Еңбек қауіпсіздігі бойынша чемпиондар жұмысты 1 айға озып аяқтады

100% қазақстандық Teslatan компаниясы отандық мамандардың сапалы және тез жұмыс істейтінін іспен дәлелдеді.  Компания 3gp жобасында 110 КВ жоғары вольтты кәбілдерді төсеу жұмыстарын 1 айға оза отырып аяқтады және қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытқаны үшін БКЖ жобасының жоғары марапатын алды.

1 қарашада ТШО БКЖ өкілдері мен олардың мердігері – ССЕР компаниясы барлық Teslatan ұжымын ерекше көзге түскен қызметкерлерге сапалы және қауіпсіз еңбегі үшін грамоталар мен медальдар табыс ету үшін жинады. Осылайша, тапсырыс берушілер аралық табысты нәтижені атап өтіп, сол қарқынмен және сондай сапа мен қауіпсіздік деңгейімен әрі қарай жұмыс жасалады деп ойлайтындарын жеткізді. Алғыс ретінде, Teslatan-ның 400 қызметкерінің әрқайсысы бағалы сыйлық алды.

Естеріңізге сала кетсек, Болашақ кеңейту жобасы мен Сағалық қысымды басқару жобасы (БКЖ-СҚБЖ) Теңіз кен орнының өндірістік қуатын кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. Өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ТШО-ның алдыңғы жобасын табысты іске асыруға бағдар ала отырып, БКЖ өндірісті жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге ұлғайтуды мақсат етіп қояды, бұл шамамен жылына 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. Қазіргі уақытта өндірісті басқарудың біріккен орталығын (ӨББО) салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ӨББО бүкіл Теңіз кен орнын пайдалануды басқарудың басты орталығы болады. ҮБЗ-да механикалық/ электр жабдықтарын және бақылау-өлшеу құралдарын монтаждау бойынша жұмыстар жалғасуда. ҮБШГА-да ҚМЭ орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.