2015 жылдан бастап 100-ге жуық студент ЭМГ өндірістік объектілерінде дуалды оқудан өтті

4 жылдан бері компания мұнай және газ саласы үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған жоғары және орта оқу орындарының студенттеріне арналған дуалды оқыту бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді », – деді «Ембімұнайгаз » АҚ (ЭМГ) Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

2015 жылдан бастап 97 студент ЭМГ өндірістік нысандарында дуалды оқытудан өтті. Оның ішінде 20 адам – АПЕК ПетроТехникалық жоғары колледжінің студенттері, 73 адам – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері, 4 адам – Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің студенттері. «Бізден өндірістік тәжірибені аяқтаған тағылымгерлердің жартысынан көбі тестілеу нәтижесінде компанияға жұмысқа қабылданды», – деді Әнуар Жақсыбеков сөйлеген сөзінде 1 қыркүйекте Атырауда өткен ғылыми конференцияда.

Оның айтуынша, жақын арада компания дуалды оқытудан өткізетін  оқу орындарының тізімін кеңейтеді. «Ембімұнайгаз» С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжімен өндіріс пен компанияға енгізілетін жаңа технологияларын оқытушылар құрамына зерделеу мақсатында осы ақпаратты әрі қарай оқу процесіне енгізу үшін меморандумға қол қоюға дайындалып жатыр.

ЭМГ басшысы атап өткендей, 2012-2018 жылдары компания республикалық және жергілікті бюджетке 897 млрд. теңгеден астам сомада салық төледі, аймақтық инфрақұрылымды дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда кәсіпорын жұмысшыларының саны 5 мыңнан асады.