақстанда жүргізілсе, онда бұл қазақстандық жеткізушілерге арналған міндетті жеңілдетер еді. Біздің зауыттар Тапсырыс берушілермен тікелей сөйлесіп, өз өнімдерін таныстыра алар еді.

Қарашығанақта өндіруді ұлғайту жобасын бекіту кезінде  PSA инжинирингтің кемінде 50% Қазақстанда және жергілікті әріптестің қатысуымен жүргізілуіне талап қойды.  БКЖ жобасында да жергілікті серіктестер болды: Қазақстандық мұнай және газ институты (ҚМГИ) және «Казгипронефтетранс» (КГНТ) 20%-дан жұмыс көлемін алды. Қалған 60%-ды Worley Parsons Limited және Fluor Limited өзара тең бөлісті.

Ал Қаламқас-теңіз және Хазар жобалары бойынша қазір Қазақстанда инжинирингтің қандай үлесі жүргізілетіні анық емес.

Солтүстік Каспий жобасының акционерлері Қазақстанда егжей-тегжейлі инжиниринг қымбатқа түседі, жоғары білікті инженерлер жоқ, бізде теңіз жобаларында жұмыс тәжірибесі аз дейді.

– Кадрлар мәселесі бұрыннан талқылануда. ТШО мен НКОК Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт ішінде қажетті кадрларды дайындауға болмас па еді?

– Кадрлардың тұрақтамауы үлкен екенін мойындау керек. Оқытылған кадрлар шетелде жұмыс істеуге кетеді. Өйткені бұл жерде оларға төлейтін жалақы өте төмен.  Қашаған және Теңіз сияқты жобаларда жұмыс істеу тәжірибесіне ие бола отырып, сіз кез келген басқа әлемдік жобаға жұмысқа оңай орналаса аласыз.

Батыстық компанияларда инженерлерге бізге қарағанда әлдеқайда көп төлейді. Бұл ретте Қазақстанда іс жүзінде айналадағының барлығына  баға өсіп жатқанмен, еңбек бағасы көтерілмей тұр.

Status quo

Тағы бір маңызды мәселе – бұл қазақстандық компаниялардың мәртебесі. Қазіргі уақытта кез келген шетелдік акционер Қазақстанда кәсіпорынды ЖШС немесе АҚ түрінде тіркей алады, Қазақстан азаматтарынан штат ала алады және егер қызметкерлердің 95%-ы ҚР азаматтары болса, қазақстандық компания болып саналады. Біздің заңнама акционерлік және құрылтай капиталын қарастырмайды.

Заң шығарушылар бұл мәселені қарап, үлестің кем дегенде 50%-ы Қазақстан азаматына тиесілі болуын ескерсе екен. Сонда Қазақстандық азамат тапқан ақшаны Қазақстанға салатын болады. Айқын мысал ретінде NSS немесе РSI Group-ті алуға болады, олар мұнай өңдеуден тапқан ақшаларын осы Қазақстанда өндірісті дамытуға жұмсайды. Ал Қазақстанда жергілікті компания сипатында жұмыс істейтін шетелдік компания өзінің бас компаниясын пайдамен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Сондықтан шетелдік компанияларға жергілікті компаниялармен бірлескен кәсіпорындарды тепе-тең негізде құрған жөн.