Қазақстандық банктер отандық өндірісті неліктен қаржыландырғылары келмейді? Сарапшы пікірі

Бүгінде мұнай-газ операторларының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың деңгейін жоғарылату республика экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ал отандық кәсіпорындар өз жобаларын қаржыландыруда қиыншылықтарға, қаржы институттарының тарапынан өзара түсінушіліктің жоқтығынакезігеді. Отандық бизнесті дамытуды жеделдету үшін қандай мемлекеттік реттеу шаралары қабылдануы тиіс? Бұл жөнінде petrocouncil.kzберген сұхбатындаCSI компаниясының (Стратегиялық Бастамалар Орталығы) аға әріптесі экономист Олжас Құдайбергенов айтып берді.

– Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі мұнай-газ жобаларында жеткізуші болуға талпынатын қазақстандық шағын және орта бизнестің өкілдері екінші деңгей банктерінің тендерлік кепілдеме бергілері келмейтіндігіне шағымданады. Банктердің жергілікті филиалдары бұл сұрақты бас кеңселері басшылығының келісімінсіз шеше алмайды, ал олар мұндай мәмілелерге қызығушылық танытпайды.

– Бұл мәселе Қазақстан Ұлттық Банкінің осы саланы дұрыс емес реттеуінің салдарынан орын алып отыр. Өйткені қаржылық реттегіш келісімшарттарды кепілдіктің жеткілікті нышаны деп танымайды да, провизияларды қосымша есептейді немесе тіпті мұны нормаларды бұзушылық деп санайды.

ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, соңғы бес жылдың ішінде (2014-2018) мұнай-газ саласындағы жергілікті қамтудың үлесі өсті. Соның ішінде, тауарлар бойынша жергілікті қамту үлесі 60% немесе 74 млрд теңгеден 120 млрд теңгеге дейін артты. Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанда шығарылғын тауарларға дәл осынша ақша жұмсаған.  Операторлардың қазақстандық қызметтерді сатып алуының сомасы 771 млрд теңгеден 835 млрд теңгеге дейін немесе 10%, ал жұмыстарды сатып алуының сомасы – 834 млрд теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін немесе 80% ұлғайды.

– Шетелдік және отандық компаниялардың өндірісті Қазақстанда жергіліктендіргісі келмеуісебептерінің бірі ұзын ақшаның жоқтығы деп айтылады. Қазақстандық банктер қазақстандық өндірісті  неліктен қаржыландырғысы келмейді деп санайсыз?

– Бұл жерде көптеген мәселе жинақталған және олар екі тараптың жағынан да бар. Кредиттеудің негізгі мәселесі – ол бұл процестің шектен тыс реттелгендігі. Өндіріске кредит алу үшін қажетті қаражаттың ең болмаса 30%-ы, одан кем емес, өзіндік капитал түрінде керек. Қалған 70% кредиттік болады, оның үстіне бұл кепілдік мүлік бар болған жағдайда. Бұл ретте, нарықтық құны $10 млн кепілдікті банк $5 млн сомаға бағалайды, тіпті$3 млн қылып жіберуі де мүмкін. Және де берілген кредиттің мөлшері кепілдік құнының жартысына жете қойса. Шын мәнінде, несиені қазір алу үшін сұратылатын сомадан 3-6 есе көп кепілдік ұсыну керек. Нәтижесінде бұл ықтимал қарыз алушылардың және тиісінше жобалардыңбастапқы санын күрт қысқартады.

Алайда, осындай қарыз алушы табылды делік. Банк кредитті беру әлде бермеу керектігін 6-12 ай шешетін болады, бұл қарыз алушы үшін қосымша шығыстарды білдіреді – адамдар штатын ұстау керек, өзге де шығыстар болады ғой. Банк қызметкерлері тезірек және жеңілірек жұмыс атқара алады, бірақ көбінесе ол үшін пара беру керек, бұл шын мәнінде, кредиттің пайыздық жүктемесін жоғарылатып, алдын ала оны қайтарымсыз етеді. Оның үстіне бізде пайыздық мөлшерлемелер онсыз да жоғары –  15-25% шегінде.

Іс жүзінде, банктер Қазақстан экономикасын дамытудың тежегішіне айналды және ақшаны экономиканың қажетті нүктесіне тез жеткізудің орнына, олар инвестициялық жобаларға қатысты тұстардың бәрінде ақша ағындарын бөгеп, үлкен тромбқа айналып отыр.

