Tecnicas Reunidas халықаралық инжиниринг компаниясы Қазақстанның жетекші техникалық университеттерімен серіктестікті дамытуды жалғастыруда. 5 наурызда компания өкілдері Алматыдағы Халықаралық білім корпорациясы (KazGASA) базасына барып.
Сапар барысында университет ректоры Бахтияр Сәбденалиевпен кездесу өтті. Tecnicas Reunidas өкілдері 2025 жылы басталған және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлесіп жүзеге асырылып жатқан TRAiming the Future білім беру бағдарламасын таныстырды. Бастама жас инженерлерді қолдауға, сондай‑ақ олардың халықаралық тәжірибемен салалық практикалық дағдылар алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Tecnicas Reunidas делегациясы үшін ХБК (KazGASA) заманауи зертханалары мен зерттеу орталықтарынаэкскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар университеттің негізгі білім беру және ғылыми алаңдарымен танысты, олардың ішінде:
Цифрландыру және 3D-модельдеуге арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу орталығы;
Сейсмикалық сынақтар зертханасы;
Топырақ анализі және болат конструкциялар зертханалары;
Инженерлік шеберханалар мен 3D-жобалау орталықтары;
Сәулеттік дизайн және макеттеу студиялары бар.

Бұл танысу шарасы компания өкілдеріне студенттердің техникалық дайындық деңгейін және университеттің инженерлік зерттеулерді дамытудағы әлеуетін бағалауға мүмкіндік берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар университет пен халықаралық инжиниринг компаниясы арасындағысеріктестікті нығайтуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Tecnicas Reunidas мұндай бастамалар елдің инженерлік әлеуетін арттыру стратегиясының маңызды бөлігі екенін атап өтті.

«TRAiming the Future – бұл адамдарға салынған инвестиция. Бүгін жас мамандарға қолдау көрсете отырып, біз ертеңгі саланың тұрақты дамуына негіз қалаймыз», – дейді компания өкілдері.
Білім беру бағдарламаларын қолдау және университеттермен тығыз жұмыс істеу халықаралық стандарттарға сай еңбек ете алатын және Қазақстанның ірі өнеркәсіптік жобаларын жүзеге асыруға қабілетті инженерлердің жаңа буынын қалыптастыруға жол ашады.
