Жаңаөзен аймағындағы халық тарихи тұрғыда өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Жаңаөзен қаласы аймақтық орталық үшін негіз ретінде 1960 жылдары Өзен тобының тек жаңадан ашылған мұнай-газ кен орындарын игеру және өңдеу үшін ғана салынған, логистикалық орталықтар мен көлік бағдарларынан шалғай орналасқан, шын мәнінде мұнайшылардың тілімен айтқанда, вахталық кент міндеттерін орындау үшін жоспарланған еді.
Осыны ескере отырып, қала экономикасы шын мәнінде қала маңында орналасқан және әлемдік және отандық нарықта мұнай мен газды өткізу есебінен табыс әкелген және күні бүгінге дейін табыс әкелуші негізгі өндіріс ретінде жалғыз өңдеу нысаны болып табылатын мұнай мен газдың ресурстық базасына негізделгені туралы қорытынды жасауға болады.
Басқа кіріс құрайтын салалар жоқтың қасы немесе мұнай және газ нарығынан басқа ақша түсімдеріне айтарлықтай үлес қоспайды.
Негізінде мұнай мен газдың ресурстық базасы, дәлірек айтқанда мұнай өндіру деңгейі, қазіргі таңда аймақтың экономикасында мультипликативті рөл атқарады, яғни барлық аймақтың төлемге қабілетті ақша көлемінің келуін қамтамасыз етеді, мұнай өндіру жөніндегі негізгі кәсіпорыннан түскен пайда өзінің негізгі және қосалқы өндіріс ошақтарының қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге және қызмет көрсету компанияларының көрсеткен қызметтері бойынша есеп айырысу үшін жұмсалады. Басқа қаржы көздерінен қомақты түсім болмағандықтан, көмірсутегі шикізатын өндіру деңгейі осы өнеркәсіптердің жұмысшылары мен отбасы мүшелерінен құралған барлық тұрғындардың өмір сүру деңгейіне, яғни олардың еміне, оқуына, азық-түлікке, қызмет түрлеріне төлем жасау қабілетіне тікелей әсер етеді.
Бұл ретте көмірсутегі өндіру деңгейі өндірістің тұрақтылығын, өнеркәсіптің несие төлем қабілеттілігін, толықтай алғанда өнеркәсіп экономикасы мен өндіріс өсімін қамтамасыз етуге тартылу фактісін ескерсек, онда аталмыш жағдай өндіріс міндеттері мен адамдардың мұқтаждығы арасындағы ырыққа көнбейтін ақша қаражаты бәсекелестігіне әкеп соғады.
Жылдар өте Өзен тобының мұнай-газ кен орындарынан өндіру динамикасы, ресурстық базадан туынды ретінде көбеймегенін, керісінше азайғанын, сондай-ақ пайдаланылған кен орындарындағы ресурстардың сарқылуына байланысты әрі қарай азаю үрдісін байқаймыз.
Аталмыш факт ең алдымен ресурстық базаның азаюымен қатар Жаңаөзенде тұратын халық саны үш есеге көбеюімен, 160 мың адамды құрауымен және жергілікті халықтың әлеумет ерекшеліктеріне байланысты әрі қарай да өсу үрдісімен алаңдатады.
Осындай оқиғаларға сүйене отырып, мұнай мен газ қорлары өсімінің уақытылы оны игерудің болмауынан әлеуметтік шиеленіс деңгейі тек өсе беретін болады. Мұндай жүктеменің мағына динамикасын жан басына шаққандағы табысты есептеудің табиғи жолы арқылы, халық құрамына көмірсутегі өндіру қатынасының коэффициенті арқылы есептеуге болады. Алымында әлемдік және отандық нарықта тұрақты нарықтық қажеттілік пен құндылығы бар, негізгі тауарлар ретінде мұнай мен газ өндіру тұрса, бөлімінде қала халқының сандық өрнегі тұрады. Мұндай шиеленіс деңгейінің бүгінгі таңда үш есеге өскенін болжау қиынға соқпайды. Әрине, нарықтағы көмірсутегі шикізатының бағасы аналитикадағы рұқсат етілген практикадан тыс ықпалдарға әкеп соқпаған жағдайда.
