Ораза ұстай жүріп, жұмыс істеуді қалай жалғастыруға болады

6 мамырда қасиетті Рамазан айы басталды, ол 4 маусымға дейін созылады. Бұл айда мұсылмандардың көбі ораза ұстайды. Сондықтан күндіз жұмыс істеуін жалғастыратын адамдарға қауіпсіздік және денсаулық күтімі туралы мамандардың кеңестері пайдалы болады.

Бұл кеңестерді орындай отырып, сіз физикалық жайсыздық сезімін төмендетесіз және Рамазан айының рухани мәніне толық ден қоя аласыз.

Қасиетті Рамазан айында сіздің тамақтануыңыз әдеттегіден онша өзгешеленбеуі және барынша қарапайым болуы тиіс. Диета сіздің қалыптағы салмағыңыз өзгермейтіндей болуы керек. Қорытылуына шамамен 8 сағаттай уақыт кететін баяу сіңірілетін тағамдарды ішіп-жеу ұсынылады.

Тамақтың ұзағырақ сіңірілуі үшін және күні бойы ашығуды сезінбеуіңіз үшін рационыңызға күрделі көмірсуларды қосыңыз. Құрма – қант, жасұнық, көмірсу, калий мен магнийдің тамаша көзі; бадам  – протеиндер мен құрамында майы аз талшықты заттардың көзі; банан – калий, магний және көмірсулар көзі.

Тамақтану жақсы үйлестірілген болуы тиіс және оның құрамына нан, сүт өнімдері, жеміс, балық, дәнді дақылдар, көкөніс кіруі тиіс.

Майлы және қуырылған, құрамында қант мөлшері шектен тыс көп тамақты жеуге болмайды.Артық тамақтанбауға тырысқан жөн болады. Сіздің ағзаңыз сұйықтық деңгейін уақытылы қалпына келтіруі үшін ифтар (ауызашар) мен ұйықтауға жатар уақыттың арасында мүмкіндігінше көп су ішіңіз. Кофені, құрамында кофеин бар газдалған салқындатылған  сусындарды пайдаланбаңыз. Сәресі кезінде өте көп ішпеңіз (мұның салдарынан күні бойы тонусты қолдауға қажетті минералды тұздарағзадан шығарылады).

Рамазан уақытында тек тамақтану режимі ғана емес, сонымен бірге ұйықтау режимі де өзгереді, ұйқының жеткіліксіздігі жұмысқа қабілеттіліктің бұзылуын, күйгелектік, зейінсіздік, күндізгі ұйқышылдықты, жітіліктің немесе назардың көмескіленуін, зейін қою қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін.

Денсаулығы және өзін жақсы сезінуі үшін адамға 7 – 8 сағат үздіксіз ұйқы қажет. Егер бір түні сіз жеткіліксіз ұйықтаған болсаңыз, есесіне келесі түні оның орнын толтыруға тырысыңыз.

Ораза ұстаумен және ұйқының жеткіліксіздігінен қауіпті жағдайлардың туындауының тәуекелі көлік жүргізу кезінде, тал түс пен күндізгі сағат 3 аралығында, Рамазан айының алғашқы бірнеше күндерінің ішінде, демалыс күндерінен кейінгі алғашқы екі күн ішінде, жұмыс уақыты аяқталардың алдында, үлкен жұмыс жүктемесі кезеңдерінде жоғарылайды.

Фото: wallpapercave.com