ТШО қазақстандық жеткізушілерді тарту үшін не істейді

«Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС- Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының бірі, ол жылына 28 млн тонна мұнай өндіреді. 1993 жылдан бастап 2018 жыл аралығында, яғни негізі қаланғаннан бері, кәсіпорын $28 млрд. асатын сомаға қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды.

«Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС бас директорының орынбасары Мұрат Мүқашев petrocouncil.kz хабарлағанындай, бүгінгі күнге тауарлар бойынша жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі «Ақтау декларациясын» орындау шеңберінде компания машинажасау саласындағы 7 ақырғы өнім бойынша әзірлемелерді жалғастыруда. Сөз фланец, фитинг, құбыр элементтері, жылу алмастырғыштар, шығыс материалдары, электр жабдықтары, клапандар және ұңғыма жабдықтары сияқты өнім түрлері туралы болып отыр.

Бұдан басқа, кәсіпорын сервистік индустриядағы техникалық қызмет көрсету, ұңғыма жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қалдықтарды басқару 3 бағытында әзірлемелерді қолдауды жалғастырып отыр.

Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлестікте ТШО жеткізушілерді дамыту бағдарламасын іске асырады. 2016 жылы ТШО 2 жылдық пилоттық бағдарлама енгізіп, оның шеңберінде кадрлардың әлеуетін дамыту және оларды оқыту бойынша жұмыс жүргізілді.  20-дан аса компания өз әлеуетін жақсартты. Шамамен, 200 бизнесмен үшін 4 оқыту тренингі өткізілді.

Соңғы 3 жыл ішінде қазақстандық мазмұнды дамыту шеңберінде компания, соның ішінде, төмен вольтті кабель, күштік  трансформаторлар, қуаттандыру трансформаторларын, беру желісіндегі трансформаторлар мен тиісті көмекші жабдықтар, қалқан жинақталымдары мен толық жинақталған қосалқы станциялар және т.б. сатып алды.

Мысалға, төменгі вольтті кабельдерді Павлодар қаласындағы қазақстандық компания жеткізді. Алдын ала компанияның техникалық және шаруашылық мүмкіндіктері, оның ТШО талаптарына сәйкес келу қабілеттері тексерілді.  Нәтижесінде компания барлық кемшіліктерді жойып, ұсыныстардың барлығын орындады.

«Компанияның өнім сапасы мен ҚТ бойынша көрсеткіштерді халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеруіне мүмкіндік берген оң тәжірибе алынды. Бір сынамалық тапсырыс және кейін тағы бір тапырыс орналастырылды. Компания$1 млн  жалпы сомаға төменгі вольтті кабельдер жекізілімін жүзеге асырды», – дейді Мұрат Мұқашев.

Осыған ұқсас түрде Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласынан тұтас пісірілген шарлы шүмек жеткізілімі жолға қойылды. Мердігер тапсырысты келешек кеңейту жобасының (КДЖ)  және ауыз қысымын басқару жобасының  (АҚБЖ) шеңберінде алды.

Негізінде, бұл қазақстандық жеткізушілерден тауар, жұмыс және қызметтер сатып алуды ТШО-ның қалай жүзеге асыратындығының толық емес тізбесі. Компанияда кәсіпорынның қазақстандық мазмұнын дамыту стратегиясының негізгі аспектісі жұмыс істеп жатқан ықтимал жеткізушілермен олардың халықаралық сапа мен мұнай-газ индустриясымен ынтымақтасу үшін сәйкес болу керек стандарттарды түсінуіне қол жеткізу мақсаттарында жұмыс атқару болып табылады деп есептелінеді.