«Теңізшевройл» 2020 жылға арналған сатып алу жоспарын жариялады

«Теңізшевройл» 26 жыл ішінде, алғаш рет 2020 жылға арналған сатып алу жоспарын жариялады. Ол туралы еліміздегі өндірісті дамыту аясында түрлі компаниямен бірлесе жұмыс атқаратын Petrocouncil мәлімдеді.

Компания аталмыш құжатта өнімдердің атауын, атқарылатын жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметті толық көрсетпеген. Бірақ отандық кәсіпкерлерге ірі мұнай-газ операторы үшін қандай маңызды қызмет түрлері қажет болатындығы туралы түсінік берген.

Сатып алу бөлімі мен кәсіпкерлікті дамыту департаментінің арқасында компания әлемдік нарықта маңызды қадамдар жасай алды.  Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын былай деп мәлімдеме жасады: «ҚР-ның жергілікті қамтуды дамыту туралы қаулысының ережелерін сақтай отырып, ТШО Қазақстан Республикасындағы барлау және өндіру қызметін қолдау үшін, тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша келісімшарттар мен сатып алу жоспарларын жариялайды.

Жарияланған келісім-шарт пен сатып алу жоспары, ТШО-ның өндірістік және кәсіпкерлік қызметінің әртүрлі бағыттарын қолдау үшін негізделген. Сондай-ақ, тауарлар мен қызметтерді жеткізуге деген қажеттіліктерін көрсетеді».

Petrocouncil отандық бизнес қауымдастығы атынан «Теңізшевройлға» еліміздегі бизнестің дамуы мен ілгерілеуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Сатып алу жоспарын көру үшін мына сілтемеге өтіңіз: http://www.tengizchevroil.com/localcontent.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін NCOC пен KRO компаниялары сатып алу жоспарын жариялаған болатын. Осылайша отандық кәсіпкерлер ашық ақпаратқа қол жеткізді

Барлық сатып алу жоспарын  petrocouncil.kz https://petrocouncil.kz сайтынан таба аласыз.