Қазақстандық компания сұйық азот шығаратын зауытты іске қосты

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласында  «RT Alliance» компаниясының сұйылтылған азот шығаратын зауыты пайдалануға енгізілді.

Компания 2003 жылы сұйық азот және гелий сияқты арнайы газдарды жеткізуші ретінде құрылған. Соңғы жылдар ішінде кәсіпорынның мүмкіндіктері гелийдің жылыстауын айқындау, фланецтік қосылыстарды басқару, құбырларға қызмет көрсету және химиялық тазартуды қоса, мұнай сервисі қызметтерінің секторына дейін артты.

«RT Alliance» ЖШС ҚПО компаниясының қазіргі әрекет етуші мердігері болып табылады, ал бұл жоба – БҚО Индустриалдандыру картасының өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға бағытталған бір бөлігі.

«Компанияның әлеуетін одан әрі дамыту үшін және өңір экономикасына отандық өндіруші ретінде үлес қосу мақсатында, Қазақстан Республикасының ірі мұнай-газ кен орындарының қажеттіліктері ескеріле отырып, 2016 жылы сұйық азот шығаратын зауыт құрылысын салу жобасы іске қосылған болатын», – деп атап өтті RT Alliance» ЖШС директоры Талғат Қазиев.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 4500 тонна құрайды. Компания жобаға 400 миллионнан аса теңге инвестициялап та қойды. Жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Зауыттың арқасында осы өнімді импорттаудан арылатын боламыз. Біз жергілікті мұнай өндіретін кәсіпорындарды сұйық азотпен толық қамтамасыз ете аламыз», – деп бөлісті ойыменТалғат Қазиев.

ҚПО компаниясының жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі менеджері Бақытжан Досқазиев атап өткендей, «бұл зауыт – ҚПО компаниясының жергілікті қамтуды дамыту бойынша Қарашығанақ кен орынынң маңайында өндірістік кластер  құруға бағытталған жобаларының бірі».

«Зауыт сұйық азот өндірісін толық жергіліктендіруге және Қарашығанақ жобасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетті. Бұдан басқа, Қашаған және Теңіз жобаларының өкілдері де осы жобаға қызығушылық білдірді, өйткеніол мұндай өндірісті жергіліктендіруде барлық операторлардыңіскерлік ынтымақтастығының жақсы мысалына айнала алады», – деді Бақытжан Досқазиев.

ҚПО Корпоративтік байланыстар департаментінің деректері бойынша, компаниясоңғы үш жылдың ішінде құны 22 миллиард теңгеден асатын 22 жаңа тауардың жергілікті өндірісін және бұрын шетелдік компаниялар ұсынғанқұны 186 миллиард теңге құрайтын 29 жұмыс және қызмет түрлерінҚазақстан Республикасының аумағында игеруде көмек көрсетті.

Фото: bko.gov.kz