Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі(Petrocouncil) жеткізілетін тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге мұнай-газ операторлары 2018 жылы қандай тапсырыстарды орналастырғандығы туралы мәліметтерді қазақстандық
компаниялардың назарына ұсынады. Бұл деректер отандық кәсіпорындарға өндірісті дамыту стратегиясын таңдауда көмектесуі тиіс, өз кезегінде бұл жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайтуға ықпал етеді.
2018 жылы республиканың мұнай-газ саласындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер (ТЖҚ) сатып алудың жалпы көлемі 6 трлн теңге ($16 млрд) құрағанын атап өтелік, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30% көп. Бұл ретте барлық сатып алулардың 77%-ы үш ірі мұнай-газ
операторының: «Теңізшевройл» ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) және Қарашығанақ петролеум оперейтинг (ҚПО) үлесіне тиесілі.
Бәрінен көп өндіретін кім
Сонымен, KazService деректеріне сәйкес, 2018 жылы тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудың жалпы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 30 % өсіп, 6 трлн теңге құрады. Бұл ретте ТШО, НКОК және ҚПО 4,6 трлн сомаға ТЖҚ сатып алды, бұл барлық шығынның 77%-ын құрайды.
Сонымен бірге, мұнай секторы Қазақстанның Ұлттық қорына аударымдарды 60%-ға немесе 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Мұнай сервисі компанияларының салықтық төлемдері 370 млрд теңгеден асты. Бұл ретте мұнай сервисі саласындағы жұмыскерлердің саны 180 000 адамға дейін өсті.
Аса ірі мұнай өндірушілердің тізімін жылына 28,6 млн тонна өндіру деңгейімен ТШО бастады. Екінші орында 13,2 млн тонна өндіру көлемімен НКОК және үшінші орында ҚПО – 12,1 млн тонна.
№1 кестені қараңыздар.
№ | Компания | Мұнай өндіру (тонна) |
Салықтық төлемдер (млрд. теңге) |
Сатып алулар (млрд. теңге) |
Қызметкерлер саны |
1 |
Теңізшевройл |
28,6 |
1 951 |
4 006 |
3 813 |
2 |
НКОК |
13,2 |
103 |
361 |
2 683 |
3 |
ҚПО |
12,1 |
680 |
272 |
4 102 |
4 |
Маңғыстаумұнайгаз |
6,3 |
373 |
336 |
4 446 |
5 |
Өзенмұнайгаз |
5,4 |
194 |
180 |
9 283 |
6 |
СНПС-Ақтөбемұнайгаз |
3,8 |
181 |
130 |
5 604 |
7 |
Ембімұнайгаз |
2,8 |
146 |
70 |
3 055 |
8 |
Қазгермұнай |
2,7 |
108 |
46 |
757 |
9 |
Қаражанбасмұнай |
2,1 |
112 |
73 |
2 312 |
10 |
Бузачи Оперейтинг |
1,3 |
40 |
14 |
913 |
Мұнай-газ саласындағы сатып алулардың динамикасы жыл сайынғы өсуді көрсетеді. Егер, мысалға, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу көлемі 3 трлн теңгеден сәл асатын соманы құраған болса, онда келісі жылы бұл көрсеткіш 3,4 трлн теңгеге өскен. 2016 жылы ол 4,5 трлн теңгеге жеткен.
Бұл ретте мұнай сервисі қызметтерінің аса ірі тапсырыс берушілері бұрынғысынша ТШО, НКОК және ҚПО болып қалып отыр. 2014 жылы олар 1,5 трлн теңгеге ТЖҚ сатып алған, ал 2016 жылы – 3,3 трлн теңгеге ТЖҚ сатып алған.
Құрылыс игерілді
Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының мәліметі бойынша, қазақстандық мұнай сервисінің нарығы өткен жылы 2,8 трлн теңгеден асты, бұл 2017 жылғы осындай көрсеткіштен 500 млрд теңгеге көп. Бұл ретте қазақстандық қамтудың үлесі 51 % құрады. Нарықтың бес негізгі сегменті: құрылыстық-монтаждау жұмыстары, бұрғылау жұмыстары, жобалау және инжиниринг, техникалық қызмет көрсету және сараптама, геология және гаофизика арасынан ең көп тапсырысты қазақстандық мұнай сервисі компаниялары құрылыстық-монтаждау жұмыстары саласы бойынша алған. Бұл саладағы қазақстандық қамтудың үлесі 78%-ға жетті. Отандық компаниялар жобалау және инжиниринг саласынан ең аз көрінеді.