Бәрі салыстырумен танылады, шешім қабылдау үдерісіндегі практикалық әдістердің бір екенін мойындау керек. Мәселен, Кеңес Одағы заманында мұнай-газ салаларында «қордың өсімі» деп аталатын өмірлік маңызы бар көрсеткіш болды. Оның қолданылу мәні мұнай мен газ өндіретін кәсіпорын болашақ жұмыстардың көлемімен алдын-ала қамтамасыз етілуімен; кен орындарын әзірлеумен қатар жаңа кен орындарын барлау және іздеу бойынша күш жұмсалды, мұның бәрі алыс-жақын перспективада жұмыстармен жеке алғандағы кәсіпорынды қамтамасыз ету үшін жасалды. Бұған әр түрлі жолдармен қол жеткізілді. Негізгісі Мұнай және газ Министрлігінің өндіруші кәсіпорындары табысынан (шамамен 2%) қаражат мақсатты түрде бюджетке бөлінген Геология Министрлігінің іске қосылуы.
Екіншісі, Геология Министрлігі кәсіпорындарының күшімен іздеу жұмыстары нәтижесінде анықталған перспективті құрылымдарды жнделдетілген қарқынды бұрғылау үшін барлама бұрғылау арнайы кеңселері құрылған құрамда өндіріс бірлестіктерінің күшімен қол жеткізілген. Сонымен қатар барлама бұрғылау, Геология Министрлігінің кәсіпорындары мен Мұнай және газ Министрлігінің кәсіпорындары күшімен іздеу жұмыстарының тікелей әдісі ретінде жүргізілді. Мұндай тәсіл әрбір нақты мұнай кәсіпорнын өндірілген көмірсутегі қорының жаңа көмірсутегі қорларымен толықтырылу кепілімен қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде кадрларға деген қажеттілікпен, тәжірибе мен шеберлікті арттырумен, отбасыларды лайықты еңбекақымен қамтамасыз етті. Мұнайшылар дағдысында үнемі бақылау жөніндегі берік ақиқат- қорлардың өсімі бар болатын.
Бұл мұнай-газ өндірісінің жалғасуына үнемі кепіл болды. Мұның ар жағында мемлекеттің өз азаматтарына қамқорлығы және аймақтардағы халықты қанағаттандыру және әлеуметтік тыныштығын қамтамасыз етудегі сенімді құрал жасырынып тұратын еді.
Нақты Өзен мәселесіне қайта орала отырып, Одақтың ыдырау және Қазақстанның тәуелсіздік алуы заманынан бастап мұнай және газ өндіру сөресі қайта қолдау таппады, яғни қорлар өсімі көрсеткіші оны қолдаған жүйеде мүлдем ұмытылды. Негізгі күш қолданыстағы кен орындары бойынша көмірсутегі өндіруді төмендетудің алдын-алуға жұмылдырылды. Мұндай стратегия уақыт сынынан өте алмады, өйткені халық қамтамасыз етілмеген ресурстық база барысында қарқынды өсті. Отбасылар кеңейді, балалар өз жанұяларын құрды. Осылайша жан басына шаққандағы табыс осы жылдар бойы төмендей берді және бұл динамиканы түбегейлі іс-шаралар қолданбаған жағдайда тоқтату мүмкін емес. Механикалық тұрғыдан әлеуметтік шиеленіс формуласы ұсынған логикадан оны азайтудың кемінде екі жолы бар секілді: біріншісі-қысқа мерзімде көмірсутегі ресурстық базасын көбейту, басқаша айтқанда – аймақ табысын арттыратын негізгі көз ретінде жаңа кен орындарын игеру және кен шығару пәні ретінде қорлардың өсімі, және екіншісі – халықтың басым бөлігін жер шарттарының макроэкономикалық тұрғыдан басқа қолайлы жерлерге қоныстандыру.
Шешім қабылдау тәжірибесіне сүйенсек, мұндай нұсқалар жобалар өмір кезеңінің барлық қарастырылған есебіне жататын шоғырландыру шығындары мен орындау тәуекелдері бойынша салыстыру үшін қажет.
