Нидерландтық мұнай сервистік компаниялар Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі

7-10 қазан аралығында Амстердамда (Нидерланды) Оффшорлық энергетикалық көрме мен конференция (OЕEC) өтті, оған қазақстандық мұнай сервистік саланың ұйымдары мен кәсіпорындарының делегациясы қатысты.

OEEC – Еуропадағы маңызды оқиға, өңірдің барлық оффшорлық энергетикалық өнеркәсібінің өкілдері қатысатын көрме.

12 жылдан астам уақыт бойы OEEC теңіз энергетикасы, мұнай-газ, теңіз жел энергетикасы секторларының бірегей бірлестігі болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 550-ден астам экспонент өздерінің жаңа қызметтерін, жобалары мен инновациялық өнімдерін ұсынды. 12 000-ға жуық маман көрмеге қатысып, саланың болашағы мен техникалық әзірлемелеріне арналған стратегиялық пікірталастарға, техникалық конференцияларға қатысты.

Petrocouncil.kz мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің хатшысы Асылбек Жакиевтің айтуынша, қазақстандық компаниялардың делегациясы аталған көрмеге барып қана қоймай, Нидерландының мұнай-газ саласының барлық жеткізушілерін біріктіретін көрмені ұйымдастырушы –  IRO өкілдерімен кездесу өткізді.

«Қазақстандағы Қашаған және Қарашығанақ жобаларында Шелл Британдық-Нидерландтық концерні рөлінің артуын ескере отырып, біздің міндетіміз голландтық жеткізушілермен берік байланыс орнату болды. Біз теңіз жобаларында объектілерге техникалық қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорындар құруды, мұнай-газ саласы үшін тауарлар шығару өндірісін ұйымдастыруды талқыладық», – дейді Асылбек Жәкиев.

Оның айтуынша, IRO қауымдастығының өкілдерімен келісімге қол жеткізілді, олар қазан айының соңында ҚР премьер-министрі Асқар Маминмен Нидерландыға жасаған сапары кезінде кездесуге қатысады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін қазақстандық компаниялардың IRO мүшелерімен жеке кездесуі ұйымдастырылады, онда өзара ынтымақтастық мәселелері мен бизнестің практикалық тетіктері талқыланады.

Сондай-ақ, Нидерландыға сапар барысында Шелл концернінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, онда мұнай сервисі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.