ҚПО бірінші тоқсанда мұнай өндіру көлемін төмендетті

Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көлемі 4,9%-ға азайды деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) өзінің тоқсандық есебінде.

Компанияның деректері бойынша, ҚМГ-ның 2019 жылғы бірінші тоқсан ішіндегі мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 5,9 млн тонна мұнайдан асты, бұл 2018 жылғы бірінші тоқсан көрсеткішінен 1,3% жоғары. Ілеспе газ бен табиғи газ өндірудің көлемі 2 173 млн текше метрге дейін 4,7%-ға артты.

2019 жылғы бірінші тоқсан ішінде Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2018 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 3 млн 583 мың тонна мұнай немесе тәулігіне 316 мың баррель құрады. Олардың ішінде ҚМГ үлесі 297 мың тонна мұнай және 182 млн текше м газ құрады, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерден 25% және 31,7% жоғары.

«Мұнай өндірудің артуы кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің шеңберінде өндіру деңгейін жоспарлы түрде ұлғайтумен байланысты. Оператор 2019 ж. 14 сәуір – 19 мамыр аралығында Қашаған кен орнын жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтатуды жүзеге асырды», – деп хабарлайды ҚМГ.

Бұл ретте, Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көлемі 4,9%-ға азайып, ҚМГ үлесіне 271 млн. тонна құрады. Газ өндіру 271 млн. текше м құрады, бұл 2018 жылғы бірінші тоқсанның көрсеткішіне сайма-сай. Мұнай мен конденсат өндіру көлемінің төмендеуі газ факторының ұлғаюымен және ұңғымалардың суланғандығымен байланысты деп түсіндіріледі.

Теңіздегі өндіру көлеміндегі ҚМГ мұнайының көлемі 1 млн 521 мың тонна құрады, бұл 2018 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 2,4% жоғары. Газ өндіру 1,7% көбейіп, 829 млн текше м құрады. Өндіруді ұлғайту өндірістік жоспармен сәйкес жүзеге асырылды.

Операциялық активтерді өндірудің көлеміндегі ұлттық компанияның үлесі 0,1% азайып, 3 млн 851  мың тонна құрады. Операциялық активтердегі өндіру көлемдерінің төмендеуіне негізінен өндіру көлемінің табиғи түсуі себеп болып отыр.

Фото: bnews.kz