Теңізде үшінші буын зауытының құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды – ТШО

«ConsolidatedContractingEngineeringandProcurementS.A.LOffshore » (CСЕР) жұмыскерлерімен тұрмыстық жанжалдың шиеленісуіне жол бермеу туралы әңгіме өткізілді деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетелік, осыдан бұрын Теңіз кен орнында мердігерлік жұмыстар атқарып жатқан компанияның қазақстандық және шетелдік жұмыскерлері арасындағы жанжал туралы белгілі болды.

«29.06.2019 ж. шамамен сағат 11:00-де «Теңіз» вахталық кентінде «Consolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore»  компаниясының жұмысшылары жұмыс телімінде жиналып, Ливия азаматы  Eli Daoudтің қыз бен қолына ұстаған рациясының антеннасын қызға бағыттаған өзі бейнеленген фотосуретті«Whatsapp» профиліне салған  жарияланымына  қатысты өздерінің наразылықтарын білдірді», – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның деректері бойынша, оқиға орнына уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары мен аудан прокуроры, сонымен қатар облыс әкімі, ПД, ҰҚКД басшылары, облыс прокуроры барған, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Кейінірек, күннің екінші жартысында баспасөз қызметі тағы бір хабарлама таратты, онда «Consolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore» компаниясының жұмысшыларымен тұрмыстық жанжалдың шиеленісуіне жол бермеу туралы әңгіме өткізілді» деп атап өтілген.

«Бұл сұрақтарды пысықтаумен ведомствоаралық комиссия айналысатын болады, оған мемлекеттік органдардан басқа, ТШО компаниясының өкілдері де кіреді. Комиссияның жұмысына басшылық ету облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар «қазір жұмысшылар өз орындарына тарады, жағдай тұрақты. ТШО медициналық пунктінде 30 адамға медициналық көмек көрсетілді, қаза болғандар жоқ» деп хабарланды.

Ал «Теңізшевройл» компаниясының сайтында «29 маусымда Үшінші буын зауытының (ҮБЗ) құрылыс алаңында жұмысшылар арасында тұлғааралық шиеленіс орын алып, нәтижесінде мердігерлік ұйымдардың бірнеше жұмыскерлері жарақаттар алды» деп түсіндіріледі.

«ТШО клиникаларында өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттар алған 30-дан аса адамға медициналық көмек көрсетілді. Жағдай тұрақты және ТШО компаниясы құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік органдармен оқиғаның шешімін табуға және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тығыз жұмысқабасты көңіл бөлуде. ҮБЗ құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды, ТШО-ның басқа объектілерінде жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың, полицияны қоса, өкілдері осында», – деп атап көрсетті компанияда.