Petrocouncil бельгиялық мұнай сервистік индустрия өкілдерімен ынтымақтастық туралы келісті

Бельгияға сапар барысында Petrocouncil.kz Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің Хатшысы Асылбек Жәкиев жергілікті бизнес-ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

«Flanders Investment & Trade» фламанд бизнес қауымдастығының, Бельгияның ірі мұнай сервистік компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Атап айтқанда, өнеркәсіптік жабдықтар өндірісінде 200 жылдық тәжірибесі бар John Cockerill компаниясы қазақстандық компаниялармен байланыс орнатуға және бірлескен кәсіпорындар құруға дайын.