Бизнес мемлекетке мамандарды оқытуда көмектесуі тиіс, деп есептейді Сапарбаев

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев білікті кадрлар дайындауда бизнес мемлекетке көмектесуі тиіс, деп есептейді.

Кадрлар дайындау

«Біз Қазақстанда оқытылмайтын мамандықтар бойынша оқытуымыз керек. Біздің мамандарымызды оқыту қажет. Тек мемлекет қана емес, сонымен қатар бұл істе бизнес те көмектесуі тиіс», – деді Бердібек Сапарбаев сейсенбі күні, 28 мамырда өткен Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы Оливье Лазармен кезедсу барысында.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, сұхбаттасушылар кадрлар дайындау сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін, өндірістің және инфрақұрылымдық ортаның қауіпсіздігін де талқылады. Тараптар одан әрі өзара іс-қимылдарға әзір екендіктерін білдірді.

Министр «Шелл» концернінің Қазақстан үкіметімен ынтымақтастығының көп жылғы конструктивті тарихын атап өтті.

Оливье Лазар өз кезегінде компания қабылдаған қазақстандық кадрлардың біліктілігін жоғарылату және ұлттық кадрлардың, соның ішінде басшы лауазымдардағы кадрлардың, үлестерін арттыру стратегиясы туралы айтып берді.

Ол сонымен бірге одан әрі конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға арналған бірқатар ұсыныстарды жеткізді.

Сапарбаев олардың бір бөлігі ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіжанында құрылған еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту сұрақтары жөніндегі жұмыс тобының аясында өз шешімін тапқандығын атап өтті.

Кадрларды болжау

Қазақстанда 2019 жылдыңаяғынадейінеңбекресурстарынболжаудыңҰлттықжүйесіәзірленетінболады.

«Еңбек нарығының кадрларды қажетсінуін болжау мәселесін шешу үшін 2019 жылдың аяғына дейін еңбек ресурстарын болжаудың Ұлттық жүйесі қалыптастырылатын болады», –  деді Б.Сапарбаев 8 мамырда үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұл ретте ол Ұлттық жүйенің басты міндеті – еңбек ресурстарының еңбек нарығындағы ұсыныстарын болжау және экономика үшін сұранысқа ие кадрларға сұраным қалыптастыру деп атап өтті.

«Ұлттық болжау жүйесі 2050 жылға дейінгі демографиялық модель, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығының макроэкономикалық моделі және алдағы екі жылға қысқамерзімді болжамнегізіндегі үш деңгейлі әдістемеге негізделеді», – деп түстіндірді министр.

Ұлттық болжау жүйесінің нәтижелері қысқамерзімді дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастыруда, техникалық және кәсіптік, сонымен қатар жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің мамандар дайындауына мемлекеттік білім беру тапсырысын құру кезінде пайдаланылатын болады деп жобаланып отыр.

Фото: shell.com.kz