Екінші жағынан, өкінішке орай, таныстырылатын жобалардың көп бөлігі нашар дайындалған: олар не үлестес болып табылады, немесе нашар атқарылған, немесе тіпті құзыреттілігі әлсіз адамдармен басқарылады.

– Шетелдік компаниялар тауарлардың жергіліктендірілуіне қызығушылық таныту үшін Қазақстанда мемлекет қандай реттеу шараларын қабылдауы тиіс деп есептейсіз?

– Бірнеше маңызды шаралар қабылданса жеткілікті. Соның ішінде, Ұлттық Банк аса ірі жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттарды тендерлік кепілдік, алғытөлем бойынша кепілдік үшін және жалпы келісімшартты орындау үшін жеткілікті деп тануы тиіс. Бұл ретте қаржылық реттегіш аударылатын қаражаттың пайдаланылуын оңай қадағалай алады.

Сонымен қатар, жалпы алғанда, егер өнім Қазақстанда бірінші рет шығарылып отырса, шетелдік технологияларды табыстау көзделетін бірлескен кәсіпорындар құруды үкіметтің ынтыландыруы қажет.

– Қазақстанның экономикасы мұнай-газ секторына жалпы алғанда қаншалықты тәуелді? Біздің басқа салаларды дамытуды арттыруға мүмкіндіктеріміз бар ма? Мысалы,  агроөнеркәсіптік кешенді? Мал шаруашылығын, мәселен. Мұнай-газ саласынан үлкен кірістер алатын Норвегия ауылдық жерлерді дамытуға ақша салады. Ал бізде барлық экономиканың қалаларда шоғырландырылғандығы түсініксіз. Әлде ол біздің жолымыз емес пе?

– Мұнай-газ саласы ЖІІ-нің18%-ынтікелей және тағы 15-20%-ын шектес салалар арқылы жанама түрде қамтамасыз етеді. Сонымен, біз бұл салаға өте тәуелдіміз.

Алайда мұнай ақшалары есебінен басқа салаларды дамытуға болады ғана емес, ол өмірлік қажеттілік те. Ең болмаса көмірсутекті шикізаттың үнемі өзгеріп отыратын бағаларынан тәуелсіз болу үшін. Ал ауыл шаруашылығын дамыту – бұл азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі.

Еске сала кетейін, 1990 жылы ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 35%, ал өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 28% болды. Өндіруші саланың үлесі 2%-дан 18%-ға дейін өсіп отырғанда, қазір бұл көрсеткіштер тиісінше 5% және 10%-ға дейін түсіп кетті, ал қалған ауыстыру мемлекеттік басқару салалары есебінен орын алды. Ауыл шаруашылығын да, өнеркәсіпті де көтеруге болады, бірақ бұл үшін, біріншіден, оңай, шектен тыс емес реттеу болуы керек, мысалы кепілдік қамтамасыз етудің түрлерін кеңейту керек. Яғни жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттарды алғытөлем  бойынша кепілдік беру үшін қамтамасыз ету нышаны ретінде мойындау қажет.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібіне ұсынылатын кредиттер бойынша пруденциялық талаптарды төмендету қажет.

Ұзын депозиттердің үлкен сомасына кепілдік берген жағдайда немесе елдің Ұлттық банкі ұзақмерзімді облигацияларды белсенді сатып алған жағдайда пайда болуы мүмкін ұзын ақшаларға қолжетімділік керек. Бұл сандық тұрғыдан жұмсарту нұсқаларының бірі болар еді.

Ұлттық валютаның тұрақты бағамы – қысқа қашықтықтарда, болжамды бағамы – ұзынырақ қашықтықтарда болуының да маңыздылығы кем емес. Инвесторлар өз жобаларын жоспарлай алуы үшін.

Ал, жалпы алғанда, егер жергілікті өндірісті дамыту жайлы айтатын болсақ, мемлекеттік сектордың барлығында қазақстандық қамту бойынша талаптардың сақталуы талаптарын енгізу қажет. Сонымен қатар жергілікті қамтуды есептеуді және оны мониторингтеу тетігін толығымен өзгерту керек. Қазіргі нұсқа мүлде ешқандай бақылауды беріп отырған жоқ.

– Рахмет!

Фото: Мария Матвиенко, inbusiness.kz