PetroCatering&FM 2023: мұнайшыларға арналған жоғары стандарттар

24 қарашада Атырауда мұнай-газ саласындағы маңызды бағыттардың бірі – тамақтану және нысандарға  қызмет көрсету мәселелеріне арналған Petrocatering&FM 2023 Форум-көрмесі өтті. Бұл ауқымды іс-шара мұнай-газ және мұнай сервисі нарықтарындағы негізгі ойыншылардың басын қосты.

Форумға Қазақстан өңірлерінде жұмыс істейтін компаниялардың 400-ден астам өкілдері тіркелді, олар кейтеринг пен сала нысандарын басқарудың өзекті мәселелерін белсенді талқылады.

Іс-шараны мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі «Petrocouncil.kz» кеңесі ұйымдастырды. Өз сөзінде Petrocouncil мұнай-газ Кеңесі Президиумының төрағасы Ғибрат Сәрсенов Кеңестің іс жүзінде мұнай және газ операторларының, шағын және орта бизнестің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын дамыту бойынша басты және сенімді алаңдардың біріне айналғанын, оның мақсаты – жергілікті қамтуды дамыту және кеңейту екенін атап өтті. Рetrocouncil мұнай-газ компанияларымен, операторларымен, сондай-ақ өңірдегі әртүрлі мүдделі тараптармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды және өзі ұйымдастыратын салалық форумдар мен семинарларда мұнай-газ саласының ең өзекті бағыттары бойынша ашық талқылаулар жүргізеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ секторы мен экология жөніндегі басқарушы директоры Мұратбек МАХАНОВТЫҢ деректері бойынша мұнай-газ секторының кейтеринг қызметтері саласында тұрақты негізде 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Олардың жұмысы ауқымды жобаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады, себебі тамақтану кез келген адам үшін, әсіресе ауыр физикалық еңбекпен айналысатын вахташылар үшін негізгі қажеттілік екені сөзсіз. Осы саладағы оператор-компаниялардың қатаң талаптарының және мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің жауапкершілігі арқасында тамақтандыру қызметтері сапасының жоғары стандарттарын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, өнімнің сапасы мен балғындығы, сондай – ақ тиісті тасымалдау және сақтау сала көшбасшыларының негізгі жұмыс принциптеріне айналды…

«Енді шешімі табылмай отырған мәселелерге келсек, тендерлердің қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан сапалы кері байланыс жеткіліксіз. Кәсіпкерлер ірі мұнай-газ операторларының тендерлері бойынша сұрақтарға жауап алғысы келеді. Ол жеңіліп қалсада, оған жауап берукерек. Сондай-ақ, 30/42 күн бойы төлемдерді тексеру көп уақыт алады. Бақылаушы қателікке байланысты өтінімді қабылдамауы мүмкін, нәтижесінде төлем мерзімі кейінге қалдырылады. Мұны 10 күнге дейін қысқартуға болады», – деді Маханов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жәкиев атап өткендей, 2022 жылдың өзінде республиканың мұнай-газ операторлары (олардың ішінде көшбасшылар – ТШО, NCOC және KPO) кейтеринг және нысандарды басқару бойынша қызметтерді сатып алуға шамамен 500 млн жұмсаған, ал болжамдар бойынша алдағы 7 жылда бұл көрсеткіш 900 миллион долларға жетуі мүмкін.

«Бұл нарықтың келешегі зор, сондықтан форумның мақсаттарының бірі – операторлар мен әлеуетті жеткізушілер арасында сындарлы қарым-қатынас орнату, осылайша біріншісі өз қажеттіліктерімен, жоспарларымен бөліседі, ал екіншісі барлық қызықтыратын сұрақтарды тікелей қоя алады. Сондай-ақ, форум өз алдына тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту деңгейін арттыру міндетін қойып отыр», – деді А. Жәкиев.

Іс-шараға спикер ретінде қатысқан Мұнай-газ секторы мен мұнай сервисі нарығындағы тәжірибелі кәсіпқойлар қатысушыларды логистиканың әртүрлі нысандарымен, жеткізу тізбегімен, қажеттіліктерімен, сондай-ақ нысандарды басқару бойынша қызмет көрсетудің үздік тәжірибелерімен таныстырды.

«Мұндай іс-шаралардың өндіруші үшін де, қызмет тұтынушысы үшін де көмегі зор. Бұл өз өнімдеріңізді тек отандық  емес, сонымен қатар шетелдік әлеуетті клиенттерге көрсетуге өте жақсы мүмкіндік. Ширек ғасыр ішінде орналастыру, тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну нарығында жұмыс істеген біздің компания республиканың барлық аймақтарын қамтыды және қазір қызмет көрсеті аумағын біртіндеп кеңейте бастады. Сондықтан мұндай форумдар өздерін танытуға жақсы мүмкіндік береді», – деп атап өтті»Қарат» ЖШС Теңіз филиалының директоры Берік Әміров.

Форум жұмысы барысында ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар мен бас мердігерлердің топ – менеджерлері нарық қатысушыларына қызметтер мен азық-түлік бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы айтып берді. Өз кезегінде, нарық қатысушылары әлеуетті тапсырыс берушілердің өкілдеріне өзекті мәселелер мен оларды толғандыратын мәселелерді жолдады. 

Форум «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ,»Теңізшевройл»ЖШС, North Caspian Operating Company және Karachaganak Petroleum Operating қолдауымен өтті.

Форумның серіктестері «Карат», Qazaqstan Catering Solutions GUW, KazGlobalSolution, «Алма ист вест груп», Best-Service LTD, CIS Group, NASAR Solutions, TOP Cleaning Kazakhstan, «Бүркіт Сейфти», «Сауда дизайны», «Аспар Қашаған», «Мағыналы бизнес” PR агенттігі.