Қазақстанның Нидерландтағы және Бельгиядағы елшіліктері мұнай сервисіне инвестиция тартуға көмектеседі

Қазақстанның Нидерландтағы және Бельгиядағы елшіліктері қазақстандық және шетелдік компаниялар арасындағы мұнай сервистік индустрияда бірлескен өндірістер құру бойынша байланыстырушы буын болады.

Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов қазақстандық-нидерландтық бірлескен кәсіпорындарды құру үшін әлеуетті инвесторлармен және технологияларды жеткізушілермен кездесулер ұйымдастыруға көмек көрсетуге уәде берді, деп хабарлады Petrocouncil.kz Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің хатшысы Асылбек Жәкиев.

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Құспанмен кездесу барысында Брюссельде дәл осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.