Атырауда Petrologistis, Rental & Transportation-2024 форумы өтті

15 наурызда Атырауда Petrocouncil мұнай-газ кеңесі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен мұнай-газ саласындағы логистика, арнайы техниканы жалға алу және тасымалдаудың өзекті мәселелеріне арналған алғашқы Petrologistis, Rental & Transportation-2024 форумын ұйымдастырды.

Форумға елімізден бөлек, Грузия, Әзірбайжан және Ресей компанияларының 400-ге жуық өкілі жиналды.

Іс-шара басында ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов 2023 жылдың қорытындысына тоқталып, қазақстандық мұнай көлемін тасымалдаудың перспективалары туралы атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық мұнайдың 95%-ы Ресей арқылы экспортталады. Сондай-ақ, өткен жылы Энергетика министрлігі Германияға және Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында мұнай жөнелту туралы келісімге келді. 2023 жылы Қазақстан барлық бағыттар бойынша жеткізілім көлемін ұлғайтты, ал биыл оларды жоспарлы түрде ұлғайтуға ниетті. Мысалы, шикізатты Әзірбайжанға жеткізіп, оны SOCAR компаниясының МӨЗ-дерінде қайта өңдеу мүмкіндігі қарастырылуда.

Petrocouncil төрағасы Асылбек Жәкиев атап өткендей, логистика нарығындағы келісімшарттардың көбі (60%) сала көшбасшыларына – ТШО, NCOC және ҚПО-ға тиесілі. Егер мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері туралы айтатын болсақ, өткен жылдың өзінде ірі операторлар оларды тасымалдау үшін $2 млрд-тан астам ақша төледі. Алайда, логистика өндірістік нысандардағы түрлі жүктер мен материалдарды тасымалдауды қамтиды. Бұл бағытта 2021 жылдан бері жасалған келісімшарттардың сомасы 300 млн доллардан асты.

«Бұл қызметтер нарығы тұрақты және 2027 жылға дейін шамамен 600 млн доллар сомасына бағаланады, оған негізінен темір жол арқылы тасымалдау, сондай-ақ арнайы техника мен басқа да көлік түрлерін жалға алу кіреді», – деді спикер. – Сонымен қатар, Транскаспий бағытының дамуын ескере отырып, жүктерді ауыстырып тиеудің артуы күтілуде. Сондай-ақ, мұнай-газ химиясы саласындағы логистиканың дамуы мен жергілікті мазмұнның маңызы да артады. Сондықтан форум алаңы ірі операторларға өз жоспарларымен бөлісуге, ал нарықтың басқа қатысушыларына өз сұрақтарын қоюға жақсы мүмкіндік береді».

Экспорттың қосымша бағыттарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы пысықтауда. Өткен жылы ҚМГ ТШО және әзірбайжандық SOCAR-мен бірлесіп, Теңіз-Ақтау-Баку-Джейхан бағыты бойынша Теңіз мұнайын тасымалдауға сынақ режимінде кірісті. Бұл – құбырларды, сондай-ақ теміржол және теңіз көлігін пайдалануды қамтитын мультимодальды тасымалдау. Бұл ретте жеткізілім көлемінің кезең-кезеңімен бір жарым есеге өсуі жоспарланған және осы жаңа маршрутты дамыту инфрақұрылымды кеңейтуді талап етеді

«Өткен жылы екі танкер сатып алдық, олар Каспийде тасымалдау жұмыстарына кірісті. Алайда теңіздің таяздануы жұмыстарға кері әсер етіп, мүмкіндіктерді шектеп отыр. Біз бұл мәселені шешіп, ұзақ мерзімді перспективаға арналған болжамдарды түсініп, дұрыс тактиканы таңдауымыз керек: не түп тереңдету жұмыстарын жүргізу, не шығару айлақ құрылғыларын салу керек, не екеуі де», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Болат Закиров өз сөзінде.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Айдын Ақан қатысушыларды газ тасымалдау жүйесін кеңейту, республика аумағы арқылы газ транзитінің көлемін ұлғайту үшін компания жүргізетін негізгі жобалармен және бастамалармен таныстырды, бұл Қазақстанның өңірлік энергетикалық қауіпсіздіктегі рөлін күшейтуге және халықаралық газ тасымалдарына қатысу үшін мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, форумда отандық көлік-логистикалық компаниялардың басшылары мен жетекші мамандарының баяндамалары мен презентациялары таныстырылды.