№2 кестені қараңыздар.
№2 кесте Қазақстандық мұнай сервисі нарығы |
||||
Сатып алу, млрд. тг | KZ үлесі (%) | |||
Сегмент |
2016 |
2017 |
2018 |
|
Құылыстық-монтаждау жұмыстары |
888 |
1 032 |
1 519 |
78% |
Бұрғылау жұмыстары |
349 |
418 |
372 |
64% |
Жобалау және инжиниринг |
334 |
493 |
517 |
12% |
Техникалық қызмет көрсету және сараптама |
218 |
252 |
252 |
46% |
Геология және геофизика |
253 |
135 |
186 |
16% |
Барлығы: |
2 042 |
2 330 |
2 847 |
51% |
2018 жылы ең ірі ТОП-20 мұнай сервисі компанияларының тізіміне небәрі үш толығымен қазақстандық және екі бірлескен кәсіпорын кірді. Рейтингті Оңтүстік Кореяның «Daewoo Shipbuilding & Marine Engineering Co., Ltd» (DSME) компаниясы бастады, ол жалпы жиынтығында 539 млрд теңгеге немесе $1,4 млрд-тан аса сомаға металл конструкцияларын жеткізуге тапсырыстар алған. Екінші орында британиялық «KPJV» компаниясы, ол – ТШО-ның Теңіздегі келешек кеңею жобасының бас мердігері. Кәсіпорын инжинирингте 284 млрд теңге табыс алды. Үшінші орында «Теңіз Сервис» қазақстандық компаниясы. Ол 204 млрд теңгеге құрылстық-монтаждау жұмыстарына тапсырыстар алды.
2018 жылы тек DSME компаниясы ғана мұнай-газ құрылысы нарығында 35,5% тапсырыс игерді. Бұл ретте осы жұмыс түрлерінің 88%-дан аса көлеміне 1,3 трлн теңгеге ТШО тапсырыс берген.
№№ 3,4 кестелерді қараңыздар
№3 кесте Құрылыс көлемдері бойынша Топ-10 компания | |||
№ | Компаниялар | Сома млрд. тг | Үлес (%) |
1 | Daewoo Shipbuilding & Marine Engineering (DSME) | 539,2 | 35,5 |
2 | TenizService | 203,9 | 13,4 |
3 | ErSai Caspian Contractor | 194,2 | 12.8 |
4 | Senimdi Kurylys | 85,4 | 5,6 |
5 | Consolidated Contracting Engineering & Procurement (CCEP) | 69 | 4,5 |
6 | GATE Inshaat | 55,8 | 3,7 |
7 | Sicim | 44,8 | 3 |
8 | Kazakhstan Caspian Offshore Industries (KCOI) | 25,9 | 1,7 |
9 | Kazcomservice | 23,3 | 1,5 |
10 | Bonatti S.p.A. | 23,2 | 1,5 |
№4 кесте Мұнай-газ құрылысы нарығының Топ-10 тапсырыс берушілері | |||
№ | Жер қойнауын пайдаланушы | Сома, млрд. тг | Үлес (%) |
1 | ТШО | 1 342,5 | 88,4 |
2 | НКОК | 69 | 4,5 |
3. | ҚПО | 55,3 | 3,6 |
4 | Жайықмұнай | 12 | 0,8 |
5 | Маңғыстаумұнайгаз | 9,7 | 0,6 |
6 | Ембімұнайгаз | 6,4 | 0,4 |
7 | Өзенмұнайгаз | 5,5 | 0,4 |
8 | КМК Мұнай | 3,3 | 0,2 |
9 | СНПС Ақтөбемұнайгаз | 2,9 | 0,2 |
10 | KAZPETROL GROUP | 2,8 | 0,2 |
Бұрғылау нарығы
2018 жылы бұрғылау жұмыстарының нарығында «KMG Nabors Drilling Company» қазақстандық-америкалық компаниясы нарықтағы тапсырыстардың 15% -ын игеріп, бәрінен көп – 56,9 млрд теңге табыс тапты.
