NCOC және Shell Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру жобаларынан кетеді

Мұнай-газ жобаларында үкіметтің мүддесін білдіретін «PSA» ЖШС өкілетті органы Қаламқас-теңіз кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекет меншігіне қайтару бойынша рәсімдердің жақын арада басталатыны туралы мәлімдеді.

PSA хабарлағандай, ҚазМұнайГаз (акциялардың 16,88%-ы), Shell, ExxonMobil, Total және итальяндық Eni (16,81%-дан), сондай-ақ қытайлық CNPC (8,33%) және жапондық Inpex (7,56%) акционерлері болып табылатын NCOC консорциумы Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жоспарларынан бас тарту туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, Shell де Қазақстан билігіне акциялардың 55%-ы тиесілі Хазар кен орнын игеру жобасынан шығатыны туралы хабарлады.

«Біз NCOC және Shell-дан Каламкас-теңіз және Хазар жобаларынан шығу туралы ресми хабарлама алдық. Біздің серіктестеріміздің шешімі жоғары күрделі шығындар аясында осы жобалардың рентабельділігінің төмендігіне байланысты», – деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Бұл ретте «2018 жылдың желтоқсанында Республика мен Солтүстік Каспий жобасына қатысушылар арасында Қаламқас-теңіз кен орнына қатысты Келісімге қол қойылды, онда тараптар арасында 2019 жылдың қазан айының соңына дейін игеру жоспарын бекітуге ұсынбаған жағдайда Қаламқас-теңіз кен орны республикаға өз еркімен қайтарылады деген уағдаластыққа қол жеткізілген болатын» деп атап өтілді.

Қаламқас-теңіз NCOC консорциумымен өнімді бөлу туралы келісім шарттарында өңделетін Қашаған кен орнымен бір келісімшарттық аумаққа кіреді.

Хазар құрылымы Жемчужина жобасының келісімшарттық аумағына кіреді, оны ӨБК талаптарымен Caspi Meruerty Operating Company (CMOC) компаниясы жүзеге асырады. Shell-ден (55%) басқа, соңғысының акционерлері – ҚазМұнайГаз (25%), Оман Ойл (20%) болып табылады.

«Жақын арада Қаламқас-теңіз кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекет меншігіне қайтару рәсімі басталуы тиіс. Осы процесс аяқталғаннан кейін Республика жобаға басқа инвесторларды тарту мәселесін қарастыруы мүмкін», – деп атап өтті ҚР Энергетика министрлігінде.

Жаңа келісімшарттар өнімді бөлу туралы келісім шарттарында емес, ағымдағы салық заңнамасына негізделетін болады.

«Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл республика үшін оңтайлы. Хазар кен орнынан жобаның барлық қатысушыларынан шығу туралы ресми хабарлама алған жағдайда, осы учаскеге қатысты да мемлекеттік меншікке қайтарудың ұқсас рәсімі жүргізілетін болады. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған акционерлер жүзеге асырған жобаны іске асыруға жұмсалған шығындар өтелмейтін болып табылады. Shell компаниясы қазіргі таңда геологиялық-барлау және сейсмикалық жұмыстар, бағалау ұңғымаларын бұрғылау түрінде Хазар жобасын жүзеге асыруға шамамен $900 млн инвестиция салды, және осының барлығы республикаға өтеусіз негізде берілетін болады», – деп сендірді министрлікте.

Фото: psa.kz