ESS Support Service компаниясының басты мақсаты – адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету ғана емес, олардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мәселелерін шешіп, еңбек өнімін бағалау.
Осы орайда, жыл басында өндіріс орны 20-ға жуық өзгерістер мен толықтырулар көрініс тапқан ұжымдық шартты қызметкерлеріне жария етті. Теңіздегі компания, жұмысшы өндірісте жарақат алған жағдайда төленетін жәрдемақыны өсіруді, туған-туыстары қайтыс болған кезде берілетін төлемақыны көбейтуді, өндірістік оқу демалысын өтеуді қолға алды.
Қалиев Сәкен, ESS Support Service компаниясының көлік жүргізушісі: «Ең бастысы, жалақыны көдерді. Бәріміз ақшаға қарап отырғанда, компания әлеуметтік көмектің де соммасын өсіріпті. Ол өте жақсы жаңалық. Таңнан кешке дейін көлік үстінде жүру оңай шаруа емес. Осыны ескерген басшылық биылдан бастап «медициналық сақтандыру» болады деп бір қуантып тастады. Енді тегін емделіп, қаралатын болдық».
Ал өткен аптада Теңізшевройлдың бас ғимаратында ESS Support Service (Compass Kazakhstan-ның еншілес ұйымы) үздік кәсіби көлік жүргізушілерді марапаттады. Компания олардың заңға құрметпен қарайтындықтарын және де жұмысқа деген адал қызметін негізге алды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша үздік қызметкерді атап өту үшін «Көлік бөлімінің» 50-ден астам өкілі мен компания басшылары бас қосты. Кеш қортындысы бойынша 3 жылдан астам уақыт бойы жол ережесін бұзбай келе жатқан жүргізуші Аманқос есімді азамат «Үздік жүргізуші» атанып, арнайы грамотамен марапатталды.
ESS Support Service компаниясының жұмысшылары арасында іскерлік қарым қатынас жақсы орнаған. Оған компания Бас директорының орынбасары Николай Плещевтың сөзі нақты дәлел бола алады: «Жақсы көрсеткіш – жұмыстың сапасын аңғартады. Автокөлік саны өсіп, құқық бұзушылық саны төмендей түсті. Бұл сіздердің еңбектеріңіз. Тура бір жыл бұрын мен бірнеше адамға сертификат табыстадым. Олар осы жерде отыр. Енді міне, сіздердің қатарларыңызға бүгін тағы бір «Үздік жүргізуші» қосылды. Демек, бұл сіздер, жас жүргізушілерге дұрыс бағыт-бағдар беріп келесіз деген сөз.»
Осы орайда, біз компанияда қызмет атқаратын Максим Сүленов есімді жүргізушіні сөзге тарттық. Көлік тізгіншісінің бір күндік жұмысымен де таныстық.
Максим Сүленов, ESS Support Service компаниясының көлік жүргізушісі: «Біздің таңғы жұмыс, қауіпсіздік ережесін сақтаудан басталады. Алдымен 5 минуттік келіссөз өтеді. Күндік жоспар талқыланады. Сосын әркім өз жұмысына кіріседі. Ал сенбі сайын жарты сағаттық үлкен жиналыс өтеді. Біздің жұмыс өте қауіпті ғой. Кейде кішігірім жол-көлік оқиғалары болып тұрады. Жиналыста соны болдырмаудың амалдарын іздеп, арнайы мамандар сақтық шараларын тағы бір түсіндіреді. Ай сайын ҚТ(қауіпсіздік техникасы) бойынша қатаң түрдегі тексеріс болып тұрады. Іштегі жүргізушілердің сауаттылықтарын да бақылайды. Әрине, ол компанияның кез келген нәрсеге қалай болса солай қарамайтындығын көрсетеді ғой».
Расында, қызметкерлердің сөзінен-ақ, компания басшылары іште болып жатқан кез келген оқиғаға селсоқ қарамайтынын байқауға болады. Ал келеңсіз жағдайлардың бәрін заңмен реттейді. Адами фактордың салдарынан іште тәртіпсіздік орнаса, компания басшылығы бәрін адамгершілік ұғымның аясына сыйғызып, еңбек етуші тараппен жеке-жеке сөйлеседі. Тіпті мән-жайды анықтап, кеңес беріп, көмек көрсететін арнайы мамандарды да жасақтап қойған.
Жұмысшылардың ниет-тілектерін тыңдап, өтініштерін мейілінше қанағаттандыруды негіз тұтқан ESS Support Service компаниясының мақсаты айқын, қадамы нық.