ТШО кімге көмектеседі?

2020 жылы мұнай-газ саласы да бұрын-соңды болмаған айтулы сынды бастан өткерді. Осынау қиындықтарға қарамастан, «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы біртұтас ұжым ретінде әрекет етіп, қауіпсіз әрі үздіксіз өндірістік қызметті жүзеге асырып қана қоймай, Қазақстан халқына көмек қолын ұсынып, медицина қызметкерлері мен тұрғындар қажеттілігі үшін 3,3 млрд теңгеден астам қаржыға тиісті жабдықтар мен қорғаныс құралдарын жеткізді.

ТШО бірінші кезекте Атырау қаласында ПТР сынамасының қуатын арттыру мүмкіндігін қарастырып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне қайтарымсыз негізде тәулігіне 800 сынама жасайтын арнайы жабдықтар әперді. Кәсіпорын өзінің бизнес серіктестерімен және мердігер ұййымдарымен бірлесе отырып, Құлсары қаласындағы 200 төсектік көп салалы медициналық кешен құрылысын қаржыландыруда.

ТШО 648 мыңнан астам жеке қорғаныс құралдарын, 56 оттегі концентраторларын, 252 медициналық жабдық ты, 20 ИВЛ аппаратын, коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 2 ПТР құрылғысын, медициналық көліктер, пирометрлер, тепловизорлар мен дезинфекциялау құралдарын, реанимобильдер мен жедел жәрдем көліктерін сатып алды, сонымен қатар студенттер мен дәрі-дәрмектерді Атырау облысына жеткізуге арналған рейстерді ұйымдастырды.

«ТШО-ның бүкіл тарихында әлеуметтік инвестициялар компанияның тұрақты дамуының ажырамас бір бөлігі және аймақтағы іскерлік этиканың негізі болды. Біз өзіміз орналасқан жердегі қоғамдастыққа жоғары этикалық тұрғыда мән бергенде ғана бизнестің дамуына оң ықпал ететінімізге сенімдіміз», – деп үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджер Рзабек Артығалиев өз ойымен бөлісті.

Атырау облысының қоғамдастығын қаржыландыруды ТШО екі бағдарлама, атап айтқанда «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылым және әлеуметтік инвестициялар бағдарламалары (ӘИБ) арқылы жүзеге асыруда. «Игілік» бағдарламасы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын (балабақшалар, мектептер, саябақтар және т.б.) салуға бағытталған болса, ӘИБ бағдарламасы стратегиялық маңызға ие салаларда ұзақ мерзімді әлеуетті дамытуды көздейді.

ӘИБ-дің негізгі міндеті– экономикалық дамуды ынталандыру, білім алу мен оқыту мүмкіндіктерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар денсаулығын жақсартуға ықпал ету. ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламас Атырау облысын, негізінен Атырау қаласы мен Жылыой ауданын, сонымен қатар Маңғыстау облысын, оның ішінде Ақтау, Форт-Шевченко қалаларын, Құрық, (Қарақия ауданы), Баутино (Түпқараған ауданы) және Боранқұл ауылдарын (Бейнеу ауданы) қамтиды. Көп жағдайда жергілікті қоғамдастықтармен өзара байланыс бағдарламаларының табысты болуы ТШО-ның мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдармен және тұрғындармен бірлесіп атқарған қоғамдық-жеке әріптестіктің арқасы екендігі сөзсіз.

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар жобалары
ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы арқылыАтырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтауды дамыту.

Дәрігерлер мен медбикелерді үздіксіз оқыту менкәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасалды. Емделушілермен жұртшылықтың денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты ақпараттар алуына мүмкіндіктер кеңейді. Мектеп оқушылары үшін дұрыс әдеттерді қалыптастыру тақырыбында арнайы сабақтар өткізілді.

Емделушілерге кеңес беру құпиялығына қатысты «кабинетте бір медициналық қызметкер – біремделуші» атты жаңа стандарт біртіндеп қолданысқа енгізілуде.

«Адам – адамға» денсаулық сақтау қоры туберкулез профилактикасы бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. Денсаулық сақтау қоры жобаға кең ауқымды саяси және ұйымдастырушылық тұрғыдан қолдау көрсетіп, балалар мен жасөспірімдерді туберкулез профилактикасымен жан-жақты қамту үшін денсаулық сақтау жүйесі, мектепке дейінгі және жалпы білім беру салалары аясында кадрлық әлеуетті күшейтуге үлес қосты.

Медицина қызметкерлерінің жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау бойынша біліктілігін арттыру

«Ақбөбек» ҮЕҰ гинеколог-дәрігерлердің жастарға жасөспірім кезеңдегі клиникалық және психо-әлеуметтік ерекшеліктерді ескере отырып, медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттырды, сондай-ақ мектептердегі медбикелер үшін жасөспірімдерге репродуктивтік денсаулық сақтау негіздерін түсіндіруге бағытталған оқу бағдарламасын ұйымдастырды.

