ТШО өздерінің ықтимал мердігерлерін қалай пайымдайтындықтары жөнінде айтып берді

«ТШО мердігерлері мен қосалқы мердігерлерінің өзара іс-қимылы» дөңгелек үстеліне Атырауда 40-тан астам компания өкілдері жиналды.

«Атамекен» ҰКП мен «Kazenergy»қауымдастығы жанында құрылған Petrocouncil «Теңізшевройл» ЖШС басшылығының Теңіз кен орнындағы  Келешек Кеңейту Жобасына (ККЖ) және Ауыз Қысымын Басқару Жобасына(АҚБЖ)қатысатын қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдеріменкездесуін ұйымдастырды.

Бас директордың орынбасары – Мұрат Мұқашев конструктивтік диалогтың қажеттігін еске салды және  алаң ұйымдастырғаны үшін Petrocouncil алғыс білдіріп, іс-шараны ашты. ККЖ/ АҚБЖжобасының мәртебесі туралыККЖ жобалары директорының орынбасары Айдар Досбаевбаяндады.

Іріктеу және біліктілік

Сонымен, «Теңізшевройл» компаниясы (ТШО) өз жеткізушілерінің алдына қандай талаптар қояды және мердігерлік ұйымдарды таңдау қалай өтеді?

Форумда ККЖ/ АҚБЖ жергілікті мазмұнды талдау жөніндегі үйлестірушісі Асхат Ерғалиев айтып бергендей, ТШО жеткізушісі болу үшін компания біліктілікті бағалаудан табысты өтуі тиіс.

Негізгі бағалауларға бірнеше  кезең кіреді, соның ішінде:

а)  жергілікті мазмұн жөніндегі бөлім жеткізушіні алдын ала іріктеп, жобаның деректер базасына қосады;

б) жалпы өндірістік мүмкіндіктердің сауалнамасын толтыру арқылы жеткізушінің жалпы біліктілігін бағалау;

в) сауалнамаларды толтыру арқылы жұмыстардың белгілі бір көлеміне қатысты жеткізушілердің арнайы мүмкіндіктерін біліктілік бағалау.

«Компания бірінші кезеңде компанияның атауы, орналасқан жері, негізгі қызмет түрі және байланыс туралы ақпарат ұсынады. Бірінші кезеңнен өткен мердігерге жалпы біліктілікті бағалау сауалнамасы жіберіледі», – деп түсіндіреді Асхат Ерғалиев.

Өз кезегінде, жалпы біліктілікті бағалау сауалнамасы бөлімдерден тұрады, онда, соның ішінде, компания туралы, оның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау бойынша мүмкіндіктері туралы жалпы мәліметтер айқындалады. Компанияның жалпы ұйымдастырушылық, өндірістік мүмкіндіктері мен тәуекелдері зерделенеді. Нәтижесінде бұл кезеңнен өткен компаниялар ықтимал мердігерлер тізбесіне енгізіледі.

Ықтимал мердігерлер тізбесі жұмыстардың нақты түрлерін орындайтын ықтимал мердігерлерді анықтау үшін пайдаланылады.

«Жеткізушілердің өндірістік мүмкіндіктерін біліктілік бағалау процесінде басты назар ірі немесе шағын жобаларға қатысу тәжірибесі негізінде алынған білімдерді бағалауғабағытталады», – деп атап көрсетті ТШО өкілі.

Бұл ретте компанияның нормативтік-құқықтық нормаларды сақтау қабілеті, тиісті лицензиялар мен сертификаттардың бар болуы, ағымдағы жүктеме мен жұмыстарды орындау процесін жоспарлау, жергілікті мазмұн бойынша жоспарлар, қазақстандық қызметкерлердің біліктіліктері бағаланады.

Бейіндік сарапшылар компаниялардың жауаптарын бағалауды орындайды. Және тек осыдан кейін ғана компанияны тендерге қатысушылардың тізіміне қосуға болады.

Кәсіпорындарды жеткізушілер тізбесіне қосуға болмайтындығының анағұрлым кең тараған себептерінің қатарында мыналар аталды: толтырылған сауалнамаларда қажетті ақпараттың жоқ болуы; сұрақтарды түсінбеушілік және түсіндіру үшін кері байланыстың жоқ болуы, сонымен қатар еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың сақталмауы. Бұдан басқа тендерге қатысуға қолданыстағы лицензия туралы толық және айқын ақпарат бермеу және т.б. кедергі келтіруі мүмкін.

«Егер компания біліктілікті бағалауды қайтаөткізуді қалайтын болса, онда ол ККЖ/ АҚБЖқазақстандық мазмұнды дамыту бөіліміне өтініш жасауы тиіс» , – деді Асхат Ерғалиев.

Қазақстандық мазмұн және жергілікті кадрларды оқыту

ТШО-ның қазақстандық мазмұнды дамыту сұрақтары бөлімінің қызметкері Напиголла Кәрімов қазақстандық жеткізушілердің әлеуетін дамыту процесіне 4 фазадан: жоспарлау, алдын ала бағалау, сынақ тапсырыс және түпкілікті шешім қабылдаудан тұратынын  мәлімдеді.

Мысалы, қазақстандық мердігерлердің бірін дамытуға компания 2015 бастап 2018 жыл аралығында үш жыл жұмыс атқарды, нәижесінде ол ККЖ/ АҚБЖжеткізушісі болды.

«Бұл трансформатор, кабель, кабель түрлерін желілер үшін, соның ішінде жоғары вольтті желілер үшіншығаратын қазақстандық компания», – деді Напиголла Кәрімов.

Бұл ретте, оның айтуынша, қазақстандық жеткізушілерді дамытуда ТШО-ның техникалық сарапшыларының пікірі маңызды роль атқарады, олар ықтимал жетізушілердің техникалық мүмкіндіктерін бағалайды.

