Атырауда Инженер-мұнайшылар қоғамының қатысушыларының кездесуі өтті (+фото)

Атырау қаласында бүкіл әлемге танымал Society of Petroleum Engineers (SPE) ұйымының, яғни Инженер-мұнайшылар қоғамының қатысушыларының кездесуі ұйымдастырылды.

SPE – бүкіл әлем бойынша көптеген филиалдары бар ғаламдық қоғамдастық. Ұйымның негізгі мақсаты мұнай барлау және өндіру саласындағы білімді жинақтау және тарату, сондай-ақ ілеспе технологияларды дамыту болып табылады.

Атап айтқанда, әңгіме мұнай және газ кен орындарын іздестіру, игеру және пайдалану саласында қолжетімді техникалық ақпаратпен және мұнай-газ саласын дамыту үшін басқа да технологиялармен алмасу туралы болып отыр. Мамандарды олардың кәсіби шеберлігі мен білім деңгейін арттыру мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

SPE Атырау филиалында білім мен тәжірибе алмасу үшін сала сарапшыларының дәрістерін өткізу, ай сайын қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, техникалық басылымдарды шығару, онлайн білім беру жоспарлануда.