Халықты қоныстандыру мәселесін іске асыру қаншалықты қиын екенін талқылау оңайға соқпайды, алайда Кеңес Одағы заманынан перспективті ретінде белгіленген алаңдардағы бірнеше барлама іздеу және бағалау ұңғымаларын бұрғылау бір көрінгеннен салыстырмалы түрде мейлінше арзандау көрінеді. Бұл жерде қалай болғанда да белгісіздер аздау. Бірінші кезекте Өзенмұнайгаз өндіру кәсіпорнының балансына оларды беру мүмкіндігін қарастыру мақсатында Маңғыстау облысының барлық аумағында мұнай және газ белгісі бар кен орындары мен құрылым консервацияларын тиесілі және анықталған түгендеу жүргізу қажет.
Осындай алаңдарда бірінші кезектегі кешенді барлауға дейінгі және бағалау жұмыстарын өткізу үшін қаржыландырумен қамтамасыз ету қажет. Кен орындары ашылған жағдайда, олардағы қорлар бекітілген жағдайда тұрақты пайдалану кезеңіне жетуге дейін енгізілген жаңа кен орындарын игеру және қаржылық әзірлемелер бойынша несие желісін ұсыну керек. Осындай іс-шаралар Маңғыстау облысы бойынша мұнай мен газ қорларының өсімін шешуге мүмкіндік береді, халықты жаңа алаңдарды игеру бойынша еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және еліміз бойынша инфляция деңгейіне сәйкес жұмысшылар мен инженерлердің еңбекақысы деңгейін өсірумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сол жылдардағы Маңғышлақ мұнай-газ барлау кешенді экспедициясының жетекшісі Тұрсынғали Көшенұлының мәліметі бойынша бұрын облыста газы бар кен орындары мен құрылымдардың жеткілікті саны анықталған. Алайда газға жеткіліксіз қажеттілік салдарынан мұндай қажеттіліктер Түркменстаннан келетін көлемді газ есебінен артығымен қамтылғандықтан Маңғышлақтың газды ашқан көптеген құрылымдары тоқтатылып қойылған.
Олардың кейбіреулері Орталық Азия Орталығы газ құбыры бойында орналасқан. Ірі газ кенінің ашылуына теңіз жағалауы бойындағы Маңғышлақ облысының оңтүстік шетіне Ақсу құрылымын жатқызуға болады. Аққұдық кентінің жанында орналасқан Қаңсу құрылысының газ әлеуеті, сондай-ақ ең үлкен кен орны ретінде бағаланып, ары қарай бұрғылау талап етілгенімен кейінге қалдырылған. Іздеу жұмыстарын тоқтатуға тура келген сол жылдардағы технологияның жеткіліксіздігі барысында бұрғылау кезіндегі қиындықтар салдарынан кейбір алаңдар бойынша мұнай іздеу мәселелері жауапсыз қалған.
Бұған 4800 метр тереңдіктегі Үстірттегі құрылымдардың бірі жатады. Екіншісі – мұнай белгілері анықталған Басуған-Жаққорған соры қасында орналасқан. Жаңбыршы құрылымында мұнай белгісі анықталған екі ұңғыма бұрғыланып қалдырылған. Ары қарай терең зерттеуді қажет ететін Ракушечная құрылымы өзінің бай бірегейлігімен және әлеуетімен қызық құрылым болып табылады. Таушық кентінен 30 км жерде 80-100 метр тереңдікте шайыр ірі кен орны ашылған. Өз заманында Оңды және Отпантау арасындағы жерде 7000 метр тереңдікте ұңғыма бұрғылау жоспарланған еді, ол жерде көмірсутегі ірі қорын ашу болжанған еді, алайда Кеңес Одағының ыдырауы салдарынан бұл жоспар іске аспай қалды.
