2019 жылдың бірінші тоқсанында тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесі 56%-дан асты – ҚПО

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы(ҚПО) 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызмет нәтижелерімен таныстырды

Компанияның деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап ҚПО тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутек, экспорттауға арналған шикі газ және отын ретінде пайдалануға арналған тазартылған газ түріндегі 73 млн баррельден аса мұнай баламасын өндірді. Бұған қосымша, 4,5 млрд текше м шикі газ қабатқа айдалды, бұл өндірілетін газдың жалпы көлемінің 46,3%-ын құрады.

ҚПО бас директоры Эдвин Блом атап көрсеткендей, «2019 жыл ашылуы Қазақстанның мұнай-газ саласы тариыхындағы аса маңызды оқиғаға айналғанҚарашығанақ кен орнының қырық жылдық мерейтойымен айтулы болды».

Оның айтуынша, «Өнімді бөлу жөніндегі түпкілікті келісім» әрекет ете бастағаннан бері кен орнын игеруге 25 миллиард АҚШ доллары инвестицияланған».

2019 жылғы мамырда әріптес компаниялар «Төртінші газды кері айдау компрессорын орнату жобасын» санкциялау туралы келісімге қол қойды.

«Жоба сұйық көмірсутектер өндіру сөресін ұзартуды көздейді, өз кезегінде бұл Қазақстан Республикасы және компания әріптестері үшін пайданы елеулі түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп есептейді Эдвин Блом.

4-ші газды кері айдау компрессорын орнату жобасы өндіру сөресін ұзарту бойынша үш жобаның бірі болып табылады,  оған сонымен қатар іске асырылу кезеңінде болып табылатын ҚӨК газ бойынша шектеулерін алып тастау жобасы мен 5-ші кәсіпішілік құбыр құрылысы жобасы кіреді.

Компанияның деректері бойынша, бүгінгі таңда Қарашығанақта газды утильдеу көрсеткіші 99,94% құрайды. 1998 жылдан бергі кезең ішінде ҚПО табиғатты қорғау іс-шараларына барлығы $389 бағыттады.

2019 жылғы бірінші жартыжылдық ішінде ҚПО бұрын шетелден сатылып алынған тауарлардың арасынан жаңа отандық тауарлар жеткізілімдері жөніндегі 8 келісімшартқа қол қойды.

«Есепті кезең ішінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жеткізілімдеріндегі жергілікті қамтудың үлесі Қарашығанақ жобасында 56% немесе ақшалай түрде$255 миллионнан аса сома құрады», – делінген ҚПО хабарламасында.

Қазір ҚПО-да 4000 шамасында қазақстандық қызметкер жұмыс істейді. Жергілікті мамандардың үлесі инженерлік-техникалық жұмыскерлердің жалпы санының 95%-ын  және бүкіл басшы персоналдың 78%-ын құрайды.

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялардың көлемі $375 миллионнан асты.

Фото: kpo.kz