Аталмыш бағдарлама аясында медицина қызметкерлері жасөспірімдерге консультация беру кезінде пайдаланатын әдістемелік оқу құралдары дайындалды.

«БолашақК» қоғамдық қоры арқылы медициналық оңалту қызметтерінің әлеуетін арттыру

«БолашақК» қоғамдық қоры медициналық оңалтуға (кинезиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, кинестетикс), педагогикалық және әлеуметтік түзетуге (дефектология, эрготерапия, логопедия, психология) қатысты кадрларды дайындау және қайта дайындау жөніндегі білім беру орталығын ашты. Осының арқасында Атырау
облысының тұрғындары үшін мамандарды, науқастардың ата-аналары мен туыстарын заманауи оңалту іс-шараларына оқыту арқылы атап өтілген қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы жақсартылды.

«Шағын ел» әлеуметтік ауылы

Әлеуметтік ауыл – бұл жылқылары, ешкілері, қойлары мен тауықтары, бау-бақшасы, шығармашылық шеберханасы мен оқу сыныптары бар ауылтұрмысы. Жоба аясында ат сайысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің қатысуымен ат үстіне отыруға, емдік мәнерде және бейімдеп мінуге қатысты қызметкерлерге арналған бір айлық оқыту семинары ұйымдастырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасы («Беларусь» тракторы, шөп шапқыш, пресс-іріктегіш және т.б. механизмдер) сатып алынды, нәтижесінде ұйым өзінің жеке шөп өндірісінбастады.

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ

«Ынтымақ» жобасы ТШО еріктілерін жұмылдыру арқылы Атырау облысының балалар үйлеріндегі, жоғары және орта оқу орындарындағы білім қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған білім беру және қайырымдылық іс-шараларын жүзеге асырады.

«Ынтымақ» қоғамдастығының еріктілері Атырау облысының жастары үшін ағылшын тілі клубтарын, қонақ дәрістерін және көптеген курстарды ұйымдастырды. Жыл сайын «Ынтымақ» еріктілері Жайық өзеніндегі шабақтарды құтқарады, ағаштар отырғызады және де экологиялық жобаларға белсенді түрде қатысады. «Ынтымақ» жобасының бенефициарлары қатарында Шаңырақ балалар үйінің, Жастар үйінің, бейімдеу орталығының балалары мен жасөспірімдері, Атырау және Құлсары қалаларындағы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінде тұратын қарт адамдар бар.

«Атыраудың болашақ кәсіпқойлары»

«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ЖҚБ ұйымдастырған жоба ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыруға және қоғамдағы болашақ кәсіби мамандардың әлеуетін дамытуға бағытталған. Жоба аясында психологтар мен педагогтар оқушылардың тұлғалық құрылымын зерттеп, мектеп түлектеріне мамандық таңдау бойынша кеңестер ұсынды және өздерінің кәсіби қоржындарын қосымша психологиялық әдістемелермен толықтырды. Оған қоса, Атырау қаласының 5 және Жылыой ауданының 5 мектебінен өз-өзін және өзінің психо-эмоционалдық күйін түсіну дағдыларын қалыптастырған 10-18 жас аралығындағы балалар жобаның бенефициарлары болды. Олардың ата-аналары балалар үшін өмірлік стратегияларды құру дағдыларын қалыптастыруға және қоғам үшін келешек кәсіби маман даярлауға үйретілді.

«Q@Z@QSH@ S@IR@!»

Академик З. Қабдолов атындағы жеке меншік қор инновациялық технологиялар көмегімен қазақ тілін үйренуді дәріптеуге және аудиторияны кеңейтуге бағытталған «Q@Z@QSH@ S@IR@!» жобасын жүзеге асыруды жалғастырды. Абай атамыздың 175 жылдығына орай, жоба бенефициарлары ұлы ақынның өлеңдерін орыс тіліне аударып, оның шығармашылығымен жақыннан танысты. Оған қоса, Қазақша Сайра! (kabdolov.kz) сайты «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Оқу материалдары», «Поэзия және музыка», «Қазақ халқының мақал-мәтелдері», «Электрондық кітаптар», «Бейне подкасттар» мен «Деректі фильмдер» айдарлары бойынша жаңа материалдармен толықтырылды.

Британдық Кеңестің «Ағылшын тілі жетістік үшін» жобасы

Маңғыстау облысының елді мекендеріндегі ағылшын тілі мен негізгі пән мұғалімдерінің әлеуетін арттыру еліміздің шалғай аймақтарында тұратын жастардың болашақта табысты болуына септігін тигізеді. Жоба аясында мұғалімдер практикалық ғылыми тәжірибелер жасау арқылы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту және ғылыми терминологияны ағылшын тілінде оқыту тәжірибесін жинақтады.

