Жеке индустриялық аймақтар отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамытуға көмектеседі

Қазақстанда ірі жобалар айналасында тауарлар өндірісін жергіліктендіру бойынша арнайы индустриялық аймақтар құру кезінде жергілікті өндірушілерге салық жеңілдіктерін ұсыну қажет.

Бұдан басқа, қаржы, ұлттық экономика, сонымен қатар сауда және интеграция министрліктері ірі операторлардың қажеттіліктері үшін енгізілетін тауарларға кедендік баж салығын және ҚҚС төлеуден қазақстандық өндірушілерді босату мүмкіндігін қарастыруы қажет.

Осындай пікірді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев 17 шілдедеАтырауда өткен мұнай-газмашиналарын жасауды дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде білдірді.

Министрдің айтуынша, жалпы алғанда, соңғы бес жылдың ішінде (2014-2018) мұнай-газ саласында жергілікті қамтудың көлемі артты. Оның ішінде, тауарлар бойынша жергілікті қамту үлесі60%-ға немесе 74 млрд теңгеден  120 млрд теңгеге дейін өсті. Дәл осынша ақшаны жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алуға жұмсаған. Операторлардың қазақстандық қызметтерді сатып алу сомасы 771 млрд теңгеден 835 млрд теңгеге дейін немесе 10%-ға, ал жұмыстарды сатып алу көлемі  834 млрд теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін немесе 80%-ға артты.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда  ірі үш жоба: Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ бойынша да аздаған өсу байқалады. Алайда егер жылдар бойынша жеке-жеке алатын болсақ, онда тауарлар сатып алудағы жергілікті қамту үлесі өте төмен. 2018 жылы ТШО, НКОК жәнеҚПО245 млрд теңге сомаға жуық тауар импорттады, ал жергілікті тауарлар небәрі тек 19 млрд теңгеге ғана сатылып алынды, бұл сатылып алынған тауарлардың жалпы көлемінің 7%-ға жуығын құрайды.

Қазақстандағы қалған мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесі 38% құрайды. Бұл ретте жоғарыда аталған үш ірі жобадағы тауар сатып алудың көлемі республиканың мұнай-газ секторының барлық сатып алуларының 50%-ын құрайды.

Қанат Бозымбаев қазақстандық тауарлардың, соның ішінде машинажасау тауарларының негізгі өсу әлеуеті осы үш жобада жинақталған деп есептейді.

Ол республикада премьер-министрдің тапсырмасы бойынша мұнай-газ операторлары мен қазақстандық өндірушілер өкілдерінің қатысуымен мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылғандығы туралы айтты.

Жер қойнауын пайдаланушылар тізімі талданып, 26 тауар түрінен тұратын тізбе құрылды. Мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту бойынша 58 млрд  сомаға 2019-2025 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспары әзірленді. Операторлардың сапа және техникалық талаптарына сәйкес тауарлар өндіруге мүдделі 18 отандық  кәсіпорын анықталды. 2019 жылдың аяғына дейін операторлар құрылған тізбедегі өндірушілермен 2-3 келісімшарт жасасулары тиіс.

«Импортты жартылай алмастыру резевтерінің бірін біз түпнұсқа жабдықтар өндірісін жергіліктендіруден көреміз. Талдау бойынша үш оператордың мұндай жабдықтарды сатып алуының 10 жылдық кезеңге арналған болжамы  $1,7 млрд құрайды», – деді министр.

Оның айтуынша, ірі мұнай-газ жобаларының акционерлері шетелдік жеткізушілермен келіссөздер жүргізулері және өз өндірістерінің бір бөлігін Қазақстанда жергіліктендіру бойынша талаптар қоюы тиіс.  Өндірістішетелдік компаниялар дербес немесе қазақстандық әріптестермен бірлесіп ашулары тиіс. Жергілікті компания жұмыстарды қойма жайлардан, жөндеу және қарапайым құрастыру операцияларына техникалық қызмет көрсетуден бастап, дайын өнім жасауға  дейін күрделіліктердің артуы бойынша орындайтын болады.

Бозымбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда НКОК тауарларды жергіліктендіру бойынша 20 меморандумға қол қойып та қойды, тағы 50 меморандумға қол қою жоспарланып отыр. ҚПО компаниясы үнемі тауар жеткізуді жүзеге асыратын 8 өндірушіні іріктеп алды, олардың 4-уімен Қазақстанда өндіріс ашу жөнінде меморандум жасасылды. ТШО компаниясында жергіліктендіру бойынша жұмыс 19 өндірушімен жүргізілуде, олардың 9-ымен жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша жоспарлары бар келісімдер жасасылды.

«Жоба операторлары ҚМГ және «PSA»  ЖШС  өкілетті органының қатысуымен 2019-2020 жылдар ішінде барлық өндірушілермен келіссөздер жүргізуі және өндірісті жергіліктендіру бойынша келісімдер жасасуы тиіс деп есептеймін», – деді министр.

Оның пікірінше, енгізілетін тауарларға кедендік баж салығын және ҚҚС төлеуден жергілікті өндірушілерді босату мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл өндірістер құруға ынталандыратын болады. Сонымен қатар ірі жобалардың айналасында тауарлар өндірісін жергіліктендіру бойынша арнайы индустриялық аймақтар құру кезінде өндірушілерге салықтық жеңілдіктер ұсынған да жөн.

Бұл жерде отандық машинажасауды дамытудың пәрменді тәсілдерінің бірі жеке индустриялық аймақ құру болып табылады.

«Әңгіме ірі операторлар өз қажеттіліктеріне тауарлар импорттаған кезде кедендік баж салығын төлемейтіндігінде. Тиісінше, тауарларды Қазақстанда жергіліктендіруге мүдделі қазақстандық немесе шетелдік компаниялар үшін өндірісті іске қосу рентабелді емес. Олардың өнімдері шетелдік жеткізушінің тауарларымен бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Сондықтан қатысушылары салықтық жеңілдіктерді пайдаланатын жеке индустриялық аймақтардың (ЖИА) тізілімін құрып, өндірушілердің позицияларын теңестіру ұсынысы бар», – деді petrocouncil.kz  берген сұхбатында «Атамекен» ҰКП мұнай-газ операторларымен өзара ықпалдастық және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жакиев .

Оның айтуынша, жеке индустриялық аймақ «Теңізшевройл» ЖШСжәне Норт Каспиан Оперейтинг Компани сияқты  аса ірі мұнай-газ операторлары шоғырланған Атырау облысында орналасуы тиіс.

Ол «Атамекен» ҰКП мен «Қазэнерджи» қауымдастығы жанынан құрылған  Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі  (Petrocouncil) өндірісті Қазақстанда жергіліктендіруге мүдделі шетелдік қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен белсенді жұмыс атқаратындығын атап өтті.

Атырауда жеке индустриялық аймақтарды дамыту шеңберінде Ақтау декларациясы бойынша жұмысты жаңғырту қажет.

Мұнай-газ операторларының сатып алу жоспарлары мөлдір болуы және алдын ала жариялануы тиіс. «PSA» ЖШС қолдауымен  Petrocouncil  Дунга кен орнының операторы «Total E&P Dunga GmbH» компаниясының сатып алу жоспарын жариялады.

«Petrocouncil ірі мұнай-газ операторларының барлық бас мердігерлерімен олардың да өз сатып алу жоспарларын жариялайтындықтары жөнінде келісушіліктерге қол жеткізді. НКОК тауарлар сатып алу жоспарларын алдын ала хабарлауға міндеттенді. Қазір ТШО басшылығымен келіссөздер жүргізудеміз», – деді Жакиев мырза.

Ол қазір НКОК компаниясының кейбір деректер бойынша  $6 млрд. сомаға бағаланатын Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жобасын іске асыру күтіліп отырғандығын атап өтті. Және де тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу бойынша негізгі көлемді шетелдік компанияларға беру жоспарланғандығы туралы ақпарат бар. Қазірден бастап өндірісті жергіліктендіруді жоспарлап, бұл іске қазақстандық бизнес-қоғамдастық пен қауымдастықтарды барынша тарта отырып айналыса бастау қажет.