Сонымен бірге ол қазақстандық компниялардың жеткізушілер үшін халықаралық консультанттар жалдайтын Еуропа қайта құру және даму (ЕҚДБ) көмегіне сенім артуларына болатындығын атап өтті.

Өз кезегінде ТШО-ның персоналды оқыту жөніндегі менеджеріАсылбек Нұғманов жұмыскерлерді оқыту ККЖ/ АҚБЖқұрылыс алаңдарында сұранысқа ие 20-дан аса мамандықтар бойынша жүргізілетіндігін айтып берді.

«Біз оқытумен өзіміз айналыспаймыз, бірақ оқыту сапасын бақылау біздің тарапымыздан», – дейді ол.

Оның айтуынша, мердігерлермен келісімшарттарға персоналды оқыту бойынша бюджет те енгізілген. Сондықтан персоналды дамыту және оқыту  бойынша міндеттемелердің барлығы мердігерлік ұйымның тарапында. Бұл ретте тек қазақстандық персоналды оқыту ғана қарастырылған.

«Біздің міндетіміз тек оқыту сапасын бақылау ғана емес, сонымен қатар консультация беру де. Және біз тек мердігерлік ұйымдарға ғана емес, сол сияқты оқу орындарына да одан әрі қалай даму керектігі жөнінде консультация береміз. Өйткені біз тек оқытуды және білікті персонал ұсынуды ғана емес, біз соңымыздан қандай мұра қалдыратындығымызды да ойлаймыз, – деп атап өтті   Асылбек Нұғманов.

Ол таяудағы уақыттарда компания жеткізушілердің форумын өткізетіндігін және  онда персоналды оқыту сұрақтары бойынша қосымша ақпарат ұсыналытындығын хабарлады.

Енді Теңізде

ККЖ/ АҚБЖдиректорының орынбасары Айдар Досбаевхабарлағандай, бүгінгі таңда Теңізде жоғарыда аталған жобаларды іске асыру үшін 1,5 мыңға тарта шағын және үлкен мердігерлік компаниялар жұмыс істеп жатыр, онда 47 мыңдай адам еңбек етуде.

Ол  бүгінгі таңда Теңіздегі инжинрингтік жұмыстардың 90%-ы аяқталуда екендігін, сонымен қатар 90%-дан аса жұмыс бойынша  сатып алу жүзеге асырылғандығын және енді негізгі жұмыстар Теңізде өтетіндігін атап өтті.

«Егер логистика туралы айтатын болсақ, онда өткен жылы құбыр эстакадаларын да, сол сияқты модульдерді де жеткізудің барлық мүмкіндіктері апробацияланды, – деді Айдар Досбаев және – Биылғы жылы біз барлық құбыр эстакадаларының Ерсайдан Теңізге жеткізілімдері аяқталады деп күтудеміз» , – деп толықтырды.

Бұл ретте оның айтуынша жұмыстардың шарықтау шегі тағы үш жылға  созылады.

Өз кезегінде ТШО бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашев ықтимал жеткізушілерді таңдаған кезде компанияның ең алдымен қауіпсіздік техникасына және еңбектің дұрыс ұйымдастырылуына баса назар аударатындығын атап өтті.

Оператор үшін мердігерлік ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігінің де маңызы аземес. Соның ішінде компания мердігерлік ұйымдардың және қосалқы мердігер кәсіпорындардың өз жұмыскерлерінің еңбегіне әділжәнеуақтылы ақы төлеуін қалайды. Бұлл ретте ТШО бұл талаптардың барлығын мердігерлердің қалай орындайтындыған қадағалап отырады.

«Жалпы алғанда сіздерді дербес болуға, егер сіздер ТШО-мен келісімшартқа қол қойсаңыздар, ол сіздерді барлығымен де қамтамасыз етеді деп ойламауға шақырамын. Өз бизнес-жоспары болып, соның ұстану керек», – деді Мұрат Мұқашев.

Анықтаманы қайдан алу керек

Форумға келген кәсіпкерлердің ТШО өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды беру мүмкіндіктері болды.Соның ішінде, мердігерлік ұйымдардың олардың  жеткізушілері болып табылатындықтары туралы анықтаманы қалай алуға болатындығы туралы сұрақ берілді, бұл анықтама тауарды шекарадан баж салығын төлемей алып өтуге мүмкіндік береді.

«Теңізшевройл» өкілдері мұндай құжат алу үшін ТШО-ға хат жолдау қажет деп жауап берді. Бірақ баж салығынан босату оператордың тікелей жеткізушілеріне ғана қолданылады.

«Жігермұнайсервис»өкілдері жергілікті кәсіпорынның қазір тек 20% ғана жүктемесі бар екендігіне реніш білдіріп, ол ТШО шетелдік немесе мысалға, Алматыда, Теңізден бірнеше мың шақырымда орналасқан қазақстандық мердігерлерге беретін тапсырысты орындай алатындығын айтты.

Оператордың өкілдері «Жігермұнайсервис» әлеуетін жақсы білетіндіктерін және компаниямен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыратындықтарын айтты.

Кездесуді аяқтай отырып, форумның модераторы – ҚР «Атамекен» ҰКП мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл жөніндегі ресми өкілі Асылбек Джакиев ТШО коампаниясының әрқашанда жергілікті мазмұн сұрақтары бойынша ынтымақтастыққа әзір екендігін баса айтты. Ол Petrocouncil- Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі алдағы уақыттарда да ірі мұнай-газ операторларының қазақстанық компаниялармен – мұнай-газ саласының ықтимал жеткізушілерімен кездесулерін ұйымдастыратындығын атап өтті.