Сол жылдардағы барлау жұмыстарының басқа жетекшісі, Маңғышлақ барлама бұрғылау басқармасын басқарған Амангелді Максимовтың мәліметі бойынша, басқарма үшін жылына 3 млн тонна көлемінде қорлардың өсімі бойынша жоспарды ұлғайтып, жыл сайын озыңқы ұңғыма қорларын қамтамасыз ету және таза барлауға бағытталған ұңғымаларды шамамен 100 мың метр бұрғылау ұңғылауларымен қамтамасыз етілді. Басты назар сүйемелдеуші инфрақұрылыммен неғұрлым қамтамасыз етілген құрылымдарда, яғни электр энергиясы, су,жол және т.б болды. 20 бұрғылау және 6 игеру бригадасы құрамы жұмылдырылды. Осылайша әлеуеті бойынша бірегей Қауынды ойпаты ауданындағы Жорты және Мақат секілді газ кен орындары пласт қысымы 800-ден астам атмосфералық қысым және 200 градус целсия температурасынан жоғары газ кен орындары ашылды және игеру өз кезегін күтуде. Темірбаба, Қорғанбай және Тамды құрылымдары бойынша мұнай белгілері анықталды.
Негізінде барлауды қажет етпейтін, сол жылдардағы нақтырақ айтсақ, Маңғышлақ мұнай-газ барлау кешенді экспедициясы Маңғышлақ мұнай өндірістік бірлестігінің барлау жұмыстары Маңғышлақ басқармасымен Геология Министрлігі мұнай-газ барлау жұмыстарының кешенді экспедициясы барлаушыларынан алынған мәліметтер бойынша, сондай-ақ пайдаланылған нысандар бойынша атқарылған материал базасында бағалау және барлауға дейінгі картинадан Маңғышлақ жер қойнауын тыңғылықты және қалт етпей зерттеу үшін бар кен орындары бойынша мұнай шығарып алу коэффициентін көбейтумен қатар жаңа кен орындарын ашуға да жауапкершілік жүктейтін арнайы ғылыми-зерттеу институтын құру қажеттігі туындайды. Татарстан мен Башқұртстан ғалымдары және мұнайшыларының кен орындарынан 50% астам мұнай шығарып алу коэффициентіне жету бойынша тәжірибесі бұған жақсы үлгі болады.
Теңіздегі мұнай-газ жобаларын игеруден шығу перспективасы бұрғылау мамандығы бойынша мамандарды дайындаудың тиісті бағдарламасынан және Есенов атындағы Мұнай және газ институтының жергілікті геофизикасынан қолдау табуы қажет. Сонымен қатар технологиялар мен ақпаратқа қол жеткізу жетілдірілген бүгінгі күнге дейін жинақталған жергілікті мамандардың дағдылары мен тәжірибесі барысында отандық ұлттық компаниялар күшімен осындай міндеттердің шешімін табуға болатын еді. Өндіріс үдерісіндегі бір мұнайшы, оның негізгі және қосалқы жұмысы болуы маңызды емес, оның жұмысын қамтамасыз ететін он жұмысшыны асырайтынын көрсететін өмір сынынан өткен статистика бар. Мұнда тек қызмет көрсету ұйымдары ғана емес, сондай-ақ коммуналды шаруашылық қызметкерлері, балабақша, мектеп т.б қызметкерлері кіреді. Қаладағы жағдайдың қаншалықты ушыққанын түсіну мақсатында жұмыс істеуге қабілетті халықтың жұмыссыз санын анықтау үшін аталмыш ара салмақты есептеуге болушы еді.
80-жылдардың аяғында, 90-жылдарының басында Түркменстан газына тәуелділіктен шығу мақсатында, Маңғышлақ облысы бойынша арнайы газ бағдарламасы жасалды. Онда аймақтың газ жөніндегі барлық қажеттілігін қамтамасыз ететін газ жөніндегі барлық перспективті құрылымдар көрсетілген; өкінішке орай, қайта құру дәуірінде бұл жоспарлар іске аспай қалды. Осы материалдарға қайта оралып, бүгінгі күннің позициясымен осындай бағдарламаның өзектілігі мен барлық перспективаларын қайта бағалаудың уақыты келген сыңайлы.
Маңғышлақтың көмірсутегі қорларын ары қарай игерудің перспективасы ғылыми әлемде, мұнай және газ саласы қызметкерлерінің бойында еш күмән үялатпайды. Бұған соңғы жылдардағы өткізілген бірқатар ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары дәлел. Осыған байланысты Ақтау қаласынан 45 км жердегі мұнай-газ өндіру зауыты құрылысының қажеттілігі туралы мәселе өз уақытында дұрыс және нық көтерілгеніне тағы да назар аудартқым келеді; Бозащы түбегі ауыр және бірегей мұнайының құрамынан ванадий мен молибден алуға болатын еді, Қазақстан әлі күнге дейін импорттайтын жоғары сапалы мотор майларын алуға болатын еді; автомобиль сұйық отынын айтпағанда авиациялық керосинге қажеттілік жөніндегі мәселе шешілуші еді.