Мәселен, Texol компаниясы қызметін 1995 жылы құрамында мұнай бар өнімдер мен сұйытылған газды тасымалдаудан бастады, қазіргі уақытта ТМД аумағында тасымалданатын сұйытылған көмірсутекті газдың көлемі бойынша екінші орында және заманауи цистерналар паркі бар, компания, сондай-ақ инфрақұрылымдық және сервистік жобаларға маманданған, олардың негізгілері – «Ақ-Жайық-7» ірі вагон жөндеу депосы және «РИП-газ» газ цистерналарын жөндеу мен қызмет көрсетудің мамандандырылған пункті.

«2024 жылдан бастап біздің инфрақұрылымдық және инжинирингтік жобаларымыздың қатарына Атырауда екі жаңа кластер қосылады. Бұл РЭК-Махамбет вагон сервисі орталығы және вагон құрастыру зауыты», – деді Texol компаниялар тобының коммерциялық директоры Бауыржан Жайғалиев.

Табысты дамудың құпияларымен Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында жан-жақты көлік қызметтерін ұсынатын 100 пайыз қазақстандық «Telemanus» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Нұрсұлтан Өтенов бөлісті. Компанияның тарихы 1996 жылдан басталады, қазір оның қызметі Қазақстанның бірқатар ірі қаласын қамтиды, компания мұнай өндіру, мұнай өнімдерін өндіру және сату саласындағы көшбасшы кәсіпорындармен берік іскерлік байланыстарды жолға қойған. Ұзақ мерзімді қарым-қатынастар мен бірлескен даму үшін сенімді іскер серіктес бола отырып, компания бірқатар жобаларды іске асыруда тұрақтылық пен кәсібилікті растады және ISO халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

«Біздің бизнесіміз бен тапсырыс берушілеріміздің бизнесін тиімді дамытуға ықпал ететін қауіпсіз және сапалы қызметтер көрсете отырып, біз клиенттерге жоғары стандарттар мен икемді баға саясатын ұсынамыз, сондықтан осы форумда жаңа серіктестік байланыстарды орнатамыз деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Н. Өтенов.

Форум аясында жабдықтар мен техника көрмесі, сондай-ақ екі панельдік сессия өтті, оның барысында ірі мұнай-газ операторларының (ТШО, NCOC, КПО, ҚМГ, SOCAR), Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан порттарының, сондай-ақ теміржол және көлік компанияларының өкілдері мен басшылары логистика қызметтерінің, арнайы техниканы жалға алудың, жүктерді қоймалаудың, мұнай-газ химиясы саласының жобаларында көлікті пайдаланудың, жергілікті қамтуды дамыту перспективаларының, сондай-ақ мұнай мен газды тасымалдау жолдарының (оның ішінде баламалы) мәселелерін жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ, «Көлік және логистикалық ұйымдар одағы мен қауымдастықтар одағы «KAZLOGISTICS» ҚЗТ мен Petrocouncil мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың мақсаты – қазақстандық компаниялардың ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, логистикалық хаб құру және дамыту, сауда рәсімдеріндегі техникалық кедергілерді жоюға және Қазақстаннан/Қазақстан арқылы сауда ағындары үшін халықаралық көлік дәліздерін дамытуға жәрдемдесу.

Форум серіктестері: TEXOL компаниялар тобы, «Telemanus» ЖШС, Тobet Business Group, Aspar Kashagan, «KZF Service» ЖШС, PetroPrime, Samal Rakhim, Sarens Kazakhstan, RIWAL, KMG Automation, TengizTransGroup, TIS-Servise, «Caspian Offshore & Marine Construction» ЖШС, «Мағыналы бизнес» PR-агенттігі.

Анықтама:

Petrocouncil мұнай-газ кеңесі – жергілікті қамтуды дамыту мақсатында ірі жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасындағы тиімді диалог алаңы. Petrocouncil мұнай-газ компанияларымен, операторлармен, Қазақстандағы, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердегі түрлі мүдделі тараптармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.