Қазақстан ОПЕК + министрлер вебинарына қатысады

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды.

Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз.

Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығында байқалатын теңгерімсіздік тек ОПЕК+ елдерінің ғана күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр, қалыптасқан жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын қажет етеді.