Осындай зауыттың іске қосылуы алыс және жақын шетелге қымбат және болжап болмайтын логистикасымен экспорт жасағаннан гөрі дайын өнімді өткізу түріндегі шикізат берушілердің инвестиция шарттарын қайтару үшін бәсекеге қабілетті, лайықты бәсекелес бола алатын еді.
Бұл тәуелділік факторының бар-жоғын түсіну үшін маңызды, яғни жұмыспен қамтылмаған яғни отбасы қарауындағы адамдардың отбасындағы жұмыс істеуші жұмыскердің еңбекақысы деңгейі қысымына қаншалықты қатты әсер ететінін түсіну үшін маңызды.
Аймақтағы еңбекақы өсіміне қажеттілікке әсер ететін маңызды фактор – оның негізгі логистикалық маршруттары мен өнім өндірісі ошақтарынан алыстығы.
Судың жетіспеушілігі мен ауыл шаруашылығы үшін қолайлыз қуаңшылық климаты азық-түлікпен қамтамасыз ету тапшылығы мәселесін ушықтырады.
Барлық дерлік азық-түлік шалғайдан әкелінеді, тасымал шығындары сатылатын азық-түліктің өзіндік құнының басты бөлігін құрайды, Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда ең қымбат болып саналады.
Жеткізілетін азық-түлікке тәуелділік факторы сала бойынша еңбекақы төлемінің базалық жүктемесіне 1,7 көлемінде коэффициент төлеу арқылы Кеңес Одағы заманынан назарға алынғаны кездейсоқ емес.
Одақтың жоспарлы жүйесі еңбек пен табысты әділ бөлуге бағытталған еді. Осыған байланысты осы әдістің анықталған негіздемесіне күмән келтірудің қажеті жоқ деп есептеймін.
Статистикалық тұрғыдан біз сондай-ақ Жаңаөзен аймағы халқының денсаулығының нашарлауының негативті динамикасын байқаймыз.
Бүгінгі күні медицина қызметкерлерін жұмысшылардың кәсіби бағыттарына сай бірқатар ауруларына себеп-салдар байланысы мүмкіндігін, толықтай алғанда аймақтың экологиясына байланысты ауытқушылығы бар балалардың туылуы, жастар арасындағы өлім-жітім санының күн санап көбеюі қатты алаңдатады.
Шұғыл және нақты шараларды қабылдаудың кезек күттірмеуіне байланысты елордадан аймақтың өзіне шұғыл түрде ұлттық компаниялардың мұнай-газ салаларында қаржылық сипаттағы шешімдерді қабылдау жөніндегі ауыртпашылық орталығын көшіру мәселесін қарастыру қажет. Аталмыш тәсіл дербестікті арттырады, демек жұмыстардың нәтижелеріне жауапкершілікті ұлғайтады. Адамдардың өзіне деген және ел басшысына деген сенімін тудырады.
Маңғышлақ қойнауы тек қана көмірсутегіге ғана бай емес. Ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстар силистин мен бариттің өнеркәсіптік қорының бар екенін дәлелдеді. Саз балшықтың химиялық-физикалық құрамы Испания кафелінен артық болмаса кем болмайтын өзінің беріктігі мен тұтынушы қасиеті бойынша артық кафель сапасымен қамтамасыз етер еді.
Ғылыми және геологиялық әлемде Маңғышлақ түбегін әзілдеп қазына түбегі деп атауы тегін емес. Бұл жерде Менделеев кестесінің барлық минералдары мен түзілістерінің кездесетіні дәлелденген. Осындай қазыналарға барлық Қазақстан халқы Жаратушы сыйлаған киелі жердің бүкіл құндылығын лайықты бағалау үшін шаруашылық жөнінен ыждағаттылық пен байсалдылық танытуды заман талап етеді.
Ермек Марабаев
Астана, 23.04.2023