Мұнай-газ операторларының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі соңғы үш жыл ішінде мұнай-газ операторларының жалпы сатып алуларының 28%-ына жетті.
Қазақстан мұнай сервисі компанияларының одағы (KazService) мұнай өндіруші компаниялардың 2016-2018 жылдары жүзеге асырылған тауарлар сатып алуының талдауын дайындады. Соңғы үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушылар 1,3 трлн.теңгеге тауар сатып алған, олардың30%-ы отандық өндірушілерге тиесілі.
«2016 жылдан бастап 2018 жыл аралығында Қазақстанның мұнай өндіруші компаниялары тауар сатып алу көлемдерін 10% ұлғайтты. Қазақстандық компаниялар шығарған тауарлар 369,4 млрд теңгеге сатылып алынды, бұл үшжылдық кезең ішіндегі жалпы соманың 28%-ы. Бұл ретте ҚҚ үлесі 2018 жылы 29,6%-ға жетіп те қойды», – деп хабарлады KazService.
Атап айтқанда, 2016 жылы отандық жеткізушілер мұнай-газ операторларына 108,3 млрд теңгеге тауар сатты, бұл мұнайшылардың жылдық сатып алуларының барлық көлемінің 24,9%-ын құрады. Келесі жылы қазақстандық қамту үлесі 10 млрд теңгеге артып, 118,5 млрд теңге немесе 28,8% құрады. Ал 2018 жылы мұнай өндіруші компанияларға қазақстандық тауарлар жеткізу тағы 22 млрд теңгеге өсіп, 142,4 млрд теңге немесе 29,6% құрады.
Көрсеткіш | Көлемі, млрд теңгемен | ||
2016 ж. | 2017 ж. | 2018 ж. | |
Тауар сатып алудың барлығы | 434,2 | 412 | 480,8 |
Соның ішінде ҚҚ | 108,3 | 118,5 | 142,4 |
ҚҚ үлесі | 24,9% | 28,8% | 29,6% |
Қазақстан мұнай сервисі компаниялары одағының деректері бойынша, анағұрлым сұранысқа ие тауарлар санатына құбырлар, химиялық өнімдер, жанар-жағар май материалдары, электр энергиясы және т.б. кіреді.
Аталған кезең ішінде мұнай өндіруші компаниялар барлығы 1,3 трлн теңгеге тауар сатып алды.
Сатып алу көлемі бойынша Топ-10 тауар позициясы, млрд теңгемен
№ | Сегмент | Сатып алу көлемі | ҚҚ | ҚҚ үлесі |
1 | Құбырлар | 286,4 | 45,9 | 16% |
2 | Химиялық өнімдер | 227,6 | 93,4 | 41% |
3 | ЖЖМ | 125 | 67,9 | 54% |
4 | Ысырмалар, клапандар, шүмектер | 88,3 | 5,4 | 6% |
5 | Электрэнергиясы | 81,2 | 78,4 | 96% |
6 | Сорғылар | 79,2 | 19,6 | 25% |
7 | Генераторлар, компрессорлар | 77,6 | 1 | 1% |
8 | Кабель өнімдері | 50,9 | 3,3 | 7% |
9 | Ұңғыма жабдықтары | 38,8 | 0,9 | 3% |
10 | Құрылыс материалдары | 33,6 | 15,1 | 45% |
Бұл ретте тауар позицияларының көбісінде қазақстандық қамту (ҚҚ) деңгейі сатып алудың жалпы көлемінің жартысына да жетпейді.
«Электр энергиясы мен табиғи газдың 100%-ға жуық қазақстанда өндірілген болуышикізаттың басымдығын көрсетеді», – деп атап көрсетеді сарапшылар.
Атап айтқанда, мұнай-газ компаниялары сатып алған қазақстандық тауарлардың ең көбі электр энергиясы – 78,4 млрд теңге немесе сатылып алынған өнімдердің жалпы көлемінің 96%-ы. Екінші орында табиғи газ: қазақстандық қамту үлесі – 92%, сомасы – 17,5 млрд теңге, ал үшінші орында – ЖЖМ: 54% немесе 67,9 млрд теңге жергілікті қамту.
ҚҚ үлесі ең үлкен топ-10 тауар, млрд теңгемен
№ | Сегмент | Ққ үлесі | ҚҚ сатып алуы | Сатып алудың барлығы |
1 | Электрэнергиясы | 96% | 78,4 | 81,2 |
2 | Табиғи газ | 92% | 17,5 | 18,9 |
3 | ЖЖМ | 54% | 67,9 | 125 |
4 | Ырғалғыш білдек | 45% | 2,5 | 5,5 |
5 | Құрылыс материалдары | 45% | 15,1 | 33,6 |
6 | Трансформаторлар | 42% | 2,4 | 5,8 |
7 | Химиялық өнімдер | 41% | 93,4 | 227,6 |
8 | Сорғылар | 25% | 19,6 | 79,2 |
9 | ЖҚҚ | 24% | 3,9 | 16,6 |
10 | Арнайы техника | 22% | 2,7 | 12,1 |
Ал мұнай-газ саласында қолданылатын жоғары технологиялық өнімдер, бәз-баяғыша, шетелден әкелінеді.
Мысалы, ұңғыма жабдықтары 38,8 млрд теңгеге сатылып алынды, ал қазақстандық өнімдердің үлесі небәрі 2,5% немесе 987 млн теңге құрады. АТ-өнімдерді жер қойнауын пайдаланушылар барлығы 27,5 млрд теңгеге, ал осыған ұқсас қазақстандық тауарларды 34 млн теңгеге сатып алды.
ҚҚ үлесі ең төмен топ-10 тауар, млрд теңгемен
№ | Сегмент | ҚҚ үлесі | ҚҚ сатып алу | Сатып алулардың барлығы |
1 | Мобильдік ғимараттар | 0% | 0 | 6 |
2 | АТ өнімдері | 0,12% | 0,034 | 27,5 |
3 | Жиілікті түрлендіргіш | 0,63% | 0,034 | 5,3 |
4 | Электр жабдықтары | 0,78% | 0,117 | 14,9 |
5 | Қашау | 0,79% | 0,055 | 6,9 |
6 | Дроссель жапқыштар | 1,16% | 0,063 | 5,4 |
7 | Генераторлар, компрессорлар | 1,33% | 1 | 77,6 |
8 | Метбұйым өнімдері | 1,42% | 0,101 | 7,1 |
9 | Жөндеу жынтықтары | 2,21% | 0,427 | 19,3 |
10 | Ұңғыма жабдықтары | 2,54% | 0,987 | 38,8 |