«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі аталды

2019 жылдың 30 маусымына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жалпы қарызы 3 трлн 995 млрд теңгені немесе шамамен $10,5 млрд құрады.

Ұлттық компания ҚМГ тобының сатып алу стратегиясы әзірленетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер санаттарының тізбесін анықтады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан машина жасаушылар форумында сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры Есен Қайыржан.

«Сатып алу стратегиялары аясында ҚМГ тобының бірнеше ұйымдарының бір үлгідегі тауарлар мен қызметтерге қажеттілігін біріктіретін категориялық менеджмент өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгін осындай стратегиялар әзірленіп жатқан тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің 67 санатының тізбесі анықталды. Қазіргі уақытта олардың 16-сы табысты іске асырылып жатыр, ал 17 сатып алу стратегиясы әзірлену сатысында «, – деді Есен Қайыржан.

«Өндіруге және бұрғылауға арналған құбырлар» пилоттық сатып алу категориялық стратегиясының мысалы келтірілді, оның шеңберінде ҚМГ отандық өндірушілер «KSP Steel» ЖШС және «Каскор-Машзавод» АҚ-мен жалпы сомасы 40 млрд. теңгеден астам сорғы-компрессорлық құбырларды ұзақ мерзімді жеткізуге шарттар жасасты.

«Мұнай өндіру үшін қажетті сорғы-компрессорлық құбырлар, терең сорғыларға арналған штангалар мен трансформаторларды өткен жылы ҚМГ  отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерден толық көлемде сатып алды»,- деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының сатып алуларындағы жергілікті қамту 78%-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2018 жылдың қорытындысы бойынша есепте ҚМГ «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2 трлн 428 млрд теңгені құрағанын хабарлаған еді. Оның ішінде жергілікті қамту 77%-ға тең, оның ішінде тауарлар бойынша – 77%-ға, жұмыстар мен қызметтер бойынша – 80%-ға тең.

2019 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша компанияның таза табысы өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 73%-ға өсіп, 622 млрд теңгені немесе $1,6 млрд құрады.

Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша төлемдер 731 млрд теңгеге немесе $1,9 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16%-ға жоғары.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның күрделі шығындары 167 млрд теңгені немесе $440 млн. құрады, бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 5,8%-ға төмен.

«Төмендеу қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтаумен байланысты», – делінген ҚМГ есебінде.

2018 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2019 жылдың 30 маусымына жалпы қарыз 3,8%-ға төмендеді және 3 трлн 995 млрд теңгені немесе $ 10,5 млрд. құрады.

Фото: kmg.kz