Жер қойнауын пайдаланушыларға тұщы су кен орындарына жақын жерде жұмыс істеуге тыйым салуы мүмкін

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі Құралай Қаракен жер қойнауын пайдаланушыларға тұщы су кен орындарына жақын жерде жұмыс жүргізуге тыйым салуды ұсынды.

Оның айтуынша, Республика су ресурстарына тәуелді елдер тізіміне кіреді. Қалалардағы қазақстандықтар су молшылығы сезімімен өмір сүрсе де, шын мәнінде көптеген өңірлерде, әсіресе шалғай ауылдарда, атап айтқанда республиканың батысында, таза ауыз су – үлкен құндылық.

2050 жылға қарай ел судың жетіспеушілігін жіті сезінуі мүмкін – тапшылық үш есе өседі.

«Сонымен қатар біздің еліміз жер асты су қорының үш есе өсуі бойынша үлкен перспективаға ие. Бізде бекітілген қоры бар 3 мыңнан астам барланған кен орындары бар, бірақ олар әзірше стратегиялық резервте тұр. Алайда оларды жоюға тырысып жатыр», – деді ол.

Депутат Ақтөбе облысындағы Көкжиде құмы жерасты тұщы суының ірі кен орнын мысалға келтірді.

«Заң бойынша, оның аумағында оның сақталуына қауіп төндіретін қызметке, оның ішінде ұңғымаларды бұрғылауға тыйым салынған. Алайда құмды алқап шегінде жеті жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізатын барлау және өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жекелеген кен орындары өнеркәсіптік игеру сатысында. Осындай жұмыстардың салдары жер асты суының мұнай өнімдерімен ластануына алып келді», – деді Қаракен.

Ол Көкжиде жер асты суларының мұнай өнімдерімен ластану фактілері анықталғанын атап өтті.

«Қызылорда облысының аумағында миллиондық-қаланы сумен қамтамасыз етуге асып жететін ірі Мыңбұлақ жер асты су кен орнында да осындай оқиға орын алды», – деп жалғастырды мәжілісмен.

Ақтөбе облысының – Барқын құмдары теңдессіз оазисі орналасқан Ойыл ауданы аумағында да осындай жағдай қайталануы мүмкін, деп ескертті.

«Оның астында барлық Ойыл ауданына ғана емес, жақын жатқан елді мекендерге қажетті табиғи фильтрден шығатын таза ауыз су бар. Алайда, бұл аумақта да мұнай іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Және нәтиже ретінде, жақында алып ағаштар өскен жерде енді үлкен бос орын пайда болды. Үш-бес жылдан кейін мұндай вандалды тәсілде бұл аймақ сапалы ауыз сусыз қалуы мүмкін».

Ол «Көкжиде құмы» және Мыңбұлақ кен орнының жер асты су қорларын қайта бағалау мәселелерін пысықтауды ұсынды, бұл келісім-шарт аумағының шекарасын анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың «Көкжиде құмы» және Мыңбұлақ кен орындарында топырақ пен суда химиялық заттардың нормативтерінен асқан кезде, жер қойнауын барлау және өндіру, пайдалану жөніндегі қызметіне тыйым салу және аталған аумақтардағы нақты экологиялық жүктемені бағалау жөнінде зерттеулер жүргізу ұсынылады.

Жалпы алғанда, Ақтөбе облысының Ойыл ауданының аумағында орналасқан «Барқын құмына» табиғи қорықтың мәртебесін беру мәселесін қарастыру да ұсынылады.