Қазақстан шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттар беруді тоқтата тұрады

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді тоқтата тұруды тапсырды.

Тыйым коронавирустық инфекция деңгейі қолайсыз елдердің азаматтарына таралады.

«Сондай-ақ коронавирустық инфекцияны тарату бойынша қолайсыз жағдайға ие елдер үшін транзиттік электрондық туристік визаларды беруді тоқтата тұру керек», – деп толықтырды ол.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне коронавирус белсенді тарап жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектеу тапсырылды.

«Сондай-ақ біздің фармацевтикалық кәсіпорындарда медициналық маскалар мен басқа да қорғаныс құралдары өндірісін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігіне барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту және іс-қимыл алгоритмінде жоспарланған іс-шараларды іске асыруға дайындықты қамтамасыз ету туралы бұйрық берілді.

«Өңірлер әкімдіктері мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда, әсіресе мектептерде, оқу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейтуі қажет. Ақпарат министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп алдын алу шараларын түсіндіру бойынша халықпен сапалы ақпараттық жұмыс жүргізуі керек», – деп түйіндеді министрлер кабинетінің басшысы.