ESS Support Services Атырау облысындағы жетім балаларға кітаптар мен санитайзерлерді сыйға тартты

Барлық ел күрделі уақытты бастан кешуде. Әрбір отбасы COVID-19-ды  алдын алу бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды қолдануда. Өкінішке орай, осы тұста жетім балаларға айтарлықтай көңіл бөлінбей қалып жатады.

Елімізде антисептикалық құралдар тапшы. Оларды сатып алатын, арнайы тапсырыс беріп алдыратын мүмкіндіктерде күн санап қиындап барады. Осы тығырықтан шығу мақсатында, Қазақстандағы Compass Group компаниясының бөлімшесі ESS Support Services ЖШС-гі Атырау облыстық балалар үйіне антисептикалық құралдың бірнешеуін орнатты.

Компания өкілдері алты айға жететін санитайзер қорымен де қамтамасыз етті. Бүгінде балалар уақытша оқшаулау жағдайында. Олар бос уақыттарын құр өткізбеуі үшін өндіріс орны ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» жинағын, Роберт Стивенсонның «Қазына аралы» кітаптарын тарту етті. Балалардың жеке кітапханасы әлем әдебиеті классиктерінің жаңа туындыларымен толықты.  

Он жастағы Әмір Сыдықов «Гарри Поттер» жинағын екі аптада оқып бітіруді жоспарлап отыр. Ал қарындасы, Дильназ жинақтың екінші кітабынан бастауды шешті. Кітап оқығанды жаны сүйетін Дильназ, Әмірдің бірінші кітапты тез оқып бітіргенін қалайды.

Ата-анасының қамқорынсыз және жетім қалған балаларға арналған облыстық   отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар үйінде жасөспірімдерге барлық жағдай жасалған. Бүгінде мұнда 4-18 жас аралығындағы 57 бала тұрады. Олардың барлығы бір отбасы болып 6 үйде орналасқан.

ESS Support Services ЖШС-нің Корпоративтык басқару жөніндегі бас менеджері Сұлтан Жасыбай осындай күрделі экономикалық кезеңде әлеуметтік жауапты компания болып қалу өте маңызды дейді: «Компания, осы күрделі уақытта өз қызметкерлері мен серіктестерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін барынша күш жұмсауда. Әрине, біз ата-анасының назарынан тыс қалған балаларды да естен шығармадық». Балалар үйінің директоры Гүлсара Аманғалиқызы демеушілерге көмек пен қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Мекеме қызметінің мәні жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп, қоғамға биімдеу. Сондай-ақ, бастауыш, орта, жалпы орта, техникалық, кәсіптік, жоғары білім беруді қамтамасыз ету.