Нарықтағы тапсырыстардан «Бұрғылау» және «Oil Services Company» компаниялары 11%-дан алды. Құрамына мұнай-газ ұңғымаларын жөндеу, цементтеу, жерасты жөндеулері және күрделі жөндеулер кіретін бұрғылау жұмыстарының жартысына «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» және ТШО компаниялары ақы төледі.
№ 5,6 кестелерді қараңыздар
№5 кесте Бұрғылау бойынша Топ-10 компания | |||
№ | Компания | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | KMG Nabors Drilling Company | 56,9 | 15,4 |
2 | Бұрғылау | 43,8 | 11,8 |
3 | Oil Services Company | 43,4 | 11,7 |
4 | ТұлпарМұнай Сервис | 19,7 | 5,3 |
5 | ИБК Си Бу | 30,9 | 8,4 |
6 | СБП КазМұнайГаз Бурение | 25,4 | 6,9 |
7 | ӨзенМұнайСервис | 13,8 | 3,7 |
8 | Восток нефть и сервисное обслуживание | 17,1 | 4,6 |
9 | ККБК «Великая стена» | 11,9 | 3,2 |
10 | SMART-Oil | 11,6 | 3,1 |
№6 кесте Бұрғылау жұмыстарына Топ-10 тапсырыс берушілер | |||
№ | Жер қойнауын пайдаланушы | Сома, млрд. тг | Үлес (%) |
1 | Маңғыстаумұнайгаз | 62,1 | 16,8 |
2 | Өзенмұнайгаз | 61,9 | 16,7 |
3 | ТШО | 59,1 | 16 |
4 | СНПС Ақтөбемұнайгаз | 28,9 | 7,8 |
5 | Қаражанбасмұнай | 23,8 | 6,4 |
6 | «Алмэкс Плюс» фирмасы | 15,5 | 4,2 |
7 | ҚПО | 13 | 3,5 |
8 | САУТС-ОЙЛ | 11,6 | 3,5 |
9 | Ембімұнайгаз | 11,1 | 3 |
10 | Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз (ПҚҚР) | 8 | 2,2 |
Жобалау және инжиниринг
Ал, қазақстандық мұнай сервисі компаниялары жобалау және инжиниринг саласында ең төменгі үлеске ие. Мұнда, негізінен, өз қызметтерін шетелдік компаниялар ұсынады. Мысалға, өткен жылы тапсырыстардың жартысынан көбін «KPJV» британиялық компаниясы игерді. Жұмыстардың 90%-ынан көбіне ТШО тапсырыс берген.
№ 7,8 кестелерді қараңыздар.
№7 кесте Жобалау бойынша Топ-10 компания | |||
№ | Компания | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | KPJV | 283,6 | 54,8 |
2 | Mustang Engineering Limited | 73,6 | 14,2 |
3 | Nuovo Pignone SRL | 42,2 | 8,2 |
4 | Worley Parsons & KGNT | 13,4 | 2,6 |
5 | Tecninco Engineering & Caspy Engineering | 11,1 | 2,1 |
6 | Wood Group | 3,8 | 0,7 |
7 | KMG Project LLP | 3,3 | 0,6 |
8 | Bechtel Limited | 3,1 | 0,6 |
9 | PM Lucas Kazakhstan | 3 | 0,6 |
10 | Genesis Oil&Gas Consultants Ltd | 2,7 | 0,5 |
№8 кесте Жобалау бойынша Топ-10 тапсырыс беруші | |||
№ | Жер қойнауын пайдаланушы | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | ТШО | 471,6 | 91,2 |
2 | ҚПО | 27,7 | 5,4 |
3 | НКОК | 3,7 | 0,7 |
4 | Caspi Meruerty Operating Company BV (CMOC) | 3,5 | 0,7 |
5 | Өзенмұнайгаз | 2,6 | 0,5 |
6 | ЖАИКМҰНАЙ | 2 | 0,4 |
7 | Ембімұнайгаз | 1,7 | 0,3 |
8 | ПҚҚР | 1,1 | 0,2 |
9 | Қазақтүрікмұнай | 1 | 0,2 |
10 | Қазгермұнай | 0,6 | 0,1 |
Геофизика және геология
Ұңғымаларды геологиялық және геофизикалық зерттеулер, сейсмикалық барлау, гқабатты гидравликалық жару, мұнай беруді ұлғайтуда жұмыстардың негізгі көлемін шетелдік компаниялар орындайды. Бөлінген қаражаттың жартысынан көбін – 92 млрд теңгеден астам соманы игерген көшбасшы үштік француздық «Schlumberger», қытайлық «Биджипи» және америкалық «Baker Hughes» компаниялары болып табылады.Тапсырыстардың үштен бірінен артығын ТШО берген, одан кейінгі ҚПО (15%) және үштіктің соңында «КазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны – қазақстандық «Өзенмұнайгаз» компаниясы (8%).
