ТШО мен APEC Болашақ кеңейту жобасында Теңізде жұмыс істейтін мамандарды дайындайды

Атырауда Теңіз кен орнында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Болашақ кеңейту жобасында жұмыс істеу үшін қазақстандық кадрларды оқыту жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (ЖҚҮӘББ).

Ведомствоның мәліметінше, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен 2019-2020 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кездесудегі келісімге сәйкес, ТШО 2019 жылы 350 адамды және 2020 жылы 700 адамды БКЖ-да жұмыс істеу үшін даярлауды жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылы слесарь-құбыр құрастырушы мамандығы бойынша 50 адамды, 50 құрылыс материалдарын дәнекерлеуші, дәл сонша темірбетон құрылымдарын монтаждаушы, 60 – электр монтаждаушы, және 70 адамнан жүк ілушілер мен ағаш конструкцияларын құрастырушыларды даярлау жоспарлануда.

Үміткерлерді іріктеу Атырау қаласында, Жылыой, Махамбет және Исатай аудандарында ұйымдастырылады. Құрманғазы ауданының тұрғындары Аққыстау ауылында, ал Индер ауданының тұрғындары Махамбет ауылында ұйымдастырылған тестілеуге қатысады.

Құлсары қаласында 6 мамандық бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу 2 қыркүйекте басталды. Іс-шараға ТШО өкілдері, «АРЕС Petrotecnic» колледжінің нұсқаушылары және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары қатысты.

Емтихан нәтижесі бойынша 350 адам оқытылып, өз біліктілігін арттырып, БКЖ-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Фото: ЖҚҮӘББ