ТШО «Қазақстандық компаниялар тендерлік баға белгілеу қағидаларын білмеу, дедлайндарды сақтамау және құжаттарды дұрыс жинамау салдарынан миллион долларлық сатып алуға қатысу мүмкіндігін жіберіп отыр». Бұл туралы «Теңізшевройл» ЖШС қазақстандық қамтуды дамыту бойынша SCM кеңесшісі Шон Доерти мәлімдеді.
Отандық кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті болуға көмектесу үшін ТШО Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп «Мұнай-газ секторындағы сатып алуға қатысуға дайындық» атты тренинг ұйымдастырды. Қарағанды, Шымкент, Астана, Алматы, Атырау және Қазақстанның басқа да өңірлерінің компанияларын Атырауға мұнай-газ секторында сатып алуды жүргізуге RFP-ге әсері; тапсырыс беруші мен жеткізушінің мүмкіндігінің теңгеріміне байланысты сатып алу стратегиялары, жеткізушілерді жиынтық құн моделі арқылы бағалау тәсілдерінің рөлі мен маңызы; жеткізушінің тендерге қатысу үшін құжаттар пакетін қалыптастыруы; тапсырыс беруші коммерциялық ұсыныстарды қалай бағалайды деген сияқты тақырыптарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін сатып алу бойынша тегін үш күндік тренингке шақырды, сондай-ақ қатысушылар тендерлік өтінімнің баға белгілеуін іс жүзінде зерттеді. «Ескерту. Тренингке қатысу ТШО немесе мұнай-газ секторының басқа да ойыншыларымен келісімшартқа отыруға кепілдік бермейді».
Тренинг нәтижесінде отандық бизнес мұнай-газ секторы компанияларында сатып алуды өткізу күрделілігінің себептерін түсінуді, реттеуші талаптардың әсерін анықтауды және тендерлік рәсімдерге қатысуға қалай жақсы дайындалу керектігін түсінуді үйренді.
Тренинг барысында отандық компаниялардың өкілдері пікірталастарға белсенді қатысқанына қарамастан, олардың үміттерінің көпшілігі қанағаттандырылмады. Ануар Нұғманов – «Kazintercool» ЖШС (Атырау) басшысы: «Тренинг маған өте ұнады. Тренер Максим Баранов ақпаратты барынша жеткізуге және барлық сұрақтарға толыққанды жауап беруге күш салды. Алайда, ТШО-мен өзара қарым-қатынасқа әзірше көмектескен жоқ, бұл мәселеде ешқандай пайда болған тапқан жоқпын» деп атап өтті.
Онымен «Каспий плюс» ЖШС-нен Андрей Жуванышев келіспеді, ол: «Курс барысында алған теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, қателіктерді көруге және талдауға болады. Бұл тәжірибе болашақ жұмыста дағдыларды қолдануға мүмкіндік береді. Шақырылған оқытушылар құрамына ерекше алғыс білдіремін» деп атап өтті..
«Бұл тренинг біз үшін өте пайдалы болды, оның нәтижесінде біз енді тендер өткізу процесінің барлық нюанстарын түсінеміз және сәйкесінше оған алдын ала жақсылап дайындала аламыз. Сонымен қатар, біздің қызметіміздің тиімділігін үнемі арттырып, бизнес-үдерістердің сапасын жақсартамыз, осылайша бәсекеге қабілетті кәсіпорын боламыз. Себептер мен мақсаттарды түсіну біздің мықты жақтарымызды күшейте отырып және ұзақ мерзімді перспективада әлсіздердің әсерін бейтараптандыра отырып, неғұрлым саналы өткізу саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз енді жеткізу тізбегін жақсарту, жеткізушілермен дұрыс жұмысты қалыптастыру және өз кезегінде біздің жеткізушілерді дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу не үшін маңызды екенін түсінеміз», – деді «Edil Oral» ЖШС-нен Асель Аймушева.
Аталған тренингтің мақсаты Қазақстандық компанияларды халықаралық тендерлерге дайындау үдерістерін басқару саласындағы құзыреттер мен білімді арттыру болды. Операторлардың сатып алу рәсімдеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, бәсекелестік өтінімді қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар бар. Тапсырыс берушінің тендерлік рәсімдерінің күрделілігін түсіну, сондай-ақ тендерлік ұсыныстарды дайындаудың үздік тәжірибелерін қолдану жергілікті жеткізушілерге мұнай-газ секторының әр түрлі ойыншыларының теңдерімен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Дегенмен, Тренингке қатысу ТШО немесе мұнай-газ секторының басқа да ойыншыларымен келісімшартқа отыруға кепілдік бермейді.
Бұған дейін, Теңізшевройл ЖШС отандық компанияларды API сертификаттау негіздеріне оқытып еді, енді бірнеше айдан кейін отандық компаниялардың басшыларын халықаралық стандарттар бойынша қауіпсіз басқару қағидаттарына оқытуды жоспарлап отыр. Дегенмен, отандық жеткізушілерді дамыту операторлардың, мемлекеттің және компаниялардың өздерінің қызығуын және белсенді жұмысын талап ететін ұзақ мерзімді міндет.