«Senimdi Kurylys» компаниясы тауарлар сатып алу жоспарларымен бөлісті

Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі  (Petrocouncil)мұнай-газ саласында жұмыс атқаратын компаниялардың сатып алу бойынша жоспарларын«Атамекен» ҰКП мен «Қазэнерджи» қауымдастығының қолдауымен жариялауды жалғастыруда.

Бұл жолы  «Теңізшевройл» мұнай-газ өндіруші компаниясының ірі мердігерлерінің бірі болып табылатын «Senimdi Kurylys» ЖШС тауарлар сатып алудың 2019 жылға арналған жоспарымен бөлісті.

Осымен мұнай сервисі компаниясы сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі мөлдірлікті қамтамасыз етуге және  жергілікті қамту үлесін жоғарылатуға ықпал етеді.

Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізімі «Атамекен» ҰКК сайтында (atameken.kz) және «Атамекен» ҰКП мен «Қазэнерджи» қауымдастығы жанынан құрылған  Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесінің (Petrocouncil) сайтында (petrocouncil.kz) жарияланған. Тізімнің ақпараттық сипатта екендігін және көрсетілген конкурстардың қайсысының болмасын өтетіндігіне кепіл болып табылмайтындығын атап өту маңызды.

Фото: ntk-protekt.ru