Қашағанда газ өндіру 2019 жылы 8 млрд кубометр құрайтын болады

Сейсенбі, 28 мамырда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы«ExxonMobil»  компаниясының басқарушы директоры Динеш Сивасамбумен кездесу өткізді деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылы Қашағанда шамамен 12,9 млн тонна мұнай және 8 млрд м3 газ өндіру жоспарланып отыр. Қайта құрудан кейін кен орнында мұнай өндіру тәулігіне 70 мың баррель деңгейден бастап қалпына келтірілді», – деп хабарлайды баспасөз қызметі ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып.

Бұл ретте кезең-кезеңмен арттыруды ескерумен таяудағы перспективада күнделікті көлем 370-400 мың баррель мұнайға жетеді деп атап көрсетіледі.

Жалпы алғанда кездесу кезінде тараптар мұнай-газ саласындағы, соның ішінде Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективті бағыттарын талқылады.

«Күрделі жөндеу жүргізу де Теңіз кен орнының объектілерінде жоспарланған. Мұнымен қатар Қаламқас-теңіз кен орнын Хазар кен орнымен бірге игеру сұрақтары пысықталуда», – деп атап көрсетіледі ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетелік, ExxonMobil корпорациясына (АҚШ) Теңіз және Королевское мұнай-газ кен орындарын игеріп жатқан«Теңізшевройл» ЖШС-ында25% үлес тиесілі. Сонымен қатар ол Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған теңіз мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша Солтүстік Каспий жобасында  16,8% қатысу үлесіне иелік етеді.

Фото: teknoblog.ru