ТШО қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуға 2019 жылы $2,1 млрд жұмсады

«Теңізшевройл» ЖШС компанияның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы ішіндегі қызметінің нәтижелерін жариялады. Көрсетілген кезең ішінде Қазақстан Республикасына тікелей төлемдер мөлшері $5,6 млрд сомадан асқан.

Мұнай өндіру

2019 жылдың бірінші жартысында  компания 14,9 млн тоннадан аса шикі мұнай өндірген, бұл өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 200 мың тоннаға  көп. Сонымен бірге ҚР Энергетика министрлігінің жоспары бойынша, ағымдағы жылы компания 29 млн тоннадан аса мұнай өндіруі тиіс.

Бұдан басқа бірінші жартыжылдықта ТШО 672 мың тонна сұйылтылған газ, 4 млрд текше құрғақ газ, сонымен қатар 1,3 млн тонна күкірт сатқан.

Қазір компания қолданыстағы қуаттылықтарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. ТШО деректері бойынша, Келешек кеңейту жобасын және Сағалық қысымды басқару жобасын (ККЖ/СҚБЖ) іске асырудың нәтижесінде Теңіздегі жылдық өндіру 12 млн тоннаға өсіп, 39 млн тонна мұнайға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жетуі тиіс. Еске сала кетелік, ККЖ/СҚБЖ 2016 жылдан бастап іске асырыла бастады және 2022 жылы аяқталуы тиіс.

«Атқылағыш ұңғымалардың сағалық қысымын  төмендету және қолданыстағы кешенді технологиялық алты желінің кірістегі қысымдарын жоғарылату жолымен СҚБЖТеңізде жұмыс істеп жатқан зауыттардың өңдеу қуаттылықтарын толық жүктеуді қамтамасыз етеді» , – деп атап көрсетті компания өзінің жартыжылдық есебінде.

ККЖ–бүгінде

Бүгінгі күнге жоғарыда аталған жобаларда ел ішінде 48 мыңнан аса қазақстандық еңбек етуде, бұл жобаның Қазақстандағы персоналының жалпы санының 91%-ын құрайды», – делінген ТШО хабарламасында.

«2200-ден аса қазақстандық компания алдын ала іріктеуге қатысты, ал 1800-ден аса компания алдын ала біліктілік бағалаудан өтті», – делінген ТШО хабарламасында.

Жобаның іске асырылуынан бастап  ККЖ-СҚБЖ бойынша қазақстандық қамтуға жұмсалған шығыстар $6,7 млрд құрады. Жобалау жұмыстарының орындалу көрсеткіші 90%-дан асты.

Бұл ретте, жобаларға арналған негізгі жабдықтар Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда шығарылады деп атап көрсетілген.

Қазақстандағы «Ерсай»  өндірістік алаңында құрастырмалы модульдік эстакадаларды (ҚМЭ) монтаждау орындалады. Бүгінгі күнге Теңіз кен орнына 51 ҚМЭ жеткізілді.

Авенца қаласындағы (Италия) өндірістік алаңнан 5 газтурбиналық генератордың (ГТГ) бәрі ойдағыдай тиеліп бітті.

Қазіргі мезетте Оңтүстік Кореядағы өндірістік алаңнан 34 модуль тиеліп бітті.

Республикаға қанша қаражат түсті

2019 жылдың бірінші жартысында компанияның Қазақстанға тікелей төлемдері $5,6 млрд-тан аса сома құрады.

2019 жылдың бірінші жартысында ТШО қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін2,1 млрд-тан асатын сомаға, соның ішінде ККЖ/СҚБЖ шеңберінде $1,6 млрд-тана соманы қоса, сатып алды.

Жалпы алғанда, 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық жеткізушілердің $30 млрд АҚШ долларынан аса тауарлары мен қызметтерін сатып алған.

1993 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жартысы аралығында ТШО компаниясының Қазақстан Республикасына қаржылық төлемдері  $141 млрд.-тан аса соманы құрады.

Оның ішінде, қазақстандық қызметкерлерге жалақы, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындарға жасалған төлемдер, қазақстандық әріптеске дивиденттер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылатын салықтар мен роялти түріндегітөлемдер бар.

ТШО компаниясының штатындағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50 %-бен салыстырғанда, 81,2% құрайды.

Жоғары және орта буын қазақстандық басшылар үлесі басшы құрамның жалпы санының 62,6%-ын құрайды. Кадрларды оқыту және дамыту бойынша үнемі қолданылатын бағдарламалардың нәтижесінде анағұрлым жауапты лауазымдарға ілгерілетілетін қызметкерлердің саны артуда.

Жуырда компания Қазақстанда «британиялық AVON Protection лицензиясы бойынша капюшон типті респираторлар» өндірісін іске қосуға «Теңізшевройл» ЖШС-нің ықпал еткендігін хабарлады. Лицензиар –  «QHSE-Akbarys» ЖШС, оның негізгі қызметі мұнай-газ жобалары үшін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын жеткізуболып табылады. AVON NH15K респираторларын құрастыру «Астана – жаңа қала» ЕЭА индустриялық аймағында (Нұр-Сұлтан қаласы) жолға қойылған. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1 млрд теңге шамасын құрады. 16 жаңа жұмыс орны құрылды.

Респираторларды құтқару құралдары ретінде 30 секундтан кем уақыт бұрын қолдануға болады және олар ауаны 15 минут сүзуді қамтамасыз етеді – бұл уақыт төтенше жағдайларда қауіпсіз орынға жету үшін жеткілікті болып табылады.Бетті түгел жауып тұратын мөлдір бетперде күйдіргіш заттардың шашырандыларынан сақтауға қабілетті.Оның үстіне ол буланудан қорғалған.

«Қазақстанда шығарылатын нұсқа біздің климаттық жағдайымызға арнайы бейімделген. Теңіз және Қарашығанақ кен орындары операторларының тарапынан“QHSE-Akbarys” ЖШС өнімдеріне ерекше қызығушылықосы және тағы басқа оң қасиеттерімен түсіндіріледі», – деп хабарлады компанияда.

Қазақстандық кәсіпорынның құрастыру цехының таныстырылымы ағымдағы жылғы 9 тамызда өтті.

«Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Рскпубликасы мен «Шеврон» компаниясының арасындағы келісім негізінде құрылған.

Қазіргі уақытта ТШО әріптестері болып табылатын компаниялар:  «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» БК – 5%.

Жалпы барланған қорлар Теңіз коллекторында3,2 млрд тонна және Корольдік кен орнында 200 млн тонна құрайды.

Теңіз және Корольдік кен орындарынан шығарылатын мұнай қорлары 890 млн тоннадан бастап, 1,37 млрд тоннаға дейінгі көлемді құрайды.