ТШО мердігерлерін ашық іріктеу мен қосалқы мердігерлердің еңбек жағдайларын бақылау Теңіздегі…

Теңізшевройлдың мердігерлері мен қосалқы мердігерлерін ашық іріктеу, сонымен қатар қосалқы мердігерлердің еңбек жағдайларын бақылау Теңіздегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге көмектеседі.

«Атамекен» ҰКП мен Қазэнерджи қауымдастығы жанынан құрылған Стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі (Petrocouncil) Теңізшевройл (ТШО) және Сonsolidated Contracting Engineeringand Procurement S.A.L Offshore (CCEP) компаниялары қазақстандық қамтуды дамыту үшін белсенді жұмыс атқыруда деп атап көрсетеді. ССЕР жобасы бойынша екі жыл жұмыс істеген уақыт ішінде 1000-нан аса адам оқытылды, жұмысқа қазақстандық компаниялар белсенді тартылды. ССЕР қазақстандық қамту сұрақтары бойынша, ССС сатып алуларын ашық қолжетімділікте жариялау, отандық қосалқы мердігерлерді тарту, өндірісті жергіліктендіру, сонымен қатар инженерлерді оқыту және оларды басшы құрамға тарту бойынша Кеңеспен өзара белсенді жұмыс атқаруда.

Сонымен бірге атқарылған оң жұмыстарды жеткізушілерді ашық емес түрде іріктеу процесі, сонымен қатар Теңізшевройлдың өзмердігерлерінің қосалқы мердігерлік ұйымдармен өзара қарым-қатынастарына араласпау саясаты жоққа шығарып отыр. Ал шиеленісу мен қақтығыстардәл осы қарым-қатынастар жұбында жиі орын алады. Кәсіпкерлердің көптеген өтініштеріне жауап ретінде 2019 жылғы 31 мамырда Атырауда Petrocouncil“ ТШО мердігерлерінің және қосалқы мердігерлерінің өзара байланысы: өндірістегі синергия” дөңгелек үстелін өткізді, онда өзекті мәселелік сұрақтар көтерілді, ТШО мердігерлерінің бірінің өзінің қосалқы мердігерлік ұйымдарына уақтылы ақы төлемеуіне қатысты сұрақ сәтті шешілді. 28 маусымда, ретсіздіктер басталардың алдында Petrocouncil ТШО Теңіздегі вахталық кентте мердігерлерінің және қосалқы мердігерлерінің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

«Біз ТШО-ны жұмыстардың ақырғы орындаушысы болып табылатын қосалқы мердігерлермен жұмысқа белсендірек араласуға шақырамыз. «Атамекен» ҰКП мен Қазэнерджи қауымдастығы Petrocouncil арқылы барынша жәрдем көрсетеді және өркениетті диалог құру және көптеген сұрақтарды шешу үшін тиімді алаңға айналады», – деп атап көрсетті ҚР “Атамекен” ҰКП мұнай-газ операторларымен (ТШО, НКОК, ҚПО) өзара байланыс жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жакиев.

Бұдан басқа, ТШО тек мердігерлік компанияларды ғана емес, қосалқы мердігерлік компанияларды да еңбек жағдайлары және ақы төлеуге қатысты бақылауға алуы қажет. Ал ТШО-ның ССЕР сияқты бас мердігерлері ТШО үлгісімен шетелдік менеджментті отандық мамандарға ауыстыру стратегиясын әзірлеуі тиіс.

Естеріңізге сала кетелік, Petrocouncil мақсаты «Атамекен» ҰКП, KazEnergy қатысуымен жұмыс істейтін барлық одақтардың, кеңестердің және басқа альянстардың іс-қимылдарын үйлестіру және еліміздегі аса ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамтудың үлесі мен сапасын арттыру мақсатында Энергетика министрлігімен, Инвестициялар және даму министрлігімен, PSA және басқа мүдделі құрылымдармен өзара әрекеттесу болып табылады.

«Қазақстандық мазмұнды дамыту – бұл тек шетелдік жұмыс күшін отандық жұмыс күшімен алмастыру ғана емес, оған сонымен қатар өндірістердіжергіліктендіру, Құзыреттер орталығын дамыту, өндірістерді инновациялық дамыту енеді. ТШО ККЖ-СҚБЖ сараптамалық тобының соңғы отырысының ақпараты бойынша, жобадағы қазақстандық қамтудың жиынтық көрсеткіші 30% құрайды, оған Қазақстанда сатылып алынған жұмыстар, қызметтер және тауарлар кіреді»,- деп атап көрсетті Асылбек Жакиев.

Ол қазіргі уақытта Теңізшевройл компаниясы өндірістерді жергіліктендіруді ұйымдастыруға көмек көрсетіп жатқандығын растады. Атап айтқанда, түпнұсқалық жабдықтар шығаратын жетекші шетелдік өндірушілермен (Original Equipment Manufacturer- ОЕМ) өндірістер мен сервистік орталықтарды Қазақстанда жергіліктендіріп, оларды Атырау облысында орналастыру туралы келіссөздерге бастамашылық етілді. Сонымен, жаңа жұмыс орындары пайда болады және технологиялар трансфері өтеді.

Сонымен қатар Асылбек Жакиев ТШО компаниясын заманауи жауап қату және қазақстандық қамтуды дамыту сұрақтарын шешудің тиімді алаңы болып табылатын Petrocouncil кеңесімен өзара белсендірек жұмыс атқаруға шақырады. Сол сияқты ТШО компаниясының жергілікті кадрларға қосып отырған үлесінің де аз еместігін атап өтті.

Анықтама үшін

Мұнай-газ саласындағы Стратегиялық  әріптестікті дамыту кеңесі (Petrocouncil) «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» қауымдастығының аясында құрылған, «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, PSA және басқа мүдделі құрылымдардың қатысуымен жұмыс атқаратын одақтардың, кеңестердің және басқа альянстардың іс-әрекеттерін үйлестіретін заңды тұлғалардың консультациялық-кеңестік бірлестігі болып табылады. Кеңес шоғырландырылған жұмыстың тиімділігін арттыруды және іс-әрекеттердің қосарлануын болдырмауды көздейді. Бұдан басқа, бірлестік мұнай сервисі компанияларының және мұнай-газ нарығы операторларының мүдделерін білдіреді және ілгерілетеді.