Мұғалімдер аталмыш тәжірибені жаңа оқу жылында оқушылармен мектепте немесе онлайн оқыту барысында қолдана алады. Британдық Кеңес мұғалімдерге аймақтағы көптеген мектептер мен оқушыларға тиімді болатын өршіл, ауқымды және инновациялық бастамалар арқылы қашықтықтан оқытуда қолдау көрсетті.

Сонымен қатар Қазақстандағы бастауыш және орта мектептердің ағылшын тілі мұғалімдеріне ағылшын тілінде ең үздік бейне сабақтар жасау бойынша онлайн-байқау ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 212 мұғалім қатысып, мектеп оқушыларына арналған он минуттық 30 бейне сабақ жасалды.

Даму қолөнерден басталады

«Шаңырақ» қоғамдық қоры қолөнерді, STEM-ді, арт-терапияны дамыту, құм терапиясы үйірмелерінде балалардың денсаулығын жақсарту және ұсақ моторикасын дамыту, мектептен бос уақытында балаларды қолөнер терапиясына баулу арқылы мұғалімдердің білімін жетілдіру, сондай-ақ «Періште» орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарын қолөнерге үйрету жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық кеңістіктер, Орталық Азияның Еуразия Қоры.

«Қоғамдық кеңістіктер» жобасының мақсаты – өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру. Бұл жоба Жылыой ауданының 6 ауылында, сондай-ақ Форт-Шевченко қаласы мен Маңғыстау облысының Баутино, Құрық пен Боранқұл ауылдарында жүзеге асырылды.

Жергілікті белсенділер жобалау мен жобаларды басқару саласында дағдылары мен білімін шыңдап, қоғамдық орындардың инфрақұрылымына қатысты негізгі мәселелерді анықтап, өз елді мекендерін жақсартуға орасан зор үлес қосты. Осылайша, Жылыой ауданында жергілікті халық күшімен балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын, демалыс орындарын құру, мектеп асханасын ашу, балабақшалар мен мектептерді көгалдандыру сияқты 14 шағын жоба атқарылды. Осыған ұқсас шағын жобалар Маңғыстау облысында да жүзеге асырылды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) жүзеге асырған «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Жобаның мақсаты – Атырау және Маңғыстау облыстарында әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды қолдау.

2020 жылы 12 жобаға қаржылық қолдау көрсетілді, олардың 8-і қалыпты және мүгедек балаларға арналған жоба, 1-і қалдықтарды сұрыптау және жоюға қатысты экологиялық жоба, 2-і қолөнер шеберханаларын дамыту жобасы және 1-і парапауэрлифтинг жобасы болып табылады. «Жарқыра» бағдарламасы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың барлық циклын қамтиды, атап айтқанда: өтініштерді іріктеу, оқыту, жобаларды қаржыландыру бойынша конкурс пен консультациялар.

«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жобаның ағымдағы жылғы негізгі мақсаты – Атырау қаласында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін еңбек дағдыларын меңгеруіне көмектесетін «ДОС» оқыту орталығын құру болды.

Ақтау қаласы мен Боранқұл, Баутино және Құрық ауылдарындағы мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған әлеуметтік жоба. «Ұрпақ Next» қоғамдық қоры 18-45 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер мен әйелдерді жаңа технологиялар (кесте тігу, киімді конструкциялау, дизайн әзірлеу, құрақ тігу) бойынша тігу, тоқу, кәдесый бұйымдарын әзірлеу, сондай-ақ кондитерлік өнімдерді жасау дағдыларына оқыту курстарын ұйымдастырды. Оған қоса, бенефициарлар бизнес жүргізу және өз кәсібін ашу
бойынша білім алды.

«Жастар Жетістіктері» ҚҚ бастамасымен «Әйелдерге арналған үй бизнесі» жобасы іске қосылып, Ақтау қаласы, Баутино, Боранқұл және Құрық ауылдарында тұратын әйелдер шағын бизнесті үйде жүргізу, сапалы өнім жасау және оны нарыққа шығару, бәсекелестік пен әріптестікті қалыптастыру, бизнесті дамытуға қаражат тарту, көшбасшылық қабілеттерді жетілдіру бойынша оқу курстарын тәмамдады. Жоба аясында «Сүт және сүт өнімдері», «Жүн бұйымдарын жасаудың жаңа технологиялары», «Тігін бұйымдарын жасаудың жаңа технологиялары», «Шағын аумақтарда жылыжай арқылы жеміс-жидектер мен көкөністерді және саңырауқұлақтарды өсіру» және «Балық өнімдері» атты бірнеше мастер-класс өткізілді.

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Атырау облысына пайда әкелу. Әр жобадағы басты құндылық, ол – адам.