№№ 9,10 кестелерді қараңыздар
№9 кесте Геофизикалық қызметтер бойыша Топ-10 компания | |||
№ | Компания | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | Schlumberger | 64,4 | 34,2 |
2 | Биджипи Геофизические услуги | 20,4 | 10,8 |
3 | Baker Hughes services | 14,9 | 7,9 |
4 | М-Техсервис | 10 | 5,3 |
5 | Halliburton | 9,2 | 4,9 |
6 | Weatherford Kazakhstan | 8,8 | 4,7 |
7 | CNLC International Kazakhstan Inc | 8,2 | 4,4 |
8 | МұнайФилдСервис | 7,2 | 3,8 |
9 | Warner Land Surveys | 3,6 | 1,9 |
10 | Expro Eurasia Limited | 3,5 | 1,9 |
№10 кесте Геофизикалық қызметтер бойыша Топ-10 тапсырыс берушілер | |||
№ | Жер қойнауын пайдаланушы | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | ТШО | 67,7 | 36 |
2 | ҚПО | 28,7 | 15,2 |
3 | Өзенмұнайгаз | 16,3 | 8,7 |
4 | Маңғыстаумұнайгаз | 15,1 | 8 |
5 | СНПС Ақтөбемұнайгаз | 11,1 | 5,9 |
6 | ЖАИКМҰНАЙ | 7,8 | 4,2 |
7 | NCOC | 6,8 | 3,6 |
8 | ПҚҚР | 6,4 | 3,4 |
9 | Жамбыл Петролеум | 5,7 | 3 |
10 | «Алмэкс Плюс» фирмасы | 3,1 | 1,7 |
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
2018 жылы қазақстандық мұнай сервисі компаниясы орындаған ең ірі тапсырыс техникалық қызмет көрсету және жөндеу облысына жатады.
«Neftestroiservice» ЖШС 38 млрд теңгеден асатын сомаға жұмыстар орындады, бұл техникалық қызмет көрсету және жөндеу нарығы көлемінің 15%-дан артығын құрайды.
Екінші орындағы британиялық «Denholm-Zholdas» компаниясы ақшаны 8 млрд теңгеге аз тапты. Ал көшті бастаушы үштіктің соңында – 26 млрд теңгеге қызмет көрсеткен италиялық PERAR SPA компаниясы. Жұмыстардың барлығының 83%-дан астамына ТШО тапсырыс берген, одан кейінгілер НКОК (8,8%) және ҚПО (4,2%).
№ 11,12 кестені қараңыздар.
