Тоқаев жергілікті өндірушілер үшін жағдай жасауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына барған сапарында өңір халқымен кездесті, кездесу уақытында ол мұнай-газ операторларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту мәселелері тралы ойын білдірді.

«2018 жылы үш ірі мұнай-газ операторларының қазақстандық тауар өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алу көлемінің балығы 34 % құрады. Бұл деңгей көптеген жылдар бойыөспей, бір орнында тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу кезінде.

Ол инвесторлармен жасалған келісімдер бойынша міндеттемелердің барлығын Қазақстан өз тарапынан орындайтындығын, алайда өз пайдасын толығымен алмайтындығын айтты.

«Біз жергілікті өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуға кедергі келтіріп отырған себептерді айқындап, оларды шешуіміз керек», – деп есептейді президент.

Мемлекет басшысының пікірі бойынша, барлығына тең шарттар ұсынатын жүйе құру қажет.

Президенттің сөздері бұдан бұрын осы мәселе бойынша ойларын айтқан сарапшылардың пікірлерімен де расталады.

Атап айтқанда, Атырауда ағымдағы жылғы 22 ақпанда Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесінің (Petrocouncil) ұйымдастыруымен өткен «ДСҰ құрамына кіргеннен кейінгіҚазақстанның мұнай-газ саласы» форумында «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Жергілікті қамту идеологиясын дамыту орталығының директоры Руслан Ыбырайымов Теңіз және Қарашығанақ сияқты ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтудың үлесі тиісінше 30% және 54% құрайтынын атап өтті.

Тағы бір сарапшы, Dasco Consulting Group компаниясының басқарушы әріптесі Дәрмен Сәдуақасовтың деректері бойынша, ірі мұнай-газ жобаларында тауарлар сатып алудағы жергілікті қамту үлесі орташа алғанда 10%-дан аз, олардың көп бөлігі – қарапайым ыдыссыз тауарлар (қиыршық тас, құм, ЖЖМ және т.б.).

Дәрмен Сәдуақасовтың есептеуінше, мұнай-газ жабдықтарының өндірісін жергіліктендіруде өсу үшін елеулі әлеует бар. Оның айтуынша, 2017 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі 4,5 трлн теңге, ал 2018 жылы – 6 трлн теңге құраған, бұл қазақстандық жабдықтар өндірушілер үшін өте үлкен нарық болып табылады.

Осы орайда, ол ҚР жер қойнауын пайдаланушыларының тауарлар сатып алу бойынша өзекті жоспарларын пайдаланушыларға ыңғайлы форматта алдын ала көрсетіп отыратын ақпараттық жүйе құруды ұсынады, бұл сатып алушылардың талаптарына бизнестің жақсырақ дайындалуына мүмкіндік берер еді.

«Жаңа жүйені енгізу барлық тараптардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді және Қазақстанда тауарлар өндірісін дамытуға көмектеседі», – деп есептейді Дәрмен Сәдуақасов.

Оның пікірінше, Энергетика министрлігіжер қойнауын пайдаланушылардың есептерін қабылдайтын қолданыстағы жүйе ыңғайсыз болып табылады, нарық субъектілері, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін өзекті ақпаратты еркін алу іс жүзінде қиынға түседі.