Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін өздігінен басқарылатын ұшақтар шығарылатын болады

Жоба өздігінен басқарылатын ұшу аппараттарын (ӨБҰА) жөндеу және олардың сервисі сұрақтары бойыншареспубликаның шетелдік өндірушілерге тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан авиация индустриясы» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде «Elbit Systems Ltd.» компаниясымен (Израиль) ӨБҰА құрастыру, шығару және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасасты», – деп хабарлайды «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ.

Бұдан басқа, «Elbit Systems Ltd.» тауарлық белгісін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға айрықша құқықты табыстау жөніндегі лицензиялық келісімге қол қойылды.

«Қазақстан авиация индустриясы» компаниясы – бұл «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС-нің әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді және жаңғыртуды орындайтын бірлескен кәсіпорны.

«Бұл жоба біздің ӨБҰА іске асыруымызға ғана емес, сол сияқты өздігінен басқарылатын ұшақтарды жөндеу және олардың сервисі сұрақтары бойынша басқа елдерге тәуелділігімізді төмендетуімізге де мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл бізге отандық білікті персонал қалыптастыру және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігін береді», – дейді «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Қуаныш Бішімов.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, Қазақстанда өздігінен басқарылатын ұшақтарды ықтимал сатып алушылар арасында сауалнама жүргізілген, олардың қатарында ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, сонымен қатар мұнай-газ саласының компаниялары бар. Зерттеу нәижелері бойынша, «отандық өндірісті және жергіліктендірілген техникалық қызмет көрсетуді құрған жағдайда аталған өнімге қызғушылық бар» екендігі айқын болды.

Бұл ретте өздігінен басқарылатын ұшақтарды әзірлеу және экспорттау облысындағы нарықты халықаралық талдау бұл өнім нарығының тұрақты түрде өсуін көрсетеді.

Қуаныш Бішімов кәсіпорынның ұшу аппараттарына қызмет көрсету, оларды жөндеу және жаңғырту бойынша еліміздегі ірі орталыққа айналуы тиістігін атап өтті. Келешекте қазақстандық өнімдерді экспорттау да жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін ӨБҰА шығаруға арналған жабдықтардың, тораптар мен агрегаттардың бірінші жеткізілімі күтілуде.