№11 кесте Қызметтердің көлемдері бойынша Топ-10 компания | |||
№ | Компания | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | Neftestroiservice Ltd | 38,4 | 15,2 |
2 | Denholm-Zholdas | 30,2 | 12 |
3 | PERAR SPA | 26,1 | 10,3 |
4 | GE Grid Gmbh | 15,1 | 6 |
5 | MRC Transmark Limited | 13,7 | 5,4 |
6 | Siemens SAS | 12,1 | 4,8 |
7 | Hi Air Korea Co, LTD | 11,3 | 4,5 |
8 | Emerson Process Management Ltd | 10,9 | 4,3 |
9 | Galperti Engineering and Flow Control | 10,8 | 4,3 |
10 | FAI Officine Di Carvico Spa | 9,9 | 3,9 |
№12 кесте Техникалық қызмет көрсету бойынша Топ-10 тапсырыс беруші | |||
№ | Жер қойнауын пайдаланушы | Сома, млрд.тг | Үлес (%) |
1 | ТШО | 211,7 | 83,9 |
2 | НКОК | 22,1 | 8,8 |
3 | ҚПО | 10,6 | 4,2 |
4 | ПҚҚР | 2,7 | 1,1 |
5 | Маңғыстаумұнайгаз | 1,9 | 0,8 |
6 | Ембімұнайгаз | 1,6 | 0,7 |
7 | КМК Мұнай | 0,4 | 0,2 |
8 | Өзенмұнайгаз | 0,3 | 0,1 |
9 | Матен петролеум | 0,1 | 0,1 |
10 | «Кольжан» | 0,1 | 0,1 |
Тауарлар сатып алу
Тауарлар сатып алу құрылымында 2018 жылы қазақстандық қамтудың ең үлкен үлесіне ие болған тауар – электр энергиясы. Ол үшін мұнай-газ операторлары 28,6 млрд теңгеден аса ақы төлеген және жергілікті қамтудың үлесі 95%-дан асты. Сонымен қатар мұнай өндірушілер Қазақстандық тауарлардан жанар-жағар май материалдарын – 51 млрд теңгеге (48%) және құрылыстық материалдарды –10,6 млрд теңгеге (45%) көп көлемде сатып алған. Бұл ретте барлық құбырлық өнімдердің 79%-ы, генераторлар мен компрессорлардың 97%-ы, ысырмалардың, клапандар мен шүмектердің 93%-ы импортталған.
№13 кестені қараңыздар
№13 кесте 2018 жылғы тауарлар сатып алудың құрылымы (топ-19 позиция) | |||||
№ | Тауар топтары | Сатып алу, млн. теңге | Жергілікті қамту (%) | Импорт (%) | Тауар тобының үлесі (%) |
1 | құбыр өнімдері | 111,5 | 20,9 | 79,1 | 19 |
2 | химиялық өнімдер | 88,4 | 40,1 | 59,9 | 15,1 |
3 | ЖЖМ | 51,1 | 48,4 | 51,6 | 8,7 |
4 | ысырмалар, клапандар, шүмектер, | 29,9 | 8,7 | 91,3 | 5,1 |
5 | сорғылар | 29,5 | 30,4 | 69,6 | 5,0 |
6 | электр энергиясы | 28,6 | 95,2 | 4,8 | 4,9 |
7 | генераторлар, компрессорлар | 16,4 | 3 | 97,0 | 2,8 |
8 | сағалық жабдықтар | 15,1 | 8,2 | 91,8 | 2,6 |
9 | құрылыс материалдары | 10,6 | 45,3 | 54,7 | 1,8 |
10 | IT өнімдер | 9,9 | 0,3 | 99,7 | 1,7 |
11 | өлшеу аспаптары | 9,1 | 4,7 | 95,3 | 1,6 |
12 | кабель өнімдері | 8,6 | 7,8 | 92,2 | 1,5 |
13 | жөндеу жиынтықтары | 8,4 | 2,6 | 97,4 | 1,4 |
14 | жеке қорғаныш құралдары | 6 | 23,6 | 76,4 | 1,0 |
15 | ыдыстық жабдықтар | 5,5 | 29,7 | 70,3 | 0,9 |
16 | ұңғыма жабдықтары | 5,1 | 16,6 | 83,4 | 0,9 |
17 | сүзгілеу және тазарту жабдықтары мен аппараттары | 4,8 | 5,2 | 94,8 | 0,8 |
18 | арнайы техника | 4,7 | 15,8 | 84,2 | 0,8 |
19 | муфталар | 4,4 | 1,5 | 98,5 | 0,8 |