Жаңа жылдық сыйлық: Сарыарқа магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді

2019 жылғы 27 желтоқсанда «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталып, газ құбыры пайдалануға берілді.

Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбыры еліміздің Елордасын, орталық және солтүстік өңірлерін отандық көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойына жақын орналасқан 171 елді мекендердің шамамен 2,7 млн. тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді.

Аталған газ құбырын салу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты Қазақстан халқына жолдауының аясында және «Сарыарқа магистральдық газ құбыры құрылысын уақтылы аяқтау туралы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық.Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

2018 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Телекөпір барысында газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті. Ағымдағы жылғы қаңтарда техника мен адамдарды жұмылдыру, наурыз айында газ құбырын дәнекерлеу жұмыстары басталды. Құрылыс барысында 1 мыңнан астам техника және шамамен 2 мың адам жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар, құрылыс барысында отандық өндірушілер барынша жұмылдырылды. Бас мердігер – отандық «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы. Ілмекті арматура және кран тораптарымен жергілікті өндіруші «Бемер Арматурен Қазақстан» компаниясы, ал автоматтандырылған газ тарату станцияларымен «Батыс Мұнай Газ жабдықтары» компаниялары қамтамасыз етті.

Нормативті мерзіммен салыстырғанда айтарлықтай қысқа мерзімде 1061,3 километр газ құбыры, 5 бірлік қуатты автоматтандырылған газ тарату станциясы, сондай-ақ газ өлшеу станциясы салынды.

Бұл жұмыстың үйлесімділігін және біздің мамандарымыздың жоғары кәсіби даярлығын, құрылыс барысында пайдаланылған технологиялардың инновациялығын көрсетеді.

Тұтастай алғанда жобаны іске асыру мультипликативті әсер әкелетінін, шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сондай-ақ газ құбыры бойындағы өңірлердің инфрақұрылымын дамуына серпін беретінін атап өткен маңызды.

Табиғи газды отын ретінде пайдалану ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді, халықтың өмір сүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Бұл Үкіметтің негізгі міндеті болып табылады.

Жалпы еліміздің орталық және солтүстік өңірлеріне табиғи газдың келуі еліміз үшін елеулі тарихи оқиға.

Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
2018 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Телекөпір барысында газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті. Ағымдағы жылғы қаңтарда техника мен адамдарды жұмылдыру, наурыз айында газ құбырын дәнекерлеу жұмыстары басталды.

Құрылыс барысында 1 мыңнан астам техника және шамамен 2 мың адам жұмысқа тартылды.